Бизнес-ойлау психологиясы



бет19/188
Дата24.07.2022
өлшемі4,9 Mb.
#37886
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   188
Байланысты:
МУ Основы пред-ва 03102019 каз

3-тапсырма
Енді біз "Идеялар матрицасы" атты ойын ойнаймыз.
1. Өткен сабақта қалыптасқан командалардағы әр команда мүшесіне бір-бірден оқытушы ұсынған карточкаларды таңдаңыз.
2. Сіздің топтың карточкаларында қандай заттардың (құбылыстардың) атаулары көрсетілген? 10 минут ішінде сіздің команда мүшелерінің барлық карточкаларының мазмұны негізінде бизнес үшін жаңа идея ойлап табыңыз.
3. Өз жобаңызды класқа таныстырыңыз (3 минут).
4. Енді сіздің бизнес-идеяңыз болған кезде, оны іске асыру үшін сізге қандай ресурстар қажет деп ойлаңыз. Бастапқы салымдар үшін қанша ақша қажет болады, сіздің командада қанша адам болуы керек, сіз өз араңызда міндеттерді қалай бөлесіз, қандай құрал-жабдықтар қажет және т. б.? Командалық жұмысты тағы бір рет жүргізіп, өзіңіздің бастапқы идеяңызды ертең іске асыра алатындай етіп қайта қарап шығыңыз.
5. Ал енді ойынның осы кезеңінде пайда болған бизнес-идеямен өміріңіздің алдағы 20 жылы бойы айналысатыныңыз туралы көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Ойланыңыз, сіз оған дайынсыз ба? Неліктен? Сіздің идеяңызда тағы нені қайта қарауға болады? Оны қалай жақсартуға немесе өзгертуге болады? Енді сіздің оны толығымен қайта қарастырғыңыз келуі мүмкін. Тағы бір топтық жұмыс жүргізіп, соңғы жағдайды ескере отырып, сыныпқа жаңа жобаны ұсыныңыз. Икигай принциптері мен қазіргі нарықтың трендтерін ескеруді ұмытпаңыз(клиентке бағдарланушылық).
Сізге ойынға арнап ішкі жағына қарапайым сөздер жазылған 15-20 қағаз дайындау керек. Ол мынадай сөздер болуы мүмкін: бәтеңке, жүк көлігі, магнитофон, мылтық, кілем, дәптер, сақина, сиыр, телефон, пышақ, картон, банан, бояу, кесе, пернетақта, таблетка. Сіз сондай-ақ сөздерді өзіңіз ойлап таба аласыз, ең бастысы, бұл физикалық затты білдіретін зат есімдер болуы керек. Команданың кездейсоқ қатысушысы бір қағазды суырып алады, мысалы, ол "пернетақта" деген сөзді оқиды. Комнаданың кездейсоқ қатысушысы қағаздар тобынан тағы да бір қағазды суырып алады. Мысалы, онда "таблетка" деген сөз шықты. Сөздер бір-бірімен мағынасы жағынан да, басқаша да байланысты болмауы қажет.
Әрбір топтың міндеті — 10 минут ішінде карточкалардағы бір-бірімен байланысы жоқ заттардың қасиеттері мен сапасын пайдалана отырып, бизнестің жаңа идеясын ойлап табу (біздің мысалымызда - "таблетка" + "клавиатура"). 10 минуттан кейін әрбір топ өз жауабын 3 минут ішінде таныстырады.
Таңдалған сөздерден команда бизнес-өнім — пернелердің орнына таблеткалары бар клавиатураны ойлап табуы мүмкін, онда әрбір перне микротесіктермен жабдықталған, олар арқылы, пернені басқанда, саусақтың терісінің құрылымын нығайтатын витаминнің порциясы бөлінеді.
Басқа команда таблетка қабылдау кезектілігін есте сақтай алмайтын адамдар үшін клавиатуралар түріндегі таблетка ойлап табуы мүмкін. Дәрігер пациентке "тез жазыл" деген сөз формасында таблеткалар курсын белгілейді. Бірінші күні пациент "Т" әрпін, екіншісі — "Е" және т. б. қабылдайды.
Студенттер ойын нәтижесінде олардың әрқайсысы 10 минут ішінде өзара байланысы жоқ екі сөз негізінде бизнес үшін 6 жаңа идея таба алатынын түсінуі тиіс. Бұл - жаңа бизнес-идеяны құру кез келген креативті ойлай білетін адамның қолынан келеді деген түсінікке әкелуі керек. Сондай-ақ оқушылар идеяларды әзірлеу барысында командалық жұмыстың артықшылықтарын бағалауы тиіс.
Сіздің алдыңызда бизнес-идеяны ойлап табу міндеті тұрған кезде, ол қарапайым шаруа сияқты болып көрінді ме? Сіз көптеген қызықты және креативті идеяларды жария еттіңіз. Жағдай күрделенген кезде және сіз өзіңіздің идеяңызды қалай жүзеге асыру керектігін ойлау қажет болған кезде, сіздің бастапқы идеяңыз трансформациялана бастады, оңайлату жолымен жүрді. Сіз ойлап тапқан бизнесіңізді жекеменшік ретінде қабылдағанда, онда көп нәрсені өзгерткіңіз келді. Кәсіпкер оның басында идея пайда болған сәттен бастап оны түпкілікті іске асыруға дейін дәл осындай жолдан өтеді. Сіздерді құттықтаймыз! Енді сізде көптеген түрлі факторларды ескере отырып, бизнес-идеяларды трансформациялау тәжірибесі бар.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет