SmartSatu В2В платформасы өзара тәуелді бизнесті біріктіреді: азық-түлік дүкендері, тауар өндірушілер мен жеткізушілері. Өнім жеткізушілер тауарларды жариялайды, ал сауда орындары өнімді таңдап, тапсырыс береді. Тапсырыстар тәулігіне 24 сағат онлайн қабылданады, яғни дүкен өнім жеткізуші компаниялардың жұмыс режиміне тәуелді болмайды. Осылайша өтінімдер тез өңделеді, ал өнімді есепке алу электронды түрде қалыптасып келе жатыр. Стартап негізгі өнім өндірушілермен әрекеттестік жасайды және Seedstars CEE халықаралық конкурсында 1-ші орынға ие болды.
В2В-SmartPay сервисі - бөлшек сауда дүкендерінде қолма-қол ақшасыз төлеуге арналған шағын терминалдар. Сатып алу үшін дүкен деректемелері бар QR-кодты сканерлеу, банк бетіне өтіп, төлем картасының мәліметтерін енгізу қажет. Технология тұрақты және мобильді төлем құрылғыларынан әлдеқайда арзан: бағасы 9900 теңгеден басталады. Қарапайым POS-терминал 95 000 теңге тұрады. Төмен баға мен қолжетімді технологияның арқасында тіпті шағын аулалық дүкендер қолма-қол ақшасыз төлем қабылдай алады. Терминал ұялы байланыс ұстайтын барлық жерде жұмыс істейді.
"Қазақтелеком" АҚауылдық елді мекендерді талшықты-оптикалық байланыс желілерінің технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету үшін B2B, B2C, B2G секторларында жұмыс істейді. "Қазақтелеком" талшықты-оптикалық желілерді салады, оларға мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдарды қосады және келісілген сапалық сипаттамалары бар қызметтерді қамтамасыз етеді. Өз кезегінде мемлекет ұсынылатын қызметтерді бекітілген тарифтер бойынша қаржыландырады. Бұл жобаның идеясы: мемлекеттік тапсырыс беруші құрылыстың өзін инвестицияламайды, ол қызметтерді кейіннен тұтынуға және олардың төлеміне кепілдік береді.
4-тапсырма Енді бизнестің әр түрлі түрлері үшін өзіңіз 3 мысал келтіріп көріңіз: 1) B2C тауарлары, 2) B2C қызметтері, 3) B2B тауарлары, 4) В2В қызметтері, 5) B2G тауарлары немесе қызметтері.