Қапталған тұтыну тауарлары (дүкенде сатып алуға болатын, тұтынушыларға үнемі қажет және жиі сатып алатын: азық-түлік өнімдері, тұрмыстық химия, гигиена құралдары және т. б.)
Өткізуді ынталандыру
Жарнама
Жұртшылықпен байланыс
Жеке сату
Ұзақ уақыт пайдаланылатын тұтыну тауарлары (тұтынушылар бір рет сатып алып, ұзақ уақыт пайдаланады: тұрмыстық техника, ыдыс және т. б.)
Жарнама
Өткізуді ынталандыру
Жұртшылықпен байланыс
Жеке сату
Қызметтер
Жұртшылықпен байланыс
Жеке сату
Жарнама
Өткізуді ынталандыру
Өндірістік мақсаттағы өнімдер (яғни, станоктар, жабдықтар және т. б.)
Жеке сату
Жұртшылықпен байланыс
Жарнама
Өткізуді ынталандыру
1-тапсырма
Маркетингтік коммуникациялардың маңыздылығы тауарлардың келесі түрлері бойынша неліктен дәл осылай бөлінгенін ойлап көріңіз және түсіндіріңіз (жоғарыдағы кестені қараңыз).
ЖАРНАМАДАҒЫ ЗАМАНАУИ ҮРДІСТЕР
Қазіргі заманғы нарық классикалық ATL - және BTL-коммуникациялардан басқа, event-marketing, вирустық маркетинг және партизандық маркетинг сияқты креативті маркетингтік шешімдерді пайдаланады.
Оқиғалар маркетингі ( Event Marketing) - қандай да бір маңызды оқиға арқылы компания мүддесін алға бастыру тәжірибесі: шынайы немесе ойдан шығарылған, кеңінен танымал немесе нақты бір компания үшін құрылған. Оқиғалар маркетингі – есте сақталып қалатын ғана емес, бірқатар жағдайларда жаңалық бола алатын арнайы іс-шаралар мен акциялар кешені.
Вирусты маркетингкеадамдардың айналасындағылармен ақпаратпен бөлісу әдеті жатады. Оның әдістерінің мәні - қызметтерді немесе тауарларды сатып алған тұтынушылардың олар туралы өздерінің достарына және таныстарына айтып беруіне, осы арқылы "жарнамалаушы" болуына жағдай жасау.
Вирустың автономды таралуы бірінші қараған-оқыған адам екіншісіне жіберетін сілтеме арқылы іске асырылады. Вирусты маркетингті газеттерге, содан кейін теледидар экранына өздері туралы қауесеттер мен өсек тарататын шоу-бизнес жұлдыздары белсенді пайдаланады. Содан кейін оқиғаны қатардағы адамдар қағып алып, оны бір-бірімен талқылайды.
Бүгінде вирустық маркетинг тарату үшін жаңа арна тапты, ол - интернет, ол жерде пайдаланушылар бір-бірімен видео, фотосурет, сүйікті музыкаларын алмасады. Блогтар, форумдар, қауымдастықтар, әлеуметтік желілер - жарнама вирусының "көбеюі" үшін бұдан артық жерді табу қиын.