Бөж тақырып. Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі стандарттарын енгізу


 Типтік және топтық технологиялық процес (операция) үшін құжаттар комплектілігі және  оларды тіркеуге жалпы талаптар



бет25/31
Дата09.05.2022
өлшемі79,92 Kb.
#33350
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
24. Типтік және топтық технологиялық процес (операция) үшін құжаттар комплектілігі және  оларды тіркеуге жалпы талаптар.

 

Топтық және типтік процестердегі құжаттардың комплектілігі ГОСТ 14.004 байланысты тағайындалады. Құжаттарды рәсімдеу ГОСТ 3.1102 бойынша жүргізіледі.



Топтық және типтік процестер үшін әзірленетін және рәсімделетін құжаттар жиынтығы бұйымды немесе оның құраушы бөлігін дайындау және жөндеу бойынша келесідегідей бөлінеді: негізгі , қосымша , толық.

Топтық және типтік процестердің негізгі құжаттар жиынтығы процесті орындау үшін жеткілікті және қажетті болып табылатын құжат.

Негізгі құжаттар жиынтығында техникалық нұсқау, еңбекті қорғау бойынша нұсқау, кәсіпорын стандарттары, типтік операциялар картасы ескерілмейді.

Топтық және типтік процестердің негізгі құжаттар жиынтығы бір немес бірнеше техникалық әдістерді қамтуы мүмкін.

Негізгі құжаттар жиынтығы өндіріс типіне, құжаттарды әзірлеу кезеңіне және техникалық процесті нақтылай жазбалау дәрежесіне байланысты таңдалынады.

Қосымша құжаттар  жиынтығы топтық және типтік өндіріс үшін келесілер болып табылады: технологиялық нұсқаулар, техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулар, типтік операциялар картасы.

Қосымша құжаттар жиынтығы негізгі құжаттар жиынтығымен бірлесе отырып, процестің қажеттілігін қамтамасыз етуі тиіс. Қосымша және негізгі құжаттар жиынтығы топтық және типтік процестердің толық құжаттар жиынтығын құрайды.

Топтық және типтік процестердің құжаттар жиынтығын рәсімдеуде ГОСТ 3.1104 жетекшілікке алынады. Онда құжаттарды рәсімдеу ережелерді, техникалық ақпараттарды жазу ережелері жан-жақты қарастырылған.

Технологиялық процестердің құрамына кіретін бағалы металдарды дайындау мен жөндеу бойынша құжаттарды әзірлеуде технологиялық қалдықтарды жинау мен өткізу операциялары да қамтылуы керек. Топтық және типтік процестер үшін құжаттардың жиынтығын кәсіпорын стандарттарымен салалық нормативті–техникалық құжаттар талаптарына сәйкес орнатады. Құжаттарды дайындау мен рәсімдеуде негізгі құжаттарды бөліп көрсету керек Негізгі құжаттар  бойынша , яғни маршруттық карта немесе топтық және типтік процестердің картасы процесті толық ашатын бір немесе бірнеше әдістерді қамтыған жазбадан құралады.

Негізгі құжаттар жиынтығын таңдау қолданылатын техникалық әдістер мен ЕСТД стандарттарының талаптарын және жұмыс орнындағы құжаттардың пайдалану ыңғайлығын ескере отырып құжатты әзірлеушімен орнатылады.

Жұмыс орнында қолдану үшін тағайындалған құжаттар техникалық жабдықтың, техникалық режимнің материал мен еңбек шығынының нақты байланысын қамтитын жеке-жеке операцияларды көрсету керек. Сондай-ақ жұмыс орнында қолдану үшін тағайындалған құжаттар жалпы сипатта болуы тиіс. Аталынған құжаттар бойынша технологиялық процестер үшін салалық стандарттарды бұйым немесе оны құраушы бөліктерін әзірлеу мен жөндеу операцияларының әдістерін айтуға болады.

Ақпараттық тағайындалған құжаттар негізінде келесілер әзірленеді: топтық және типтік процестер үшін құжаттардың жиынтығы, бірлік технологиялық процесс үшін құжаттар жиынтығы.

Бірлік технологиялық процесс үшін құжаттар жиынтығы электронды тасымалдағыштарда әзірленуі мүмкін. Технологиялық процестердің құжаттар жиынтығы нақты процестерді немесе операцияны көрсететін және ондағы қолданылатын жұмыс орнының бағытын қамтуы керек.

Топтық және типтік процестерді әзірлеуде маршруттық, операциялық жазбалар, маршруттық операциялық жазбалар қолданылады. Маршруттық жазбаны қолдануда операциялар құрамында келесілер қолданылу керек:

1)   Бұйымды немесе оның құраушы бөліктерінің барлық тобын сипаттайтын дайындау мен жөндеу бойынша жалпы іс-әрекеттер

2)   Әрбір операция үшін аралық және соңғы сипаттама беретін орындалушы өлшемдердің шартты белгіленуі келесідегідей:

-  Дайындаманы кесу

-  Бірінші бетті өлшемдерін жону

-  Үшінші бетті өлшемге жону

-  Екінші бетті өлшемге жону

-  Төртінші бетті жону, фаска ою.

Маршрутты жазба топтық және типтік технологиялық процестерде, слесарлық құрастыру және т.б. процестерде қолданылады. Топтық және  типтік технологиялық процестер үшін арнайы техникалық әдістерді қамтыған жазбаларды қолдану болып табылады. Мұнда берілген операция үшін техникалық режимді толық қамтитын ақпараттарда көрсетіледі. Сондай–ақ маршруттық картада бұйымның немесе оның құраушы бөліктерінің еңбек шығынын технологиялық жабдықталуында көрсетуге болады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет