113
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
ҒЫЛЫМЫ
МЕН
Ө
М
ІР
І •
НАУКА
И
ЖИЗНЬ
КАЗАХСТАНА
•
SCIENCE
AND
LIFE
OF
KA
ZAKHST
AN
ген сүйіспеншілік сезімі мен өмірлік ұстанымын
қалыптастыра білген. Егеменді еліміздің тәуел-
сіздігі де біз үшін бабалардан қалған аманат бо-
латын. Бүгінде егеменді еліміз бабалар аманатын
абыроймен ақтап, бәсекеге барынша қабілетті
елу елмен терезесін теңестіруді мақсат етіп отыр.
Қазақ қоғамының тарихында ата-бабаларымыз
нәресте жастағы, бала-бақша жасындағы және
мектеп жасындағы балалардың жасына қарай
отбасында әртүрлі амалдармен тәрбиелеп кел-
ген болатын. Сондай отбасы, ауыл-аймақ тәр-
биесінде өсіп, қазақ халқының қаймағына ай-
налған асыл азаматтар аз болмаған. Олардың өз
заманында қазіргі кездегі білім беру, оқыту және
тәрбиелеу жүйелерін армандағаны ақиқат. Де-
генмен, олар ата-бабаларымыздан қалған салт-
дәстүр, әдет-ғұрып қағидаларының тәрбиелік
мәнін терең түсініп, ғұмырлық нәр ала білген.
Бүгінгі қалыптасқан белгілі ғылыми-теориялық
заңдары бар педагогика ғылымы өмірге келген-
ше де адамзат баласы салт-дәстүр, әдет-ғұрып
қағидаларына негізделген тәрбие ісімен айна-
лысып келген болатын. Оның қағазға жазылып
түспеген, бірақ халық жадында мәңгі сақталып,
ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша на-
қыл-ақыл, өсиет-өнеге, көңілге қонымды қағи-
да болып тарап келген білім-білік, тәлім-тәрбие
беру сияқты тағылымдары жетерлік.
Бүгінгі қол жеткен жетістіктеріміздің бәрі
көне замандағы игіліктермен тығыз байланыста,
өйткені жаңа игі қадамды өткен ғасырлардағы
рухани мұраларды меңгеру арқылы ғана жа-
сауға болады. Әрбір жаңа ұрпақ өзінің әрекетін
қоғамның белгілі жағдайларына, материалдық,
рухани шарттарына байланысты бастайды. Сон-
дықтан, біз осы мақаламызда өткен заманғы ата-
баба дәстүріндегі рухани мұралар мен қазіргі за-
манғы білім беру үрдісіндегі озық тәжірибелерді
өзара ұштастыру арқылы балаға тәлім-тәрбие
беру жүйесіне деген қазіргі қоғам қажеттілік-
терін көпшілік назарына ұсынғанды жөн көріп
отырмыз.
Баланың жасына қарай тәлім-тәрбие беру жү-
йесін саралау үшін қазақ этнопедагогикасының
озық тәжірибелеріне сүйеніп, рухани құндылық-
тардан бастау алған жөн деп санаймыз. Өйтке-
ні, қазақ этнопедагогикасы -ғылымдағы барлық
өркениетті елдердің этнопедагогикалық құнды-
лықтарын бойына сіңіріп, этникалық ерекшелік-
терімен айқындалып, дами беретін ұлттық тәлім-
тәрбие туралы ғылым. Осы орайда профессор
С.Қалиев: «Қоғамның дамуы, халықтар мен ұлт-
тардың интернационалдық байланысы ұлттық
психикаға игі әсерін тигізіп, бірнеше ұлтқа ортақ
интернационалдық мазмұнды салт-дәстүрлер-
дің пайда болуын туғызады» [Әл-Фараби, 1975]
десе, «Қазақ халықтарының этнопедагогикасы»
деген ғылыми еңбегінде профессор К.Қожахме-
това Қазақстанда тұратын халықтардың этнопе-
дагогикалық ерекшеліктері болғанмен, олардың
ортақ белгілері, ортақ мақсаттары этнопедагоги-
калық құндылықтарды толықтырып отыратынын
дәлелдеп көрсетеді [Жарықбаев Қ., 1994]. Акаде-
мик Г.Н.Волков өз сөзінде: «Поклянемся мыслен-
но друг другу оставаться всем вместе в едином
этнопедагогическом пространстве – вместе с
нашими предками и потомками» – деп, қазақ эт-
нопедагогикасының құндылықтары жалпы этно-
педагогикалық кеңістікте өзінің бұрынғысымен
және болашағымен бағалы екеніне мән береді
[А.Егеубай, 1998; Қоңыратбаев Ә., 1993; ҚР Пре-
зиденті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауы, 2006]. Этнопедагогикалық құндылық-
тар халықаралық үйлесім, келісім, интеграция
(сіңісу), ұлттық діл (менталитет), мәдени байла-
ныс, этногенездік байланыстар, көпмәдениетті-
лік құрылым теориялық-практикалық үрдістерге
этнопедагогикада ұлттық (этностық) ерекшелік-
терді толыстырып, толықтырып отырады.
Қазіргі таңда «бүгінгі бала, ертеңгі болашақ»
– демекші бала тәрбиесі мемлекет деңгейінде
қолға алынуда. Балалар сәби шағынан ер азамат
жасына жеткенше бірнеше аумалы-төкпелі ке-
зеңдерден өтеді. Сол кезеңдердің әрбір шағын-
да олардың жас шамасын ескере отырып, тиісті
тәлім-тәрбие беру қажет. Елімізде мемлекет та-
рапынан «Балапан», «Ана мен бала» бағдарла-
малары бойынша бірқатар іс-шаралар атқары-
луда. Осы бағдарламаларда да баланы тәрбие-
леуде оның жас ерекшеліктерін ескеру мәселесі
кеңінен қарастырылған. Бала-бақшаларда тәр-
биешілер әр топтағы балалардың жасына қарай
ертегілер айту, өлеңдер жаттату және өнерге
баулу жұмыстарын жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: