116
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
ҒЫЛЫМЫ
МЕН
Ө
М
ІР
І •
НАУКА
И
ЖИЗНЬ
КАЗАХСТАНА
•
SCIENCE
AND
LIFE
OF
KA
ZAKHST
AN
дік, ашық жарқын көңіл мен кеңпейілділік, өзге
нәсілді адамдарға деген достық және сыйлас-
тық көзқарас, қонақжайлық пен пайымшылдық
сияқты қасиеттер тән. Сондай-ақ олардың бо-
йында өзге де мінез-құлық сипаттары бар. Бұл
орайда қазақтардың өз жері мен Отанына, туған
еліне деген шексіз сүйіспеншілігі, мал шаруашы-
лығымен айналысуға икемдігі, меймандостығы
мен балажандығы, өмірдің қиыншылықтары
мен әділетсіз істерге төзімділігі, сөз өнерін ар-
дақтауы, шешендік қабілеті, еңбексүйгіштігі мен
шыдамдылығы олардың жалпы ұлттық қасиет-
тері болып табылады.
Біз бүгінгі таңда өткен тарихымыздағы мә-
дени мұраларымызды парасатты түрде дәріп-
теп, оның баға жетпес рухани құндылықтарын
өзгелерге көрсете алмасақ, онда біз өркениетті
елдер құрамына еніп, өзіміздің бәсекеге барын-
ша қабілетті халық екенімізді таныта алмаймыз.
Білім беру мен тәрбие ісінің теориялары өмір тә-
жірибесімен тығыз ұштасқанда ғана адам қаже-
тін толық өтей алады. Ол жөнінде XVII—XVIII ға-
сырларда өмір сүрген Я.А. Коменский «Ағайын-
ды чехтарды тәрбиелеудегі» халықтық дәстүрдің
жақсы нәтижелеріне сүйене отырып, баланы
жастайынан еңбекке және жақсы мінез-құлыққа
тәрбиелеудің жолдарын көрсетіп берді.
Қазақ халқының салт-дәстүрі – талай ғасыр-
лардың жемісі. Оның тамыры тереңде. Салт-дәс-
түр халқымыздың рухани дүниесі қалай дамы-
ғанының сырт көрінісі ғана емес, сондай-ақ бү-
гінгі мен кешегіні байланыстырушы алтын көпір.
Осындай мұраларды ескере отырып, біз бала
тәрбиесіндегі төл мәдениетіміздің мәйегін тамы-
ры тереңде жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз-
дің рухани құндылықтарынан алуды жөн көрдік.
Төл мәдениетінен нәр алған жастардың бола-
шақта еліміздің өсіп-өркендеуіне, стратегиялық
дамуына зор үлес қосарына сеніміміз мол.
Достарыңызбен бөлісу: