КІРІСПЕ Әдебиет– халық тарихының көркем суреті.
Шежіресі. Тарих ғылымы атқаруға тиісті міндет,
миссияны көп реттерде әдебиеттің атқаратыны
жасырын емес.
Қазақтың бай тарихында ең бір ауыр да күр-
делі, қиын кезең – ХІХ ғасырдың екінші жартысы
мен ХХ ғасырдың басы. ХVІІІ ғасырдың кезінен
бастап, Ресей империясына бодан болу үдерісі
түрлі тарихи, саяси, қоғамдық-әлеуметтік жағ-
дайлардың арқасында алып империя тарапынан
барынша кеңінен көсіліп, отарлау саясатын же-
дел жүргізуге мүмкіндік бере қоймады да, ХІХ ға-
сырда Орта Азия жерінде бірнеше мемлекеттер-
дің (Ресей және Еуропа мемлекеттері) мүддесі
тоғысқандықтан, отарлау ісі қарқынды жүргізіл-
ді. Ресейден халық арасында «Қарашекпен» де-
ген атауға ие болған келімсектер Қазақстанның
барлық өңірлеріне, әсіресе, егін шаруашылығы
мен мал өсіруге қолайлы Орталық Қазақстан өл-
кесіне жаппай келе бастады. Жаппай орыстан-
дыру саясаты белең алды. Ата-баба дәстүрі, ұлт-
тық болмыс табанда тапталды. Шіркеулер бой
көтерді. Шығыс елдері, мұсылман әлемі шетқақ-
пай болды. Жер-су атаулары жаппай орыс атау-
ларымен атала бастады.