Болат мырзалиев


Ел  басқару  жүйесіндегі  өзгерістердің  тұ-



Pdf көрінісі
бет201/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   395
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана 4 6 2020

Ел  басқару  жүйесіндегі  өзгерістердің  тұ-
тастай халыққа оңай тимесін, ұлт тағдырына 
сызат түскенін ашына жырға қосқан ақындар 
тарихтың  қалауы  болатын.  Тарих-ана  тол-
ғатып, рухқа үндеу тастайтын, өткір тілімен 
санаға сыналап кіріп ой салатын ақындарды 
тудырды. Жоғарыдағы өлең жолдарынан да 
осыны аңғаруға болады. Ақынға қорқыныш 
тудырған  «заманақырдың»  келесі  сипаты 
қандай? Ойды түйдек-түйдегімен төгіп-төгіп 
жіберген ақын әуелі заман көрінісін сипаттап 
келіп, «сол себептен қорқамын» деп логика-
лық түйіндеп отырады.
Қыс көбейді – жаз аз боп,
Бай таусылды – мал аз боп.
Ағайынын көре алмай,
Атаға бала араз боп,
Қорлықпен өткен күніміз.
Кетер ме деп дініміз,
Сол себептен қорқамын [Бес ғасыр жырлай-
ды, 1989, 193 б.].
Ен далада айранын ұрттап, қойын құрттап ер-
кін өскен, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын атадан ба-
лаға  жеткен  асыл  мұрадай  көзінің  қарашығын-
дай сақтаған қазақ бар байлығы – ұлттық ділінен 
айырылса, не болмақ? Ұлттық мінез ұсақталып, 
қазақ  Қазыбек  бабамыз  дәріптеген  қасиетінен 
айырылып бара жатса, ақын толғанбағанда кім 
толғанады?  Ұлттық  құндылықтармен  қоса  діні-
нен айрылса, не болмақ? Отаршылардың сұрқия 
саясаты  торын  құрып  жатыр.  Тап  бір  жегі  құрт 
тәрізді ақырын үңгіп, жеп жатыр. Қазақты қол-
дан  келсе,  қылғымай-ақ  жұтар  еді.  Ол  мүмкін 
емес. Енді рухани дүниеге қол салып, рухани жа-
ғынан аздырып-тоздырса, одан артық апат, одан 
артық трагедия болмақ емес. ХІХ ғасыр тарихын-
да дейін мұндай сұмдықты көрмеген халықтың 
халықтығына,  көздің  қарашығындай  сақтаған 
асылна құрт түсті. 
Қорытынды
Шортанбай  ақын  жырларының  құндылығы 
–  заман  ағымын  дәл  бағамдай  білгенімен  өл-
шенеді. Осының бәрін зар заман ақындары дер 
кезінде түсінді. Заман келбетін дәл ақындардай 
анық  кескіндеп  берген  ешкім  жоқ.  Елде  ұрлық 
пен  парақорлықтың,  өсек  пен  жалақорлықтың 
көбейіп, ұлы атасын сыйламаған, атасы батасын 
бермеген  әлеуметтік  құбылысты  заманақырға 
теңеген Шортанбай оның себебін патша өкіме-
тінің отарлау саясатынан іздейді. Өмірлік көзқа-
растары адам сүюге, жаратушыға ықылас қоюға 
бағытталған ақынның дүниетанымы мен кейбір 
көзқарастары, ақындық принциптері ойлантады. 
Өйткені,  Шортанбай  жырларында  «мынау  қа-
лай?» дейтін тұстар да кездеседі. Бірақ жаңаның 
елді елеңдетіп, көкейге қорқыныш ұялата келеті-
нін ескерсек, кейде дұрыстың өзінен қауіптенуі-
не кешіріммен қарауға тура келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет