Keywords: word usage, language norm, doublet words, terms.
КІРІСПЕ Бастауыш сынып оқулықтарындағы (БСО)
лексикалық қолданыстарды реттеу мәселесі осы
мақсатпен сабақтасып жатқан тағы бір зәрулік-
терді туындатады. Ол – оқулық мәтіндеріндегі
кейбір келеңсіз құбылыстарды реттестіру мә-
селесі. Қарастырған мектеп оқулықтарындағы
осы олқылықтардың біразы соңғы жылдары
түзетілгенімен, бірқатары әлі де бір тиянақты
шешім таппай келеді. Біз қарастырған БСО тіл-
дік норманың бұзылуына әкеліп соғатын мұндай
құбылыстардың реттестірілуі зерттеу жұмысы-
мыздың басты мақсаты болмағанымен, лекси-
калық жүйенің сұрыпталып, оқулықтар тілінде
қолданылуында статистикалық нәтижелердің де
ескерілуін негіздеуге тырыстық [Қалыбеков Б.Е.
2004, -139 б].
Оқулықтардағы бұл секілді ерекшеліктерді
дублет сөздер мен кейбір кірме сөздердің қол-
данылуынан, кейбір тілдік терминдердің қолда-
нылу өрісі мен омонимдердің аз қолданылуынан
айқын аңғардық.