ОӘЖ 37.08 ӘЛІПБЕК АРДАҚ ЗӘУІРБЕКҚЫЗЫ, педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
«Мирас» университеті
СИКИМБАЕВА АКЕРКЕ БЕРДИЕВНА магистр, аға оқытушы
«Мирас» университеті
МАНАБАЕВА САЛТАНАТ ЕСІМЖАНҚЫЗЫ педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы
«Мирас» университеті
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫ КӘСІБИ ДАЯРЛАУДА ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ Түйін. Бұл мақалада болашақ педагог-психологтарды кәсіби дайындауда үш тілділік саясатын
қолданудың кейбір мәселелері қарастырылады. Үш тілділік саясаты қоғамның әлеуметтік қажетті-
ліктері мен сұраныстары негізінде пайда болған игі идея. Бәсекеге қабілетті болашақ мамандарды
кәсіби даярлау кезінде елдің жоғары оқу орындарында «Үш тілділік» саясатын пайдалану өзекті
мәселе болып табылады. Мақалада болашақ педагог-психологтардың «Үштілділік» саясаты негізінде
коммуникативтік, танымдық, тәрбиелік қабілеттерін дамытуға бағытталған.