Бөлім Қорытынды Пайдаланылған


Кәдімгі картоп – Solanum tuberosum L. – Паслён клубненосный (Алқалар)



бет2/6
Дата27.11.2023
өлшемі5,75 Mb.
#129786
1   2   3   4   5   6
Кәдімгі картоп – Solanum tuberosum L. – Паслён клубненосный (Алқалар)
Біржылдық өсімдік. Биіктігі – 40-80 см, кейде 150 см-ге дейін жетеді. Бір түпте 3-6 сабақ болады. Жапырағы қауырсынды тілімді, 7-11 ірі бөліктерге бөлінген, ұсақ жапырақтармен кезектесіп орналасады, негізінен пішіні жұмыртқатәрізді, ұшы үшкірлеу, жиегі біркелкі емес, негізі жүрекшетәрізді. Гүлі ақ, қызғылт не көкшіл күлгін түсті. Жемісі екі ұялы, көп тұқымды. Вегетациялық кезеңі 70-120 тәулік. Тұқымынан және түйнектен көбейеді. Түйнегінде 23,7% құрғақ зат болады, оның ішінде: 17,5% крахмал, 0,5% қант, 1-2% нәруыз, 1%-ға жуық минералды тұздар, C, B1, B2, B6, PP, K витаминдері бар.
Маңызы: картоп тағам, мал азығы және өнеркәсіпте техникалық шикізат ретінде пайдаланылады.
Баклажан – Solanum melongena – Паслен баклажан (алқалар)
Баклажан – көпжылдық (мәдени өсіргенде біржылдық) өсімдік. Жабайы түрі Оңтүстік-Шығыс Азияда кездеседі. Сабағының биіктігі – 30-70 см, ірі, күлгін түсті жапырағы кезектесіп орналасқан, гүлдері шоғырланып тұрады. Баклажанның тамыры шашақты, жемісі жұмыр, алмұрт не қияр тәріздес, қоңыр не күлгін түсті, салмағы 0,4-1 кг. Тұқымы ұсақ (ұзындығы 2-4 мм), жалпақ, сарғыш келеді. 6-7 айда гүлдейді, 7 айында жеміс береді. Егістіктерде және бақшада өсіріледі.
Маңызы: піскен жемісінен түрлі тағамдар және консервілер дайындалады. Медицинада бауыр ауруын емдеуге, қандағы холестеринді азайту үшін қолданылады.
Ас помидор (қызан) – Lycopersicon esculentum Mill – Томат съедобный (Алқалар)
Біржылдық өсімдік, түкті, әсіресе жасаң кезінде, безді, өткір тартымды иісті; бастапқыда сабағы тік, кейінірек жатаған; жапырағы жұмыртқа немесе қандауыр, қауырсынды бөлімді, ірі және ұсақ бөліктері кезектесіп орналасқан; күлтелері лимон түсті сары, диаметрі – 2,5 см, аталықтары түкті – 5-8 (10); тозаң түтігі бұрыс, гүлдеу кезінде 2-3 тозаңқапқа бөлініп кетеді; жемістері жасаң кезінде тығыз түкті және безді, ал піскен кезде жылтыр, тегіс; тұқымдары ақшыл сұр, мәдени бақшаның көкөніс ретінде барлық жерде өсіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет