Бөлім Қорытынды Пайдаланылған


Қызылша - (лат. Bеta vulgáris) - Свёкла обыкнове́нная



бет6/6
Дата27.11.2023
өлшемі5,75 Mb.
#129786
1   2   3   4   5   6
Қызылша - (лат. Bеta vulgáris) - Свёкла обыкнове́нная
Амаранттар туысына жататын біржылдық, екіжылдық немесе көпжылдық өсімдік. Қызылшаның ең танымал түрлері: кәдімгі қызылша қант қызылшасы және мал азық қызылшасы. Антарктидадан басқа барлық құрлықтарда кездеседі. Қызылшаның барлық мәдени түрі шығыс Үндістанда өсетін табиғи қызылша түрінен алынған. Қызылшаның тағам ретінде ең алғаш Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолданылғандығы белгілі. Бірақ ежелгі заманда тағамға қызылшаның жапырағы ғана пайдаланылған, ал тамыры дәрілік мақсатта қолданылған. Ежелгі гректер Аполлон құдайының құрметіне қызылшаны сый еткен. Мал азығы қызылшасы XVI ғасырда Германияда шығарылған. Оның толық сапалы түрі XVI-XVII ғасырларда алынса, XVIII ғасырда бұл қызылшаның түрі бүкіл Еуропаға тез тарады. Басқа қызылшалардан түрі жағынан айырмашылығы аз болғанымен, оның тамыры жақсы жетілген. Селекционерлердің 1747 жылы бастаған жұмысының нәтижесінде қант қызылшасы пайда болды. Сол кездегі қамыстан алынатын қанттың қызылша құрамында да бар екендігі анықталған. Ол кезде қызылша құрамынан 1,3 % қант алынса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 20 % дан асады. Бүгінгі күні қант қызылшасы қант шығару бойынша қант қамысынан кейінгі 2-орынды иеленіп отыр.
Қорытынды
Мәдени өсімдіктердің 50 тұқымдасқа жататын 25 мыңнан астам түрі белгілі (барлық жоғары сатыдағы өсімдіктердің 10%-ын құрайды). Бірақ өсімдік өнімдерінен алынатын қоректік заттардың негізін мәдени өсімдіктердің 20 шақты түрі ғана құрайды (мысалы, күріш дүние жүзінде мекендейтін халықтың 2/3-сінің қоректік азығы болып саналады). Өсімдіктерді мәдени жағдайда өсіру тас ғасырында басталды және олар бейберекет қолдан сұрыпталды. Кейін пайдалы өсімдіктер үй маңында (ең бастысы мәдени өсімдіктердің ортасында) өсіріле бастады. Халықтардың қоныс аударуы, теңіз арқылы алыс сапарларға шығу және сауда-саттық өсімдіктердің бір жерден екінші жерге алмасуын қамтамасыз етті. Жаңа жағдайға өсімдіктер тез бейімделіп, соның нәтижесінде мәдени өсімдіктердің жаңа түрлері пайда болды. Қола дәуірінде егіншіліктің қарапайым түрі дамыды. Кейінірек өсімдіктердің алуан түрін шығару үшін жасанды будандастыру қолға алынды. Сондықтан қазіргі кездегі мәдени өсімдіктердің басым көпшілігі мыңдаған жылдар бойына қолдан өсірілді. Олардың ішінде ең ежелгі өсімдік түрлеріне – жүгері, банан, күнжіт, кокос пальмасы, арпа, бұршақ, жуа, картоп, күріш, қант қамысы, т.б.; тек аз ғана түрлері – қант қызылшасы, каучук гевеясы, хинин ағашы кейіннен мәдени өсімдікке айналған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
  • Greenway H., Munns R. Mechanisms of salt tolerance in non halophytes // Annual Review of Plant Physiology. – 1980. – Vol. 31. – Р. 149-190.
  • S. W. Breckle, “Salinity, halophytes and salt affected natural ecosystems,” in Salinity: Environment—Plants—Molecules, A. Lauchli and U. L ¨ uttge, Eds// Kluwer Academic, Dodrecht, The Netherland. – 2002. – P. 53–77.
  • Қызылорда облысынын өсімдіктер әлемі: Оқу кұралы. -К81 Астана: Фолиант, 2013. - 280 бет.\

Назарларыңызға рахмет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет