Бөлім Қорытынды Пайдаланылған


Біржылдық күнбағыс – Helianthus annuus L. – подсолнечник однолетний (Күрделігүлділер)



бет4/6
Дата27.11.2023
өлшемі5,75 Mb.
#129786
1   2   3   4   5   6
Біржылдық күнбағыс – Helianthus annuus L. – подсолнечник однолетний (Күрделігүлділер)
Күнбағыстың биіктігі 2м-дей, сабағы тік, жуан өзегі қуыс, сырты қалың түкті, кіндік тамыры тармақты, 2-3м тереңдікке бойлайды. Үлкен жалпақ жапырағы сабақта кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры көп гүлді себет. Оның сыртын бір немесе бірнеше қатарға орналасқан гүл жапырақтары қоршаған. Бұлар өсімдік гүлін сыптқы қолайсыз жағдайдан сақтайды. Себеттің диаметрі 10-60 см-ге дейін жетеді. Себеті күн көзі бойымен бұрылып отырады. Жемісі тұқымша, онда 22-27% май болады.Күнбағыстың себетінде 1000-ға дейін гүл болады. Оларды түтікше және жалған тілше гүл деп екіге бөледі.
Маңызы: күнбағыс майы алынады, сары желегін медицинада пайдаланады. Күлінен сахароза алынады, күнбағыс күнжарасында құнарлы мал азығы.
Екпе сұлы – Avena sativa L. – Овес посевной (Қоңырбастар)
Қазақстанның барлық аудандарында өсіріледі, бидай егістігінің арасында кейде арамшөп түрінде кездесетін біржылдық өсімдік. Биіктігі – 60-100 см, сабақтарының буындары әрдайым жалаңаш; жапырақтары мен қынаптары түксіз, сыпыртқысы шашыраңқы, сирек бір қырлы, ұзындығы 20 см шамасында, масақтарының ұзындығы – 25 мм, 2-3 гүлді, масақтағы төменгі гүлі қылтансыз; масақтық қабыршақтарының ұзындығы – 25 мм, 8-9 жүйкелі; төменгі гүл қабыршағы қандауырлы, жалаңаш, ұш жағы 2 тісшелі, тік немесе иілген қылтаны бар. Қабыршағы мен қылтандары піскен кезде сарғаяды. 6-8 айда гүлдейді.
Леманн күшаласы немесе Ит күшаласы - Eminium lehmannii - Эминиум Леманна.
Сипаты: Саны қысқарып бара жатқан, сирек кездесетін түр. Қызылқұм шөлінде. Қаратау етегінде (оңтүстік бөлігі) құмды, қүмды-малта тасты шөлдерде, сары топырақта және шағыл тасты беткейлерден аласа тау белдеуіне дейін өседі. Ерекше сәндік өсімдік, гүл шоғыры цилиндртәрізді собық, оның сыртын ерекше жапырақ жапқыш жауып тұрады. Ірі тақталы жапқыш жапырақтың (ұзындығы - 10 см, ені - 5 см) ішкі жағы қара күлгін түске боялган. Көптеген үсақ гүлдері дара жынысты. Олар собық бойына жиналған, аналықтары түбіне, аталықтары жоғарғы жағына орналасқан. Гүл шоғырының ортасында тұқымсыз біз- тәрізді гүлдер, ал үшында үзын цилиндрлі жапқыштың түсі сияқты қосалқысы орналасқан. Сондықтан күшаланы халықта қара қалам немесе қара пышақ жүзі деп атайды. Шикі түйнектері улы, жергілікті тұрғындар тышқандар мен терісі бағалы үсақ андар үстау үшін у ретінде пайдаланады, кептірілгендері - ревматизм дәрісі. Шағын топ болып, анда-санда кездеседі. Мәдени түрде жақсы өседі, тұқымын шашып та көбейеді.
Ақсу-Жабағылы қорығында қорғалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет