Мысалдар келтіреміз: 1) шойын құю цехының жұмысшылары
мен линиядағы персоналға қыркүйек айында 2005 жылы сол айдағы
жүктелімдерге сәйкес, 2800000 теңге сомада еңбекақы есептелді.
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
8012 — 3350 = 2800000 3 типті операция
А (+) П (+)
2) кәсіпорында сырт ұйымдардың қаражаттарын пайдаланғаны
үшін 2005 жылы қыркүйек айының 13 жұлдызындағы № 3 келісіміне
сәйкес, 38000 теңге сомада сыйақылар есептелді. Бұл жағдайда
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7310 — 3380 = 38000 3 типті операция
А (+) П (+)
3) кешенді бригада дәнекерлеушісі А. Сәрсенбаевтың 2005 жы-
лы қыркүйек айындағы еңбекақысынан ережеге сәйкес, 4500 теңге
сомада Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қорына 10 %-дық
мөлшерде ұсталым жасалды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
218
Дт Кт Сома Ескерту
3350 — 3220 = 4500 2 типті операция
П (-) П (+)
4) цех бастығы Р. Абдуллаевтың 2005 жылы қыркүйек айындағы
еңбекақысынан 2005 жылы қыркүйек айындағы № 2 төлем ведомо-
сына сәйкес, заттай берілген тауарлар үшін 18000 теңге сомада
ұсталым жасалды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3350 — 3390 = 18000 2 типті операция
П (-) П (+)
Енді міндеттемелердің кему (орындалу) жағдайларын қараймыз.
219
Достарыңызбен бөлісу: |