Буын. Зерттелуі және түрлері


Қ. Жұбанов өз еңбегінде «Буын жігі қайткенде оңай табылады?»



бет10/13
Дата15.02.2023
өлшемі38,3 Kb.
#68031
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Буын. Зерттелуі ж не т рлері

Қ. Жұбанов өз еңбегінде «Буын жігі қайткенде оңай табылады?» деген сауал қоя отырып, қазақ тілінде буын жігін оңай табудың мынадай ережесін ұсынады:

  • Дауысты дыбыссыз буын болмайды.

  • Бір буында бірден артық дауысты дыбыс болмайды.

  • Дауысты дыбыс жалғыз өзі де буын бола алады.

  • Бір буында үштен артық дауыссыз дыбыс болмайды.

  • Екі дауыссыз бір буында қатар келетін болса, дауыстының соңынан ғана келеді. Еш уақытта алдында екі дауыссыз қатар келмейді.

Ғалым қазақ тілінде сөз түрлену кезінде тап болатын өзгерістердің де көрсетеді. «Сөз түрленуде буында тап болатын өзгерістердің бірі - жылысу заңы, екіншісі - кірігу заңы. Жылысса, буынның қалпы өзгереді де, саны өзгермейді. Кіріксе қалпы да, саны да өзгеріп кетеді» деп буынның осы жылысу мен кірігу қасиеттерін қазақ ақындары шебер пайдаланатыны туралы сөз етеді. Қ. Жұбанов буынның кірігуі мен жылысуы жайлы былай дейді: «Буын - буынның жігі бір қалыпта тұра бермей, сөз ішінде ауысып отырады». Сөз ішінде, не сөйлем ішінде буынның жігінің ауысуы екі түрлі болады: бірде - буындар жылысады; екіншісінде - кірігеді.
Тұйық буын мен бітеу буыннан кейін жалаң не тұйық буын келіп, екі арасында дауыс тынысы болмаса, буындар жылысады. Буындар жылысса бір буынның дыбысы екінші буынға ауысады да буынның жалпы саны кемімейді. [2, 372-375 б]


Ж. Аралбаев «Қазақ тілі бойынша этюдтер» еңбегінде: буынға тән мынандай басты белгілерді атайды:
1.Буын болуы үшін құрамында дауысты дыбыс болуға тиіс және оның саны біреуден артық болмауы тиіс;
2.Буында нақты мағына болмайды.
3.Қазақ тілінің байырғы сөздерінде буын не бірыңғай жуан , не бірыңғай жіңішке болып келеді;
4.Буында нақты мағына болмайды.
5.Тіліміздегі байырғы сөздер, сондай-ақ буындар да қос дауыссыздан басталмайды;
6.Қазақ тілінде 2 дауысты фонема әрқашан буын құрай алады;
7. Буын жігінің жазуда бөлінуі және ауызекі тілде бөлінуі әрқашан сәйкес келе бермейді;
8. Қазақ тілінде байырғы сөздерінің басында дауыссыз дыбыстардың тіркесі қолданылмайды;
9.Байырғы сөздердің басында бірнеше дауыссыз қатар тіркеспегенімен, сөз соңында қатар келуі мүмкін; [3, 95 б]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет