Буллинг: мазалау мен жазалау


Буллингтің белгілері мен отбасының әсері



бет2/4
Дата10.03.2023
өлшемі27,1 Kb.
#73142
1   2   3   4
Буллингтің белгілері мен отбасының әсері
Буллингке баратын балалардың да психологиялық ерекшеліктеріне мән беру қажет . Өйткені отбасының әл-ауқатына, ата-анасының қамқорлығына және даму деңгейіне қарамастан, кез келген бала қорлаудың құрбаны болуы мүмкін. Агрессия олардың балаларына қарсы бағытталмағанын көрсе де, ересектердің мұндай мәселелерді бақылауда ұстауы маңызды.
"Көп жағдайда ата-анасы ажырасып кеткен болмаса бақылаудан шығып қалған балалар агрессияға бір табан жақын болады. Олар өздерінің басқалардан төмен екенін байқатпау үшін, (психологияда оны "қорғаныс механизмі" дейді), сол секілді әкесінің жоқ екені туралы сұрақ туындамас үшін бейсаналық инстинкт бойынша қудалау әрекеттеріне барады. Егер бала буллингтің құрбаны болып, бірақ өзі мұны айтпаса, оны мынадай физикалық және психологиялық белгілерінен байқай аламыз. Олар: ауыру белгілері, мектепке баруға зауқы болмайды яки мектепке кеттім деп басқа жерде жүреді. Алаңдаушылық пен уайым. Сөйлеуге зауқы болмайды және көбінесе оңашаланып жүреді"."Әр отбасының тәрбиесі әр алуан болатыны түсінікті. Ата-ананың барлығы баласына дұрыс тәрбие беріп, түзу жолда жүрсе екен дейді. Үйде баланың өз бетімен шешім қабылдауына мүмкіншілік беру қажет. Кейде баланың бетінен қақпай, көкке көтеріп өсірудің өзі теріс әсер ететінін жағдайлар кездеседі.
Буллингтің алдын алу үшін не істеу керек?
Жасөспірімдер арасындағы буллинг – кешенді тәсілді қажет ететін мәселе. Мектептегі қудалаумен бала жалғыз өзі емес, бүкіл тарап – оқушының өзімен қатар ата-ана мен мұғалім де күресуі керек. Буллингке ұшырағандарға айтылатын алғашқы кеңес – маманның көмегіне жүгінген жөн.
Ата-анаға ақыл-кеңес
"Алдымен ата-анасы не істеуі керек, осыған тоқталайық. Қорлық көрген баланың ата-анасы көп жағдайда кінә, ұят, ашу және әлсіздік секілді сезімдерді басынан өткереді. Осыған байланысты кейде қолдау мен жанашырлықтың орнына олар: "Неге қарсы жауап бермедің?", "Әлсіз болма!", "Өзің кінәлісің" деген секілді сөздер айтып, баланың өзін айыптайды. Бұл кез келген отбасының басынан өтуі мүмкін екенін ұмытпау шарт. Бұл жерде ешкімнің кінәсі жоқ, әсіресе баланың. Керісінше, мына сөздер бала мен ата-ананың әңгімесіне оң әсер етеді:

  • "Мен саған сенемін". Бұл балаға кез келген жағдайда өзін жалғыз емес екенін ұқтырады;

  • "Бұл сенің кінәң емес". Осы арқылы балаға мұндай мәселеге тап болып тұрған өзі ғана емес екенін түсіндіру маңызды;

  • "Мен сені жақсы көремін және енді қайта қауіп төнбес үшін барлығын жасаймын". Бұл балаға қорғаныш сезімін ұялатып, болашаққа үмітпен қарауына көмектеседі.

Балаңыз кез келген жағдайда көмек сұрауға дайын болатындай әрқашан сенімді қарым-қатынас орнатыңыз".


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет