Дүниежүзілік шаруашылық



Дата19.10.2023
өлшемі84,87 Kb.
#119737
Байланысты:
гео



Дүниежүзілік шаруашылық ─ бүкіл дүние жүзі елдерінің тарихи қалыптасқан ұлттық шаруашылықтарының жиынтығы. Ол экономикалық даму деңгейіне немесе саяси құрылысына қарамастан, барлық елдерді қамтып, бірыңғай шаруашылық ретінде қарастырады. 
Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы, халықаралық сауда Ұлы географиялық ашылулар кезеңінен басталады. Бұл кезеңде әртүрлікөліктердің ықпалымен барлық материктердің халқын қамтыған дүниежүзілік нарық қалыптасты. 
Көптеген ғалымдарың пікіріне сәйкес XVIII–XIX ғасырлардың тоғысында Еуропа елдерінде дүниежүзілік шаруашылықты қалыптастыруға негіз болған машиналы индустрия дами бастады. Отарлық жүйенің пайда болуы отар елдердің экономикасын империалистік державалардың аграрлық-шикізаттық базасына айналдырды. Қорыта айтқанда, дүниежүзілілік шаруашылық XIX ғасырдың соңында машиналы индустрияның, көлік пен әлемдік нарықтың дамуы нәтижесінде қалыптасты.
Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықХХI ғасырдың басында жүріп жатқан ғаламдану дүниежүзілік шаруашылықты түбегейлі жаңа сапалық деңгейге көтерген маңызды нышан болумен қатар, шаруашылық өмірді интернационалдандырудың жаңа кезеңіне айналды. 
Ғаламдану ─ бұл бүкіл дүниежүзілік экономикалық және мәдени құрамдасу мен бірегейлендіру үрдісі. 
Бірегейлендіру ─ біртектілікке, бірдей нышанға немесе жүйеге келтіру.
Ғаламдану үрдісінің негізгі қозғаушы күші халықаралық еңбек бөлінісі мен ақпараттық революцияны тереңдету болып табылады. 

Қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы 4 сектордан тұрады





Адамзат қоғамының даму тарихында шаруашылық салаларының үлесі ұдайы өзгеріп отырды. Индустриялануға дейінгі кезеңде ұзақ уақыт бойы экономикадағы жетекші сала болған 1-сектордың үлесі дүниежүзі бойынша жыл сайын қысқарып келеді. Жоғары дамыған елдерде бастапқы сектор үлесі 2—3% ғана, бұл ұлттық жиынтық өнім көлемінің үлкендігімен түсіндіріледі. Дүниежүзі бойынша бұл саланың өнімі жөнінен ірі елдер (АҚШ, Ресей, Қытай және Үндістан) жетекші орын алады. Канада шикізат өндірісімен, ал Жапония азық-түлік өндірумен көзге түседі. Бастапқы сектор елі де жетекші орын алғанымен, мешеу елдер өнім көлемі жөнінен дамыған елдерден артта тұр.


Индустриялық кезеңге тән 2-сектордың басымдылығы пайдалы қазбаларға бай және өтпелі экономика тән елдерде ғана байқалуда. XX ғасырдың соңында өндірістік салада өнеркәсіп жетекші орында болды, оның өнімі ұлттық жиынтық өнімнің 34%-ын құрады
Постиндустриялық даму сатысына өткен елдерде 3- және 4-секторлар қарқынды дамып, алдыңғы орынға шығуда. Жоғары дамыған елдерде қызмет көрсету саласының үлесі өндірістік салалар көрсеткішінен артық; дамушы елдерде өндірістік саланың, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімінің үлесі жоғары.
Қоғамның дамуына байланысты шаруашылық ұйымдасуының жаңа типі - нарықтық экономика пайда болды. Мамандану мен географиялық еңбек бөлінісіне негізделіп ұйымдасқан шаруашылық өнімді жеке тұтыну үшін ғана емес, сыртқы сұранысқа орай нарыққа бағыттап өндіретін болды. Нарықтық қатынастар жеке ел ішінде және халықаралық деңгейде басым бола бастады

Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі сыртқы сауда, капиталды сыртқа шығару, жұмыс күшінің көші-қоны, экономикалық келісімшарттар жасау, халықаралық экономикалық ұйымдарды құру, ғылыми-техникалық ақпарат алмасу сияқты өзара экономикалық байланыстар мен өзара қарым-қатынастардан тұрады.


Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің негізгі саласы — өнеркәсіптердің Дүниежүзілік өнеркәсіпте 20 ғасырдың аяғында шамамен 350 миллионға жуық адам жұмыс істеді. Соңғы жүз жыл ішінде өнеркәсіп өндірісі 50 есе өсті, бұл өсімнің 3/4-і 20 ғасырдың 2-жартысына келеді. Пайда болу уақытына қарай өнеркәсіптің барлық салалары, әдетте, 3 топқа бөлінеді. Бірінші топқа “дәстүрлі” салалар: көміртау-кен өндірісіметаллургиятемір жол көлігікеме жасаутоқыма өнеркәсібі; екінші топқа жаңа салалар: автомобиль жасау, алюминий қорытупластмассахимиялық талшықтар өндірісі; үшінші топқа ғылыми-зерттеу жұмыстарын қажет ететін “жоғары технология” салалары: микроэлектроникаесептеуіш техника, робот жасау, информатика индустриясы, атом және аэроғарыш өндірісі, органикалық синтез химиясымикробиология өнеркәсібі жатады. АҚШ-та, ГФР-де, Ұлыбританияда, Францияда өңдеуші өнеркәсіптің жалпы өнімінің 35 — 40%-і осы 3 топтағы салаларға келеді. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің негізгі салаларының бірі — отын-энергетика кешені. Бастапқы энергетика байлықтарын дүние жүзі бойынша өндіру және тұтыну ұдайы өсіп келеді. Ол 1900 жыл 1 миллиард тонна шартты отыннан 1990 жыл 10 миллиард тоннаға дейін өсті, ал 2000 жыл 14 миллиард тоннаға жетті.
Отын-энергетика өнеркәсібі
Соңғы 200 жыл ішінде дүниежүзілік отын-энергетика өнеркәсібі өзінің дамуында басты екі кезеңнен өтті. 19 ғасырдың өн бойында және 20 ғасырдың 1-жартысында көмір кезеңі болды, яғни дүниежүзілік отын-энергетика балансының құрылымында көмір отыны басым болды. Одан кейін мұнай-газ кезеңі келді. Бұл — қатты отынмен салыстырғанда неғұрлым тиімді энергия көзі. 20 ғасырдың 80-жылдары дүниежүзілік энергетика өз дамуының 3-кезеңіне өтті, ол бірнеше ондаған жылдарға созылмақ. Бұл уақыт ішінде, негізінен, сарқылатын минералдық отын байлықтарын пайдаланудан гөрі қалпына келетін және сарқылмайтын байлықтарға (Күнжелатом энергиясы, т.б.) негізделген энергетикаға біртіндеп көшу жүзеге асуға тиіс.
Мұнай өнеркәсібі
Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінде мұнай өнеркәсібінің орны ерекше. Мұнайды дүние жүзінің 80 елінде (жылына 3,5 миллиард тонна) өндіреді. 2000 жылғы дерек бойынша ірі мұнай өндіретін елдер (миллион тонна есебімен): Ресей (385), АҚШ (365), Сауд Арабиясы (325), Мексика (145), Ирак (100), Қытай (140), Біріккен Араб Әмірлігі (90), Иран (115), Канада (95), Ұлыбритания (95), Венесуэла (95). Қазақстан мұнай өндірудің көлемі жағынан (35 миллион тонна; 2000) дүние жүзінде 18 орында, ал мұнайдың барланған қоры жағынан 5 орында. Дүние жүзіндегі мұнайдың барланған қорының 65%-і ОПЕК-ке (мұнайды экспорттаушы елдер ұйымы), оның ішінде Парсы шығанағы елдерінің үлесіне тиеді. Дүниежүзілік газ өнеркәсібі 20 ғасырдың 2-жартысында айтарлықтай дамыды. 90-жылдардың ортасында дүние жүзінде орта есеппен 2 триллион тонна газ өндірілді. Ол жақын уақытқа дейін, негізінен, экономикасы дамыған елдерге шоғырланған болатын. Бірақ, соңғы 20 жыл ішінде газ өндіру дамушы елдерде де өсе бастады. Бұл елдер газды сұйытылған күйінде, сондай-ақ, құрлықаралық су асты газ құбырларымен экспортқа шығаруды жолға қойған. Ірі газ өндіретін елдер (миллиард/м3): Ресей (640), АҚШ (500), Канада (120), Нидерланд (75), Ұлыбритания (50). Қазақстан газ қорының көлемі (1,4 триллион/м3) жағынан дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірінде, ал газ өндіруден (10 миллиард/м3) 40 — 45 орындарда.
Көмір өнеркәсібі
Көмір өнеркәсібінің (жылына орта есеппен 4,5 миллиард тонна көмір өндіріледі) дамуы мұнайдың арзан кезеңінде баяулады, бірақ одан кейін қайтадан жеделдеді. Көмір дүние жүзінің 60 елінде өндіріледі, әрі, негізінен, сол елдердің өзінде тұтынылады, дүниежүз. рынокқа 1/10 бөлігі ғана түседі. Көмірмен халықар. сауда жасау, негізінен, теңіз жолдарымен іске асырылады. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің отын-энергетика кешеніндегі негізгі салалардың бірі — электр энергетикасы. Жылына дүние жүзінде 12,0 триллион кВт/сағ электр энергиясы өндіріледі (1999). Ол, әсіресе, 20 ғасырдың аяғында қарқынды өсті. Электр энергетикасы жылу, су және атом энергетикаларына бөлінеді. Дүние жүзінде минералдық отынмен жұмыс істейтін ЖЭС-тердің жалпы электр энергиясын өндірудегі үлесі 63%. Әдетте, ЖЭС-тер көмір алаптарына немесе энергияны тұтынатын аудандарға жақын орналасады. Су энергетикасының үлесі — 20%. Бірақ, СЭС-тердің үлесі барған сайын кеміп келеді. Энергетиканың тағы бір саласы — атом энергетикасы. Дүние жүзінде 29 елде 50-ге тарта ірі АЭС-тер жұмыс істейді. Оның дүниежүз. энергетикасындағы үлесі — 22%. Электр энергиясын басты экспорттаушы елдер: РесейУкраинаВенгрияФранцияШвейцарияКанада; импорттаушы елдер: ИталияНидерландАҚШ. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесін минералдық шикізаттармен қамтамасыз ету тау-кен өнеркәсібінің үлесіне келеді. Ол көптеген елдерде дамыған, алайда оның өнімінің 65%-ін ТМД елдері, АҚШ, ҚытайАвстралия, Канада, Оңтүстік Африка республикасы өндіреді. Кейінгі 10 жыл ішінде дүниежүз. кен өнеркәсібінде дамушы елдердің рөлі артып отыр. Кез келген елдің экон. қуатын металлургия өнеркәсібі анықтайды. Оның қара металлургия саласы көп уақыт бойы тас көмір алаптарында ғана дамыды. АҚШ-тағы, шетелдік Еуропадағы, Ресейдегі, Украинадағы, Қытайдағы басты металлургия базалары осылайша пайда болған. Темір кені қазір 50 шақты елде өндіріледі. Дүние жүзіндегі ірі темір кенін өндіретін елдер (млн. т): Қытай (160), Ресей (105), АҚШ (55), Канада (40), Австралия (110), Украина (100), Бразилия (160), Үндістан (55), Қазақстан (18 млн. т). Болат қорытудан (млн. т): Жапония (110), Ресей (90), АҚШ (90), Қытай (60), Украина (50), Германия (50). Қазақстанда жылына ора есеппен 5 млн. т болат қорытылады. Дүние жүзіндегі түсті металлургия өндірісінің көлемі қара металлургиядан 20 есе аз. Мұнда ауыр, түсті, легирленген және асыл металдар металлургиясы, әдетте оларды өндіретін елдер мен аудандарда дамыған. Қазақстан түсті металлургия өндірісі бойынша дүние жүзінде жетекші орын алады. Нақты айтқанда, хром және барит кентастарын өндіруден 1-орынды алса, мыс, хром, қорғасын, мырыш, вольфрам, молибден, тантал, титан, ниобий, цирконий кентастарының қоры жағынан алдыңғы 5 елдің құрамына кіреді. Алтын, күміс кентастарынан 6-орындарды алады. Сонымен қатар, дүние жүзінде өндірілетін 29 металл шикізаттарының 23-і Қазақстанда өндіріледі.
Машина жасау өнеркәсібі
Машина жасау өнеркәсібі осыдан 200 жыл бұрын Англиядағы өнеркәсіп революциясы кезінде пайда болған. Қазіргі кезде жұмыс істейтін адамдардың саны (80 миллионан астам) және өнімнің құны жөнінен ол дүниежүзілік өнеркәсіптің барлық салаларының ішінде 1-орын алады. Дүниежүзілік экономика картадан, жалпы алғанда, машина жасайтын төрт аймақты бөліп көрсетуге болады. Олар — Солтүстік Америка, Батыс Еуропа, Шығыс және Оңттүстік-Шығыс Азия және ТМД елдері. Бұл аймақтарға кіретін елдердің көпшілігі үшін машина жасау — халықар. маманданудың басты саласы болып табылады. Дамушы елдер дүниежүзілік машина жасау өнімдерінің 10%-ін ғана өндіреді. Дүниежүзілік химия өнеркәсібі де төрт аймақта қалыптасты: АҚШ, Бат. Еуропа, ТМД және Жапония. Олардың әр қайсысында кен-химия өнеркәсібі, минералдық тыңайтқыштар, негізгі химия өнімдері өндірісі, әсіресе, органикалық синтез және полимер материалдар өндірісі дамыған. Дамушы елдерде бұл сала таяу уақытқа дейін, негізінен, шикізат көзі ретінде ғана қалыптасты. Алайда 1970 жылғы энергетикалық дағдарыстан кейін химия өнеркәсібі Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінде, әсіресе, мұнай мен газ мол өндірілетін елдерде тез өсе бастады. Қазақстанда ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібі, көбінесе, орман байлықтарының таралуына байланысты. Солтүстік орман белдеуі шегінде, негізінен, қылқан жапырақты ағаш сүрегі дайындалады да, ол тілуге дайын ағаш, ағаш тақта, целлюлоза, қағаз, картон болып өндіріледі. Ресей, Канада, Швеция, Финляндия үшін ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібі — халықаралық маманданудың маңызды салалары. Канада ағаш өнімдерін сыртқа шығару жөнінен дүние жүзінде 1-орынды алады. Оңтүстік орман белдеуі шегінде жапырақты ағаш сүрегі дайындалады. Мұнда ағаш өнеркәсібінің басты үш ареалы қалыптасқан. Олар: Бразилия, Тропиктік Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия. Дайындалатын ағаш сүрегі теңіз жолымен Жапонияға, Батыс Еуропаға шығарылады, ал қалған бөлігі, негізінен, отынға пайдаланылады.
Жеңіл өнеркәсіп
Жеңіл өнеркәсіптің негізгі және жетекші саласы — тоқыма өнеркәсібі. 20 ғасырдың 90-жылдарының басында дүние жүзінде табиғи және химиялық талшықтардан 115 миллиард/м2 шамасында мата өндірілді. Егер қолөнер өндірісін есепке алса, бұл сала дүние жүзінің барлық елдерінде дамыған. Дүниежүзілік тоқыма өнеркәсібінде басты бес аймақ қалыптасқан. Олар: Шығыс Азия, Оңтүстік Азия, ТМД, Еуропа және АҚШ. 1950 жылдардан бастап экономикасы дамыған батыс елдерінің дүниежүзілік мата және киім өндірісіндегі үлесі барған сайын кеміп келеді. Бұрын мата өндіруден дүние жүзінде 1-орын алатын Ұлыбритания енді 20-орынға түсті. Бұл сала, әсіресе, Қытайда жақсы дамып келеді, өйткені тоқыма және тігін өнеркәсібі ең алдымен арзан жұмыс күшіне бағдарланған. Мұнда өндірілетін матаның едәуір бөлігі сыртқа шығарылады.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің ежелгі әрі кең тараған саласы. Дүние жүзінде ауыл шаруашылығымен және оған шектес орман шаруашылығымен, аңшылықпен, балық аулаумен айналысатын салаларда 1,1 миллиард адам еңбек етеді. Ауыл шаруашылығының барлық жерде таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Олар үлкен екі топқа біріктіріледі. Біріншісі — дамыған тауарлы ауыл шаруашылығы. Оған ауыспалы егістігі бар интенсивті егіншілік, мал азығын дайындау қоса жүргізілетін интенсивті мал шаруашылығы, сондай-ақ, тыңайған жері және жайылымдық мал шаруашылығы бар экстенсивті егіншілік жатады. Екіншісі — дәстүрлі тұтынушы ауыл шаруашылығы. Ол артта қалған соқалы-теселі егіншілікті, жайылымдық мал шаруашылығын, көшпелі және жартылай көшпелі мал өсіруді, сондай-ақ, бұдан да қарапайым терімшілікті, аңшылық пен балық аулауды қамтиды. Ауыл шаруашылығының басты саласы — өсімдік шаруашылығы. Оның ішінде дәнді дақылдар — дүниежүзілік ауыл шаруашылының негізі, дүние жүзінде өңделетін бүкіл жер аумағының 50%-інен астамын қамтиды. Дәнді дақылдардың дүниежүз. өндірісі бірте-бірте өсіп келеді. Жылына 1,9 миллиард. тоннаға дейін астық жиналады. Дәнді дақылдар, яғни астық шаруашылығын құрайтын үш дақыл — бидай, күріш және жүгері жалпы түсімнің 80%-ін береді және адамдардың бүкіл тамақ энергиясының 50%-ке жуығын қамтамасыз етеді. Бидай — дәнді дақылдардың ең негізгісі және дүние жүзіндегі адам баласының жартысының басты азығы. Ол 70-ке тарта елде өсіріледі. Бірақ жалпы өнімнің басым бөлігі (миллион тонна есебімен): АҚШ (75), Канада (30), Австралия (16), Ресей (45), Қазақстан (17), Украина (20), Қытай (95), Үндістан (50), Франция (32) елдерінің үлесіне тиеді. Күріш — адамзат баласының бидайдан кейінгі негізгі тағамы. 20 ғасырдың аяғында күріш өсірумен жүзге жуық ел айналысқанымен, оның дүниежүзілік түсімінің 90%-ін Азияның “күрішті” елдері береді. Ірі күріш өндіретін елдер (миллион тонна есебімен): Қытай (180), Үндістан (110), Бангладеш (20), Таиланд (21), Индонезия (45). Дүние жүзіндегі суармалы жерлердің 60 — 65%-іне күріш егіледі. Жүгері өндіру Мексикада басталып, кейін дүние жүзінің басқа аудандарына да тарады. Қазіргі кезде жүгеріні негізгі өндіруші елдер — АҚШ, Қытай және Бразилия. Әлемдік рынокқа дүние жүзінде өндірілетін астықтың, негізінен, бидай мен жүгерінің 10 — 15%-і түседі.
Майлы дақылдар астық дақылдарынан кейінгі 2-орында. Дүние жүзінде соя жинаудан 1-орынды АҚШ (50%-тен астамы), жер жаңғағы жөнінен — Үндістан, зәйтүннен — Италия алады. Дүние жүзінде жыл сайын 100 миллион тоннадан астам қант өндіріледі. Оның 60%-і қант құрағынан (Бразилия, Үндістан, Қытай, Куба), 40%-і қант қызылшасынан алынады. Қант құрағы Америкада, тропиктік және субтропиктік аудандарда көп өсіріледі. Қант қызылшасы — қоңыржай белдеудің дақылы. Оның басты өндірушілері — Ресей, Украина, Бат. Еуропа мен Солт. Америка елдері. Сергітпе дақылдардың (шай, кофе және какао) барлығы дерлік тропиктік елдерде өсіріледі. Өсімдік шаруашылығындағы талшықты дақылдардың ең маңыздысы — мақта. Мақта талшығының дүниежүзілік өндірісі — 20 миллион тонна Егісінің аумағы және жинау жөнінен мақта өсірудің негізгі ауданы — Азия. Басқа талшықтардан — зығырдың, әсіресе, сизаль мен джуттың таралу ареалы анағұрлым шектелген. Дүние жүзі бойынша зығыр өндірудің 75%-і Ресей мен Беларуське, джут өндіруден Бангладешке тиеді. Табиғи каучуктің 85%-і — Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде, әсіресе, Малайзия, Индонезия және Таиландта өндіріледі. Ауыл шаруашылығының негізгі саласының бірі — мал шаруашылығы. Мал шаруашылығынан алынатын өнімдердің негізгі бөлігін қоңыржай белдеудің елдері береді. Дүние жүзінде мал басының жалпы саны 4 миллардтан асады. Балық аулау адамзаттың ең ежелгі кәсіптерінің бірі. Қазіргі кезде ол — кемінде 15 миллион адамның күнкөрісін қамтамасыз етіп отыр. Дүние жүзі бойынша ауланатын балық пен өндірілетін теңіз өнімдері жылына 100 миллион тоннадан алады (2000). Оның шамамен 90%-ін теңіздер мен мұхиттардан, 10%-ін тұщы судан ауланатын балық құрайды. Балық аулау барлық жерде таралғанымен, бүкіл дүние жүзінде ауланатын балықтың 50%-тен астамы 6 елдің — Жапонияның, Қытайдың, Ресейдің, АҚШ-тың, Чили мен Перудің үлесіне тиеді.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет