Бураева жанат бауыржановна бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет7/67
Дата16.01.2023
өлшемі3,52 Mb.
#61524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   67
Байланысты:
dis Креативт3к ойлау

Зерттеу әдістері: философиялық, психологиялық-педагогикалық 
әдебиеттерді іргелі ғылыми зерттеулерге зерттеу мәселесі тұрғысынан 
теориялық талдау; Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің 
басшылыққа алынатын құжаттарын, тұжырымдамалары мазмүнын зерделеу; 
озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеу; анкета, тесттер, пікірталастар, 
педагогкиалық-психологиялық диагностикалық әдістемелер, статистикалық 
ӛңдеу. 
Зерттеудің базасы: Қ.A.Яcaуи aтындaғы Xaлықapaлық қaзaқ-түpiк 
унивepcитeтi, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті. 
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы:
1. Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
қалыптастыру мәселесін зерттеудің тарихи-педагогикалық және әдіснамалық 
негіздері анықталды; 
2. Бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
қалыптастырудың теориялық негіздері анықталды; 
3. Бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
қaлыптacтыpудың қызметтік-үдерістік моделі даярланды;
4. Бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
ағылшын тілінде меңгерілетін пәндерді оқытуда қалыптастырудың әдістемесі 
жасалып, оның тиімділігі тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында 
тексерілді. 
Зepттeудiң пpaктикaлық маңыздылығы: Болашақ информатика 
мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін ағылшын тілінде меңгерілетін 
пәндерді оқытуда қалыптастыру үшін оқу-әдістемелік кешен даярланып, 
білім беру үдерісіне ендірілді: элективті курс бағдарламасы: «Жаңа 
ақпараттық педагогикалық технологиялар»; оқу құралдары: «Ағылшын тілі. 
Болашақ информатика мұғалімдеріне арналған оқу құралы», «Педагогика. 
Креативті педагогика». 
Зерттеу барысында қол жеткізілген нәтижелерді жоғары білім беру 
ұйымдарында болашақ информатика мұғалімдеріне кәсіби білім беруде
біліктілікті жетілдіру институттарында, педагогикалық колледждер мен 
жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында пайдалануға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет