Цифрлық технологияларға сипаттама берініз



бет20/37
Дата20.12.2023
өлшемі93,32 Kb.
#141825
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37
iCloud Drive сервисі

ICloud Drive — 2011 жылы іске қосылған iCloud, Apple бұлтты сақтау қызметі. Ол фотосуреттерді, бейнелерді, құжаттарды, музыканы және қолданба деректерін iCloud қызметіне сақтауға мүмкіндік береді. Ол барлық материалдарыңызды бір жерде сақтауға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар iOS құрылғысынан, Mac компьютерінен және барлық файлдарыңыз бен деректеріңізге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

  1. Dropbox сервисі

Dropbox — файлдарды интернет желісінде сақтауға мүмкіндік беретін интернет сервис. Яғни, интернет жады (память). Dropbox-тан берілетін жадыңызды пайдалану үшін, алдымен, тіркелу керек. Және арнайы бағдарламаны жүктеп алып, қондыру керек. Сол кезде, сізге дропбокстың толық сыры ашылады.
Dropbox-тан берілетін жадыңызды пайдалану үшін, алдымен, тіркелу керек. Және арнайы бағдарламаны жүктеп алып, қондыру керек. 2010 жылдың 16 желтоқсанында сервистің тұрақты нұсқасы шықты. Ең алғаш осы сервистің идеясы компанияның негізін қалаушы Дрью Хьюстонда автобус арқылы Бостон-Нью Йорк тас жолында жүріп келе жатқанда туындаған.Ол осы сапарда өзінің жиналмалы сақтаушысын ұмытып кетіп, бос отырмас үшін өзінің ноутбугын алып іске кіріскен.

  1. OnLive сервисі

OnLive — компьютерлік ойындарға арналған цифрлық тарату жүйесі және бұлттық есептеулер тұжырымдамасын пайдаланатын бұлттық ойын қызметі. OnLive 2009 жылғы халықаралық ойын әзірлеушілер конференциясында жарияланды және 2010 жылдың 17 маусымында Құрама Штаттарда іске қосылды. Сервисті әзірлеу мен қолдауды Mova еншілес компаниясымен бірлесе OnLive компаниясы жүзеге асырды. OnLive компаниясының өзі венчурлық капитал Rearden компаниясының еншілес кәсіпорны болып табылады.OnLive қызметі бұлтты есептеулердің ойын баламасы болды: ойын қашықтағы сервердің жағында орналасып, өңделді, тек нәтиже деректері (бейне және дыбыс) интернет қосылымы арқылы пайдаланушыларға жеткізілді.
Бастапқыда ойын сервисіне OnLive бағдарламалық жасақтамасын басқаратын компьютер немесе Mac ғана қол жетімді болды. OnLive Game System биылғы жылы қосымша болды, бұл дәстүрлі консольдер сияқты қонақүй ойындары үшін арналған. OnLive компаниясы iPad-ға арналған қосымша шығарып, оларға ойын сервисіне тағы бір мүмкіндік беруді ұсынды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет