Циклограмма І апта ( Желтоқсан 2020ж.)



бет57/61
Дата07.01.2022
өлшемі2,54 Mb.
#19692
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
АКТ Құстардың суреті.

Қандай құстарды көріп тұрсыңдар?

Қыста құстарға қалай қамқор боламыз?

Суықторғай – жотасы қоңыр, кеудесі сұр, кішкентай құс. Олар үйірімен жүреді. Торғай – пайдалы құс. Ол зиянкес құрттар жəне дəнді дақыл, нан қиқымдарымен қоректенеді. Сарышымшық – жылдам ұшатын құс. Кеудесі сары-жасыл, басы, тамағы қара, құйрығы мен қанаты көгілдір, қарны сары, ал желкесінде ақ дақ бар. Суықторғай мен сарышымшық жазда жəндік жəне жидектермен қоректенеді, түрлі дəнді дақылдар да – олардың қорегі. Қыста адамдарға жақын жерге ұшып келіп, олар жасаған жемсауыттардағы жемді шоқып жейді. Тоқылдақ – орман құсы. Ағаш қуысындағы зиянды жəндіктермен қоректенеді. Оны «Орман дəрігері» деп атайды. Орманда оның тоқылдатқан дыбысын естуге болады. Көгершін (кептер) – қала, ауылда адамдарға жақын мекендейді.

Адамдар,  балалар  құстарға  жемшашар  жасап,  оған  нанның  қоқымын,  жем  салып  қамқорлық  көрсетеді.

Сергіту сәті.

Ептеп, ептеп, жерден бидай терейік, Тергеніңді торғайларға берейік.

Торғай, торғай томпаң-томпаң секірсін,

Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет