Циклограмма І апта ( Желтоқсан 2020ж.)



бет54/61
Дата07.01.2022
өлшемі2,54 Mb.
#19692
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   61
1.Математика негіздері

Тақырыбы: Жоғарыда, төменде, сол жағында, оң жағында, астында. Шаршы, тіктөртбұрыш. Мақсаты:Кеңістік қатынастар (сол жағында, оң жағында, үстінде, алдында) туралы түсініктерін қалыптас тыру.Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімін нығайту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: кубик, ойыншықтар,пішіндер

Оқу қызметінің барысы:

Шаттық шеңбер

Армысың, шапағатты, Күн ана

Армысың қайырымды, Аспан ана

Армысың мейірімді, Жер ана

Армысың менің достарым.

Кубизм әдісі арқылы жыл мезгілін сұрау.

Қызығушылықтарын ояту.

Өлең оқу.

Аппақ,аппақ,жапалақтап,

Қар жауады тынбастан.

Қалың орман қар жамылған,

Маужырайды түнгі аспан.

-Балалар, өлеңде не туралы?

Балалар мұқият тыңдайды және сұраққа жауап береді:

Балаларды мадақтау.

Балалар қардың артында тапсымалар бар екен,орындаймыз ба?

1-тапсырма: Қағаздың жоғарысына дөңгелекті, төменіне ұшбұрышты, оң жақ бұрышына шаршыны,сол жақ бұрышына сопақшаны орналастырыңдар.

Балаларды мадақтау.

2-тапсырма :«Топтағы заттардың қайсысының төрт бұрышы бар?» Кім тез айтады?

Балаларды мадақтау.

Сергіту сәті.

Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымды бес саусақ
Қосссақ егер екеуін
Болады екен он саусақ.


3-тапсырма.«Сөредегі ойыншықтар» ойыншықтардың қай жерде орналасқанын айтады.

-Қане, доп қай жерде тұр?

-Ол ненің қасында тұр?

Неден жоғары, неден төмен, қай заттардың ортасында тұр? т,б

Балаларды мадақтау.

4-тапсырма. Дидактикалық ойын: «Қандай пішінге ұқсайды?»

Қорытынды.

Сұрақ жауап арқылы қорытындылау.

Балалар қандай тапсырмалар орындадық?

Көңілді смайлктер беру.

2.Орыс тілі

Педагог жоспары бойнша



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет