Цитология Лейкоциттердің ядросынан нуклеин қышқылын тапқан ғалым Ф. Мишер


Триптофан аминқышқылын тасмалдайтын т РНҚ-ның антикодоны А-Ц-Ц-мен



бет2/7
Дата25.09.2022
өлшемі55,78 Kb.
#40185
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Триптофан аминқышқылын тасмалдайтын т РНҚ-ның антикодоны А-Ц-Ц-мен

  • аРНҚ-ның аялдау белгісі УАА,УАГ, УГА

  • Полипептид матрицадан бөлінеді Рибосомалар а РНҚ-ның оң жақ ұшына жеткенде

  • Бактерия жасушасында жүретін нәруыз биосинтезінің реттелуін тәжірибе жүзінде анықтады Жакоб, Львов, Моно

  • Дене немесе сома жасушаларының күрделі бөлінуі митоз

  • Жыныс жасушаларының күрделі бөлінуі мейоз

  • Қарапайымдардың тікелей бөлінуі амитоз

  • Ядроның бөлінуі кариокинез , цитоплазманың бөлінуі цитокинез

  • Бөлінуге дайындық кезеңі интерфаза 3 кезеңнен тұрады

  • Нуклеотидтер, аминқышқылдары, ферменттер, АТФжинақталады синтез алдыңғы кезеңде

  • ДНҚ молекуласы синтезделіп, екі есе артады.Хромосомалар екі еселеніп,хроматидаларекі бөліктен тұрады синтез кезеңі

  • ДНҚ мөлшері өзгермейді, РНҚ мен нәруыз синтезі жалғаса береді энергия жинақталады синтезден кейінгі кезең

  • Митоз процесі тұрады 5 фазадан

  • Хромосомалар жіңішке жіпше пішінге келіп, тығыздалып, жуандап, қысқарады. Ядрошық жойылып, центроиольдер екі еселеніп, полюстерге тартылады. Центриоль аралығында жіңішке ұршық жіпшелер түзіледі профазада

  • Ядро қабығы ериді, кариоплама мен цитоплазма араласады, екі еселенген хроматидалар бейберекет таралады прометафаза

  • Бас кезінде хромосома қабықшасы байқалады, хромосомалардың барлығы экваторға жинақталады,ахроматин жіпшелеріне жабысады метафаза

  • Ахроматин жіпшелеріне бекінген хроматидалар бір-бірінен ажырап, жеке хромосомаларға айналады, хромосомалар жасушаның екі жақ полюсіне тез жылжиды, ахроматин жіпшелері қысқарады, хромосома шиыршығы жазылады, хромосома ұзарып, жіңішкереді. Анафаза

  • Хромосомалар полюстерге жетіп, жылжуы тоқтайды, ядро қабығы түзіледі, ядрошық қалпына келеді, цитоплазма бөлініп екі жас жасуша п.б. телофаза

  • Амитозды бөлінуді анықтаған 1841 Ремак

  • Хромосомалардың толық жиынтығы диплоидты адамда 46

  • Хромосомалардың жартылай жиынтығы гаплоидты адамда 23

  • Адамдағы аутосомдық хромосомалар 22 жыныс хромосомалары 1 жұп

  • Нағыз жыныссыз көбею спора, бүршіктену арқылы көбею

  • Қолдан вегетативті көбею телу

  • Телу жұмысын жүргізген И.В.Мечурин

  • Жыныстық жолмен көбеюге қатысады аталық және аналық гаметалар

  • Табиғатта сирек кездесетін жыныстық көбею партеногенез

  • Партеногенездік жолмен көбею қабілеті бар жібек құртын алды Б.Л.Астауров

  • Мейоздың бірінші бөлінуі редукциялы

  • Мейоздың екінші бөлінуі эквационды

  • Мейоздың бірінші бөлінуінде хромосомалар саны екі есе азаяды

  • Мейоздың екінші бөлінуінде жыныс жасушалары п.б.

  • Редукциялық бөлінудің күрделі сатысы профаза

  • Жіңішке жіпшелер сатысы лептотена

  • Қосарланған жіпшелер сатысы зиготена

  • Хромосомалардың өзара жақындасуы коньюгация

  • Жіпшелердің бір-бірінен алыстау сатысы диплотена

  • Гомологты хромосомалардың бір-бірінен алмасуы кроссинговер

  • Ядро қабықшасы еріп, ядрошық жойылады, кариоплазма мен цитоплазма араласады, хроматидалар экватор жазықтығына жинақталады. Метафаза

  • Ұқсас хромосомалар екі полюске қарай тартылады,хромосома екі жіпшеден тұрады,хромосомалар полюске қарай тартылады. Хромосома саны бастапқы аналық жасушадағы хромосома санына қарағанда екі есе азаяды анафаза

  • Хромосомалар екі полюске жинақталады, ядро қабықшасы түзіліп, ядрошықтар синтезделеді,гаплоидты хромосомалары бар төрт гамета түзіледі. Телофаза

  • І телофазадан кейін ДНҚ екі еселенбейтіндіктен гаплоидті хромосома жиынтығы бар гаметалар п.б.

  • Мейоздың эквационды бөлінуі митоз процесіне ұқсас

  • Жыныс гаметаларының жыныс бездерінде дамып-жетілуі гаметогенез

  • Аталық жыныс жасушаларының даму процесі сперматогенез

  • Аналық жыныс жасушаларының даму процесі овогенез

  • Сперматогенез бен овогенез аймақтары: көбею, өсу, пісіп-жетілу, қалыптасу

  • Көбею аймағында жасушалар митоз жолымен бөлініп, жасушалар саны көбейеді

  • Өсу аймағында сперматоциттер төрт есе ұлғаяды

  • Жыныс жасушаларының диплоидты хромосомалары бірінен кейін бірі келетін екі рет бөліну салдарынан гаплоидты жиынтыққа айналады пісіп-жетілу аймағында

  • Сперматоцит жасушалары төрт сперматозоид гаметаларына айналады қалыптасу аймағында

  • Ең ірі жасуша жұмыртқа жасушасы

  • Аналық жыныс жасушаларының көбею кезеңі жүреді эмбриогенез кезеңінде жүреді, диплоидты овоциттер түзіледі

  • бірінен соң бірі екі рет бөлінудің нәтижесінде цитоплазмасы мол үлкен овоцит жасушасы және бағыттаушы денешік түзіледі Аналық жыныс жасушасының пісіп-жетілу аймағында

  • Гаплоидті хромосома жиынтықтары бар аналық және аталық жыныс жасушалары ядроларының қосылуы ұрықтану

  • Ұрықтанған жасуша зигота

  • Қосарынан ұрықтанатын ағзалар гүлді өсімдіктер

  • Триплоидті хромосома жиынтығы бар жасушадан түзіледі эндосперм

  • Диплоидті хромосома жиынтығы бар жасушадан дамиды ұрық

  • Гүлді өсімдіктердің қосарланып ұрықтану жолдарын ашты С.Г. Навашин

  • Ұрықтық ұқсастық жөніндегі ілімнің негізін қалады К.Бэр

  • Ланцетниктің эмбрион жасушаларын зерттеді А.О. Ковалевский

  • Биогенетикалық заңның негізін қалады Ф.Мюллер, Э.Геккель

  • Жеке даму кезінде ата-тектерінің ересек формалары емес, олардың ұрықтарына тән белгілер қайталанатынын анықтады А.Н.Северцов

  • Ұрықтанғаннан өмірінің соңына дейінгі даму-жеке даму онтогенез

  • Ұрықтың дамуы эмбриогенез

  • Туған сәттен басталады постэмбриогенез

  • Іші қуыс шар тәрізді бір қабатты ұрық бластула

  • Митозды жолмен бөліну нәтижесінде пайда болған бөлшектер бластомерлер

  • Екі қабатты ұрық жапырақшалары гаструла

  • Жеке мүшелер дамитын саты нейрула

  • Ұрықтың эктодерма қабатынан пайда болатын мүшелер ми мен жұлын, екі көз, тері жабыны, есту мүшесі, иіс сезу мүшелері

  • Энтодерма қабатынан пайда болатын мүшелер ас қорыту мүшелері, өкпе, бауыр, ұйқы безі

  • Мезодерма қабатынан пайда болады желі, бұлшықет, шеміршек, қаңқа, бүйрек, қантамырлар

  • Постэмбриондық даму жіктеледі: тура даму, түрленіп даму

  • Түрленіп дамиды қосмекенділер, бунақденелілер

  • Сүтқоректілер дамиды тура

  • Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым генетика

  • Генетика терминін ұсынды 1906 ж. У.Бэтсон

  • «Ұрық плазмасы» туралы болжам ұсынды А.Вейсман

  • Генетиканың негізін қалады Г.Мендель

  • Мендельмен қатар тәжірибе жасап генетиканың дамуына үлес қосты Г.де Фриз, К.Корренс, Э.Чермак-Зейзенегг

  • Тауықтың айдарының пішінінің тұқым қуалауын анықтады У.Бэтсон

  • Үй тышқандары жүндерінің ақ және сұр түстерінің тұқым қуалауын көрсетті Кюэно

  • Ген, генотип, фенотип ұғымдарын қалыптастырды 1909 ж. В.Иогансен

  • Организмнің тұқымқуалайтын қасиеттерінің өзгеретіндігін көрсететін мутация теориясын ұсынды Х.де Фриз

  • Радиоактивті сәулелердің төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда мутация тудыра алатынын дәлелдеді Надсон, Филиппов

  • Ген теориясын дамыту үшін эксперименттік және теориялық жұмыстар жүргізген ғалымдар Серебровский мен Дубинин

  • 1944 ж. тұқымқуалаушылықтың материалдық негізі –ДНҚ екендігін дәлелдеді О.Эври

  • Мендель өз тәжірибелерінде қолайлы объект ретінде қолданды асбұршақ

  • Асбұршақтың айрықша қасиеттері өсіруге қолайлы, өздігінен тозаңданады

  • Мендель асбұршақтың 34 сортының ішінен тәжірибеге алды 22 сортын

  • Ата-аналары бір-бірінен бір жұп белгілері бойынша айырмашылығы бар дараларды шағылыстыру моногибридті будандастыру

  • Доминантты басым белгі, рецессивті басылыңқы белгі

  • Доминантты гомозиготалы белгі АА

  • Рецессивті гомозиготалы белгі аа

  • Доминантты гетерозиготалы белгі Аа

  • Ата-аналық формалар Р

  • Гаметалар Г, шағылыстыру ×, аналық ♀, аталық , ұрпақтар Ғ

  • Мендельдің бірінші заңы біркелкілік

  • Мендельдің екінші заңы ажырау

  • Мендельдің үшінші заңы тәуелсіз тұқым қуалау

  • Қарама-қарсы белгілерді анықтайтын жұп гендер аллелді гендер

  • Ата-аналардан алынатын гендердің толық жиынтығы генотип

  • Организмге тән ішкі және сыртқы белгілердің жиынтығы фенотип

  • Аллельді гендердің екеуінің де әсері бірдей байқалып, аралық сипаттағы форманың қалыптасуы толымсыз доминанттылық

  • Намазшамгүл өсімдігіне жасалған тәжірибенің бірінші будандық ұрпағы толымсыз доминанттылық

  • Моногибридті будандастырудың Ғ2 ұрпағындағы белгілердің генетикалық өзгеруі АА,Аа,Аа,аа

  • Дигибридті будандастыру кезінде Ғ2 –дегі будандар фенотипі бойынша 9:3:3:1

  • Мейоз процесіндегі редукциялық бөліну аталық және аналық хромосомалардың ажырауына байланысты болатынын болжады Э.Бенеден

  • редукциялық бөліну және ұрықтану кезіндегі хромосомалардың орналасу тәртібі мен будан ұрпақтағы белгілердің тәуелсіз ажырауының арасында байланыс бар екенін анықтады В.Сеттон

  • 1905 ж. жынысты анықтаудың хромосомалық негізін сипаттады Э.Вильсон

  • Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясының негізін қалады Т.Морган

  • Т.Морган генетикалық зерттеу жүргізуге қолданған қолайлы жәндік дрозофила шыбыны

  • Дрозофила шыбынының диплоидты хромосомалар жиынтығы 8

  • Морган тәжірибесі бойынша Ғ2 ұрпақта алынды 17% ата-аналарына мүлде ұқсамайтын жаңа белгілер п.б., 83%-ы ата-аналарына ұқсас белгілердің тіркесіп тұқым қуалауы

  • Тіркесу топтарының саны хромосомалардың гаплоидті жиынтығына сәйкес келеді

  • Аллельді емес гендер бір-бірінен толық тәуелсіз болу үшін орналасады әр түрлі хромосомаларда

  • Жұп хромосомалардың айқасып, Х тәрізді фигуралар түзуі хиазма

  • Ұқсас жұп хромосомалардың айқасуы кроссинговер

  • Геннің хромосомадағы орны локус

  • Хромосомадағы гендердің арақашықтығының өлшем бірлігі морганида, сантиморган

  • Цитоплазмалық тұқымқуалауды зерттеді Корренс пен Баур

  • Қазтамақ пен намазшамгүлдің ала жапырақтарының тұқым қуалауы цитоплазма құрнамындағы пластидтер арқылы болады

  • Өсімдік жасушасындағы пластидтердің құрамындағы ДНҚ арқылы болатын тұқымқуалау пластидтік тұқым қуалау

  • Ашыту бактериясының тыныс алу кемістігін зерттеу барысында оның митохондрия құрамындағы ДНҚ-ның өзгеруіне байланысты екендігін анықтады Б.Эфрусси

  • Цитоплазмалық ұрықсыздықты ашты М.Родс

  • Дигибридті будандастырудың көрінісін толық бейнелеу үшін пайдаланады Пеннет торын

  • Цитоплазма және оның органоидтерінде шоғырланған тұқым қуалайтын факторлар плазмон деп аталады

  • Хромосомада болатын тіркес гендердің орналасу сызбанұсқасы генетикалық карта

  • Дрозофиланың 4 тіркестік топта шоғырланған гені 7000

  • Жүгерінің 10 тіркестік тобында болатын гені 1000

  • Төрт жұп хромосоманың әрқайсысының ұзындығын микроскоппен өлшеген К.Бриджес

  • Гендердің әрекеттесуі жіктеледі аллельді, аллельді емес

  • Гендердің аллельді әрекеттесуіне жатады толымсыз доминанттылық

  • Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің түрі 4 түрі бар

  • Екі немесе бірнеше аллельді емес доминантты гендердің бірін-бірі толықтырып, жаңа белгінің жарыққа шығуы комплементарлық

  • Бір ген екінші генді басып, оның белгісін жойып жіберуі эпистаз

  • Бір белгінің қалыптасуына бірігіп әсер ететін гендер полимерлі гендер

  • Полимерия құбылысын ашты Н.Г.Нильсон-Эле

  • Бірнеше генен тұратын аллельдер көптік аллель

  • Аутосомды хромосомалар саны 22

  • Аналықтағы жыныс хромосомасы гомогаметалы ХХ

  • Аталықтағы жыныс хромосомасы гетерогаметалы ХУ

  • Тауықтарда, құстарда, жібек құрты, көбелектерде аналық жыныс жасушасы гетерогаметалы ХУ

  • Шегіртке, қандалада аталықтарында ХО

  • Қаракүйеде аналықтарында ХО, аталықтарында ХХ

  • Жыныстық хромосомаларда орналасқан гендер арқылы тұқым қуалау Жыныспен тіркесіп тұқымқуалау

  • Қанның дұрыс ұюы доминантты ген Н

  • Гемофилия рецессивті ген Һ

  • Ауруды анықтайтын рецессивті ген орналасады Х хромосомада

  • Адамда болатын түрлі белгілер мен аурулардың тұқым қуалауын,оның шыққан тегіне қарай зерттеу генеалогиялық әдіс

  • Корольдер ауруы гемофилия

  • Ауру адамның кариотипіне (хромосомалар жиынтығына ) талдау жасау цитогенетикалық

  • Цитогенетикалық әдісті қолданып адамның жасушасында 22 жұп аутосомалар, бір жұп жыныстық хромосомалар болатынын анықтады Дж.Тийо, А.Леван

  • Бір жұмыртқа жасушасының 1 сперматозоидпен ұрықтануынан екі эмбрионның дамуы бір жұмыртқалы егіздер

  • Жеке даму барысында белгілі бір ауруды тасмалдайтын рецессивті гендерді анықтау арқылы болашақ ұрпақты ауыр зардаптардан алдын алу әдісі онтогенетикалық

  • Тұқым қуалайтын өзгерістердің адам популяциясына таралу жиілігін зерттеу популяциялық әдіс

  • ДНҚ-ға талдау жасау арқылы тұқым қуалайтын өзгерістерді анықтау әдісі биохимиялық әдіс

  • Хромосомалық ауруларға жатады Клайнфельтер, Шершевский-Тернер, Даун

  • Клайнфельтермен ауырады тек ер адамдар 1000 ербаланың екеуі ауырады

  • Клайнфельтер ауруының белгілері жыныс бездері дұрыс жетілмейді, ақыл есі кем, аяқ қолы шамадан тыс ұзын, денесіне сәйкес келмейді

  • Клайнфельтер ауруымен ауыратын адамның диплоидті хромосомалар жиынтығы 47 ХХУ

  • Әйелдерде кездесетін хромосомалық ауру Шершевский-Тернер, 1000 қыздың 4-уі ауырады

  • Шершевский-Тернер ауруының белгілері жыныстық жетілуі баяу, бедеу, бойы тапал, ақыл-есі кем, ашуланшақ.

  • Шершевский-Тернер ауруымен ауыратындардың диплоидті хромосомалар жиынтығы 45 ХО

  • Х хромосоманың артық болуына байланысты әйелдер арасында болатын ауру трисомия, алып әйел

  • Трисомия ауруымен ауыратындардың диплоидті хромосомалар жиынтығы 47 ХХХ

  • Алып еркек ауруымен ауыратындардың диплоидті хромосомалар жиынтығы 47 ХУУ

  • Трисомия ауруының белгілері бойы шамадан тыс ұзын, әлсіз, жүйке жүйесінің дамуында кемістігі бар.

  • Аутосомалардың дұрыс ажырамауынан болатын хромосомалық ауру Даун

  • Даун ауруының белгілері ақыл-есі кем, бойы аласа, беті дөңгелек, көзі қысыңқы әрі бір-біріне жақын, аузы жартылай ашық

  • Даун ауруының диплоидты хромосомалар жиынтығы 47

  • Шезофрения ауруының бір түрі фенилкетонурия

  • Фенилкетонурия ауруының пайда болу себебі фенилаланиннің триптофанға айналмауынан

  • Фенилкетонурияның белгілері миы мен жұлыны зақымдалып, психикасы төмендейді

  • Фенотиптік немесе тұқым қуаламайтын өзгергіштік модификациялық

  • Модификациялық өзгергіштік кезінде сыртқы орта жағдайлары әсерінен фенотип өзгереді

  • Организмдердің генотипінің, хромосомалар мен олардың құрам бөліктерінің өзгеруіне байланысты болады мутациялық өзгергіштік

  • Мутация ұғымын қалыптастырды Де Фриз

  • Сыртқы орта факторының әсерінен пайда болған мутация мутагендер

  • Радиоактивті сәулелер, ультракүлгін сәулелер, лазер сәулелері жатады физикалық мутагендерге

  • Колхицин, этиленимин, никотин қышқылы жатады химиялық мутагендерге

  • Жасушадағы зат алмасу процесінде түзілетін кейбір ыдырау өнімдері мен организмге тағам арқылы келіп түсетін радиоактивті заттардың ағзада жиналуынан болады биологиялық мутагендер

  • ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердің орналасу ретінің өзгеруіне байланысты болатын мутация гендік

  • Хромосомалардың құрылымының өзгеруінен болатын мутация хромосомалық



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет