Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011


Бала тәрбиесінде ойынның рөлі



Pdf көрінісі
бет61/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   101
Бала тәрбиесінде ойынның рөлі
Баланың  дамуы  мен  мінез-құлқының  қалыпта-
суында  сүйіспеншіліктен  кейінгі  екінші  рухани  азық 
–  ойын.  Ойынсыз  өткен  балалық  шақ  сүйіспеншілік 
көрмей өсумен тең. 
Бала үшін ойын – өмірді танытатын құрал іспеттес. 
Ойын барысында неше түрлі қиындықтарға ұшырасқан 
бала, сол қиындықтарды жеңуге тырысу арқылы өмірге 
бейімделеді.  Әлеуметтік  қарым-қатынасты,  қоғамдық 


143
Тәрбие тармақтары
іс-әрекетті  ойын  арқылы  (үйшік-үйшік,  дәрігерлік 
т.б.  ойындар)  үйренеді.  Қиял  күші  шарықтап,  ойын 
қимылдары арқылы баланың бұлшық еттері күшейеді. 
Бала достарымен бірге ойнау барысында тек уақытын 
көңілді  өткізіп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  сөздік 
қоры,  ойлау  өрісі  кеңейіп,  жылдам  жауап  беру,  тез 
шешім  қабылдау,  т.б.  қабілеттері  жетіле  түседі.  Ішкі 
көңіл күйі мен жігерін ойын арқылы сыртқа шығарады. 
Яғни,  бала  санасының  дамуы  мен  кісілік  келбетінің 
қалыптасуында ойынның рөлі үлкен. Тіпті жыныстық 
тәрбиеде  де  ойын  өте  маңызды.  Осы  тұрғыдан  пси-
хологтар  бала  үшін  ойынды  өмірлік  маңызы  бар 
қажеттіліктердің  бірі  деп  санаған.  Тіпті  кейбір  ау-
руларды  ойын  терапиясымен  емдеуге  болатынын 
айтқан.  Ойын  арқылы  бала  адамгершілік  қасиеттерді 
бойына  біртіндеп  сіңіреді  және  ой-жүйесі  дамиды. 
Тапқырлыққа,  шыдамдылыққа,  ептілікке,  қиялдауға, 
ойлауға, табандылыққа дағдыланады. Халқымыз «Ой-
най білген, ойлай біледі» деп бекер айтпаса керек.
Пайғамбарымыз  балалардың  ойынына  қатты 
мән  берген.  Себебі,  олар  ойнау  арқылы  «үлкен 
ойын»  саналатын  өмірге  дайындалады.  Өмірдің  қыр-
сырымен  танысу  балалық  шақта  ойын  арқылы  бас-
талады.  Болашақта  оның  мойнына  жүктелетін  рөлді 
өз  деңгейінде  ойнауға  дағдыланады.  Сондықтан 
Пайғамбарымыз  немерелерінің  тәрбиелеріне  тікелей 
өзі  көңіл  бөліп,  Хасан  мен  Хұсейінге  (р.а.)  және 
қызметінде  жүрген  Әнәсқа  көшеге  шығып  балалар-
мен  қосылып  ойнауына  мүмкіншілік  берген,  тіпті  өзі 
бұған  мұрындық  болған.  Кейде  Хасан  мен  Хұсейін 
кешке  дейін  Пайғамбарымыздың  жанында  ойнайтын. 


144
Исламдағы бала тәрбиесі
Кеш түскенде Пайғамбарымыз оларға «Енді аналарыңа 
бара қойыңдар» деп үйлеріне қайтаратын. «Баласы бар 
адам баласымен бала болсын» деп, әкелерге балаларын 
ойнатуды  өсиет  еткен  Пайғамбарымыз  немерелерін 
иығына, арқасына мінгізіп ойнататын. Бір күні хазірет 
Омар  (р.а.)  үйге  кірген  кезінде  Пайғамбарымыздың 
немересі Хасан мен Хұсейінді арқасына мінгізіп алып 
жүргенін көріп: «Астарыңдағы аттарың қандай күшті» 
деп  балаларға  әзіл  айтады.  Сонда  Пайғамбарымыз: 
«Бұл  аттың  шабандоздары  да  сондай  керемет»,  –  деп 
немерелерін мәз-мейрам етеді. Сондай-ақ сахаба Жабир 
(р.а.) Пайғамбарымыздың бөлмесіне кірген кезде оның 
арқасына немерелерін мінгізіп алып, еңбектеп жүргенін 
көреді. Кейбір сахабалар Пайғамбарымыз намаз оқып 
жатып, сәждеге жығылғанда немерелері сол сәтті күтіп 
тұрып,  арқасына  секіріп  мініп  ойнайтынын  айтады. 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
  оларға  еш  тыйым 
салмайтын. Қайта құлап қалмасын деп демейтін. Кейде 
екеуін екі иығына отырғызып алып, көшеге шығатын. 
Әсіресе қызы Фатиманың үйіне барғанда дереу екеуін 
иығына мінгізіп алып, сосын құшағына алып сүйетін. 
Кейбір  риуаяттарда  Пайғамбарымыздың  Абдуллаһ 
ибн  Зубәйрді  де  иығына  мінгізгені  жайлы  айтылады. 
Яғни,  Пайғамбарымыз  өзінің  немерелерін  ғана  емес 
басқа балалардың да осылайша көңілін көтеріп, ойната-
тын. Сахабалар да балаларын иықтарына, арқаларына 
мінгізіп ойнатқан екен. 
Кейбір  мәліметтерде  Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)
  немерелерін  ойнату  үшін  қолынан  ұстап, 
аяғын  аяғының  үстіне  қойдырып:  «Өзі  кішкентай, 
өзі  кішкентай.  Қане  шық,  көзі  кішкентай»,  −  деп 


145


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет