ЕКІНШІ АҚАБА КЕЛІСІМІ
Біздің эрамыздың 622-жылы...
Пайғамбарлықтың он үшінші жылы...
Қағбаны дәстүрлі зиярат заманы келгенде Мусаб ибн Умайр
пайғамбарымызды Мәдинадағы ахуалдан өзі хабардар ету үшін бір топ
мұсылманмен бірге Меккеге келеді. Келгендердің жалпы саны - жетпіс бес
адам, олардың екеуі - әйел.
Меккеге кірген соң көпшіліктің назарын аудармау үшін араларынан
бірнеше кісіні Қағбаға - Мұхаммедке (с.а.у.) хабар беруге жолдайды.
Расулаллаһ бұл сәтте Харам мешітінде Хазіреті Аббаспен сұхбаттасып
отырған. Мәдиналық өкілдер кірген бойда оларға сәлем беріп:
"Уа, Расулаллаһ! Біз Мәдинадан келдік. Топ адамның ішінен бізді
хабаршы етіп жіберді. Өз арамызда сенің жолыңнан таймауға, саған әрдайым
көмектесуге, сен үшін, сенің дінің үшін қажет болса жанымызды қиюға
серттескенбіз. Осы мәселелер төңірегінде өзіңізбен кеңірек әңгімелессек
деген ойымыз бар еді, кездесетін орынды белгілесеңіз", - деді.
Ардақты Пайғамбарымыз тағы да Ақабада жолыққанды жөн санады.
Жүздесу түн жарымында жүзеге асырылмақ. Жан-жақтағыларға сыр
білдірмеу, түнде жұртты күдіктендірмеу үшін бір-бірлеп жиналу жайы да
баса ескертілді.
176
Мәдиналық мұсылмандар осы талаптарды орындап, түн ортасы ауғанда
жан баласына сездірместен Ақабада бас қосады.
Хазіреті
Мұхаммед
(с.а.у.)
Ақабаға
әлі
де
мұсылмандықты
қабылдамаған бауыры Хазіреті Аббаспен бірге барады. Хазіреті Аббастың
мақсаты - жақынын маңызды мәселеде жалғыз тастамау, әрі болатындарды өз
көзімен көру еді.
Алдымен сөз алған да сол. Мәдиналық мұсылмандарға қарап, әркімнің
өзіне сенімі болса ғана бұл іске кірісулері қажеттігін, көңілдерінде аз күмән
болатын болса, осы бастан баз кешкендері дұрыс екенін сөз етті. Мәдинадан
келгендер Аллаһ Расулының лебізін өз аузынан тыңдағанды хош көрді. Бәрі
жапа-тармағай:
"Уа, Расулаллаһ! Не тілегің болса айт, Аллаһ үшін, өзің үшін сертімізді
ал", - десті.
Мұнан соң мәдиналық меймандардың көш бастаушысы Хазіреті Әсад
ибн Зурара пайғамбардан рұқсат сұрап, сөз бастады:
"Ей, Аллаһтың Нәбиі! Әрбір шақырудың өзіне тән жөн-жоралғысы бар,
ол жол қиын не жеңіл болады.
Бүгінгі сенің халыққа тастаған үндеуің - адамдар оңайлықпен қабылдай
қоймайтын шетін жол.
Сен бізді сонау ата-бабаның ғұрпымен сеніп келген дінімізді тастап, өз
дініңе бас июге шақырдың. Айтуға жеңіл болғанмен, шынтуайтында оңай
шаруа емес. Соған қарамастан біз сенің ұсынысыңды қабыл еттік.
Біз туған жерімізде баршадан үстем, жұртқа сөзіміз өтетін тайпа едік.
Өз туысқандарың сенен безіп, мойындамай жатқанда саған шын көңілден
иландық. Айтқандарыңды құптадық.
Аллаһ Тағала тура жолға түсіріп, ақиқатты нәсіп етпесе анау-мынау
адамның өз еркімен құптай қоймасы да хақ. Алайда біз тілімізді кәлимаға
келтіріп, жүрегімізбен иманымызды бекіттік. Бар ықыласымызбен сенің
өнегеңе берілдік.
Аллаһтан аян болған уахиларыңды біліп, сеніп, саған серт беруге
келдік.
Біз Раббымыздың алдында ант ішеміз!
Аллаһтың құдіретіне сеніп, сенің елшілігіңе куәлік еттік.
Жанымызды, малымызды, отбасы, бала-шаға, әйел аналарымызды
қалай қорғасақ, саған да солай қорған болуға әзірміз!
Егер осы сөзімізде тұрмайтын болсақ, Аллаһтың алдында антұрған,
бейбақ біз болайық!
Уа, Расулаллаһ! Енді Жаратушы Аллаһ үшін, өзің үшін қоятын талап-
тілектеріңді бұйыр!" - деп, Хазіреті Әсад сөзін түйіндеді.
Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.) алдымен Құраннан бірнеше аят оқып,
оларды тура жолға шақырып, сөзін жалғады:
"Ұлы Аллаһ Тағала үшін сіздерге қоятын шартым мынау - Оған еш
нәрсені ортақ қоспастан ғибадат қылыңыздар... Намаз оқып, зекет беріңіздер.
Өзім үшін қояр талабым:
177
Аллаһтың пайғамбары екендігіме куәлік келтіріңіздер; Өздеріңізді,
әйел, бала-шағаларыңызды қорғағандай мені де қорғаңыздар!
Осы тұста Абдуллаһ ибн Рәуаха тұрып:
"Уа, Расулаллаһ! Осы айтқандарыңды орындасақ, нәтижесі не болмақ?"
- деп, сауал тастады.
Пайғамбарымыз:
"Нәтижесі - жәннат сыйы", - деп жауап берді де, жоғарыда айтқан
шарттарын қайталады. Сонан соң:
"Әрбір істе маған жәрдемші, баршылықта да, таршылықта да қолдаушы
болатын он екі өкіл тағайындаңыздар. Мұса пайғамбар да бір кездері
Исраиыл ұлдары арасынан он екі өкіл сайлаған", - деді.
Мәдиналық мұсылмандар кеңесе келе хазраж руынан тоғыз, әустерден
үш өкіл сайлады.
Достарыңызбен бөлісу: |