175
8) Аббас ибн Убада;
9) Қутба ибн Амир;
10) Уқба ибн Амир;
11) Уәйм ибн Саида;
12) Әбул Хәйсам Малик ибн Тәййіхан
Мәдиналық мұсылмандар Ақабадағы мәміледен соң туған жеріне
қайтып, Исламның көкжиегін кеңейтуге бар күштерін салды...
Арадан біраз уақыт өткенде мәдиналық мұсылмандар Расулаллаһқа
қолқа салып, Исламның қағидаларын жан-жақты үйрететін
Құран
тағылымын жүргізетін тәлімгер ұстаз жіберуін өтінеді...
Аллаһ Расулы олардың бұл өтініштерін сол заматта орындайды.
Мәдиналықтарды иман нәрімен сусындату үшін құрайыштан шыққан
жаратылысынан нәзік, жоғары мәдениетті, парасаты мен көркі үйлескен жас
сахаба Мусаб ибн Умайр лайық деп табылады.
Мәдиналық мұсылмандардың жетекшісі
Әсад ибн Зурара Меккеден ат
арытып ақиқат жолын үйретуге келген Мусаб ибн Умайрды өз үйіне
орналастырады.
Сол күннен бастап Әсадтың үйі Құран шәкірттерінің білім ордасына
айналады.
Расулаллаһтан тікелей дәріс алған Хазіреті Мусаб уақытты, шарттарды
өте
ыждағатты пайдалана білетін, кез келген мүмкіндікті қалт жібермейтін
аса ұқыпты жігіт еді. Бар қажыр-қайратын
Мәдинада мұсылмандықтың кең
өрістеуі үшін жұмсаған. Ел ағаларымен кеңесіп, жиі кездесіп жұмсақ тілімен
жылы лебізін білдіріп Исламды түсіндіруге тырысатын.
Достарыңызбен бөлісу: