204
қолға алады. Ендігі мақсат - муһажир мұсылмандар мен жергілікті халық
арасына, от тастау. Саналарын билеген сайқал сезім мүшріктердің дегбірін
қашырып, ақыры - мұсылмандарды емен-жарқын қарсы алып, қошемет
көрсетуші әнсарларға ескерту ретінде екі рет хат жолдайды. Үшбу хаттағы
жазылғандар ескертуден гөрі қорқыту-үркітуге ұқсайтын. Мұсылмандарды
қолдауын қоймаса, адам айтқысыз ауыр халге душар болатындықтары
айтылған суыт хабарларға әнсарлар бой алдырмады, қайта көмек-демеуді
күшейте түсті. Азаматтық әрекеттерімен қауіп-қатерге бірлесе бас
тігетіндіктерін білдірді. Ескертулерінің жан баласына шыбын шаққан құрлы
әсер етпегенін аңдаған мүшрік хабаршылары үнжырғасы түсіп елге қайтты.
Осылайша мәдиналықтарды Хазіреті Мұхаммедке қарсы қоюдың мүмкін
еместігі де айқындалды.
Достарыңызбен бөлісу: