208
уақыты кіргенде мәжусилер сынды от жағып
биік төбенің басынан белгі
беруді ұсынды. Расулаллаһ бұл ұсыныстардың ешбірін құптамады.
Хазіреті Омар тұрып:
"Уа, Расулаллаһ! Халықты намазға шақырушы етіп біреуді сайлап
қойсақ қайтеді?" - деді.
Мұхаммед(с.а.у.) Хазіреті Омардың ойын құптап сол жерде Хазіреті
Біләлге:
"Уа, Біләл!
Орныңнан тұрып, ел-жұртты намазға шақыр!" - деп
бұйырады.
Біраз уақытқа дейін Хазіреті Біләл намаз уақытында Мәдина көшелерін
"Намазға! Намазға келіңдер" деп жар салып аралап шығатын.
Хазіреті Біләл намазға шақырушы боп тағайындалған соң арадан
бірнеше күн өткенде Абдуллаһ ибн Зәйд түс көреді. Түсінде
оған азанды
қайтіп шақыру керектігі үйретіледі.
Абдуллаһ таң атар-атпастан қуанышы қойнына сыймай келіп, көрген
түсін Мұхаммед пайғамбарға (с.а.у.) бүге-шігесіне дейін баяндап береді.
Хазіреті Мұхаммед те (с.а.у.) тыңдап болған соң "Бұл түсте шындық бар" деп
азан шақыруды дәл сол күйінде қабылдайды.
Хазіреті Абдуллаһ пайғамбарымыздың бұйыруымен түсінде аян болған
азан айтудың ретін Хазіреті Біләлге үйретеді. Сол сәтті асыға күткендейін,
Хазіреті Біләлдің асқақ та айбарлы дауысы
Мәдина көкжиектеріне ұласып
жатты.
Достарыңызбен бөлісу: