"Уа, Аллаһым! Олар жаяу, жалаң аяқ, сен оларға көлік жеткіз.
Аллаһым! Олар жалаңаш, сен киіндір оларды.
Аллаһым! Олар аш, тойындыра гөр!
Аллаһым! Олар жоқ жітіктер, жарлы-жақыбайлар, берекетіңмен
молшылыққа кенелткейсің!"
223
Мұнан соң тағы да әрдайым аузынан тастамайтын үйреншікті дұғасы
қайталанды:
"Уа, Аллаһым! Маған берген уәдеңді орындағайсың!
Уа, Аллаһым! Мына ат төбеліндей санаулы әскерлерім жеңіліске
ұшыраса, жер бетінде саған ғибадат ететін тірі пенде қалмайды!".
Ата жолын қуса игі...
Тағы да ғибратқа толы көрініс. Мусаб ибн Үмәйір мұсылмандардың
байрағын көтерген, хақ жолын ұстанушы, ал туған інісі Әбу Әзиз ибни
Үмәйір мүшріктің туын көкке көтеруші. Ал Хазіреті Әбу Бәкір - Аллаһ
Расулының екі дүниедегі айнымас серігі ұлы Абдуллаһпен бірге
мұсылмандар сапында, екінші ұлы Абдуррахман болса мүшріктердің
мықтылары арасында. Батылдығымен, батырлығымен, мергендігімен мәшһүр
Абдуррахман ортаға шығып, жекпе-жекте қарсыласар адам сұрады. Хазіреті
Әбу Бәкір шыдамай, ұлымен айқасу үшін Пайғамбарымыздан рұқсат сұрады.
Алайда Аллаһ Елшісі:
"Уа, Әбу Бәкір, сен менің көзімнің қарашығысың. (Саған қалай рұқсат
берермін?)", - деп тиым салды.
Ұлына қаны қайнап, қатуланған Хазіреті Әбу Бәкір:
"Ей, Абдуррахман! Әкеге деген ізет қайда?" - деп айқайлады.
Абдуррахман шімірікпестен әкесіне: "Екеуміздің арамызда қарудан,
жүйрік аттан және қылыштан басқа байланыс қалмады", - деп жауап береді.
Шайқас басталды
Рамазан айының 17-і, жұманың таңы. Екі жақ қызу шайқасқа кірісіп
кеткен. Қанды қақтығыс үдей түсуде. Сүйікті Аллаһ Елшісі әскерлеріне
ұрандап, рухтарын көтеріп, шейіттердің жәннаттық екенін баса айтып,
жеңіске ұмтылдыруда. Расулаллаһтың демеуімен мужаһидтер алға ұмтыла
түсті. Аллаһ Расулы өзі де қызу ұрысқа араласып, сарбаздарын жігерлендіре
берді. Хазіреті Әли бір сөзінде былай дейді:
"Бәдір шайқасы қызған тұста Расулаллаһты паналадық. Сол қанды
қырғында ең батыл, ең жүректіміз Сол еді. Мүшріктер сапына барынша
жақындап, айқасқан да - Сол."
Бәдір шейіттері
Хазраж руынан Харис ибн Сурақа есімді сахаба соғыс алаңынан
ұзағырақта су қауызының жанында тұрған. Жау оғы алдыңғы шептегі
мужаһидтерден асып өтіп, зулаған күйі жайбарақат тұрған Хариске тиіп,
шейіт етеді. Әнсардың бірінші шейітінің хикаясы өзгелерге сабақ болғандай.
Қырғын қыза түскен. Әскерлер бірін-бірі бас-көз демей жаралап, қолға
түскенін түскендей найзамен түйреп сұлатып жатты. Пайғамбарымыз (с.а.у.)
сәт сайын әскерлеріне күш беру мақсатымен:
"Бүгін Аллаһтың ризалығы жолында сабыр мен қайратын жұмсап,
үздіксіз алға ұмтылғандар, осы жолда жан бергендер Аллаһтың жәннатынан
орын аларына Аллаһтың атымен ант етемін" - деп қайталаумен болды.
224
Әнсар мұсылман Үмәйір ибн Қумам осы сөзді есіте сала: "Неткен
ғажап! Керемет! Жұмаққа кіру үшін мына ақымақтардың қолынан өлгеннен
басқа ештеңе қажет емес екен", - деп қылышын қайрап, шейіттік мәртебесінің
ұлылығын мадақтап бәйіт оқыған күйі ұрысқа кіреді. Бірнеше мүшріктерге
"сыбағасын" берген ол, қапыда қаза болады да, тілегеніне қауышады.
Достарыңызбен бөлісу: |