226
құрайыш мүшріктері бет алды қаша бастады. Құтылғаны құтылып, қолға
түскендері
тұтқындалады.
Шайқас
алаңы
қашқандар
мен
ықтыра
қуғандардан арылып, саябырсыған сәтте пайғамбарымыз Әбу Жәһилдің өлі-
тірісін анықтауды бұйырады.
Бәдір қанға бұлыққан. Өлілердің кейбіреуін тану мүмкін емес. Азулы
дұшпанды да таба алмаған мұсылмандарға Аллаһ Елшісі:
"Әбу Жәһилдің тізесінде жарақат ізі бар, соған қарап іздеңдер. Бір
кездері Абдуллаһ ибн Жуданың үйінде қонақта болғанда тізесінде
жазылмайтын жара барын көріп едім", - деді.
Хазіреті Абдуллаһ ибн Мәсуд сол нұсқаумен қаскөйді іздеп, өлім
аузында жатқан жерінен табады. Көрген бойда аяғымен мойнын басып
тұрып:
"Ей, Аллаһтың дұшпаны, Құдіретті Аллаһ Тағаланың сені қор
қылғанына ақыр аяғында көзің жетті ме?" - дейді. Ажалмен арпалысып жатса
да залымдығынан танбаған Әбу Жәһил:
"Ей қойшы! Өзің бірдеңе бітіргендей көлгірсуіңе жол болсын. Әйгілі
адамдардың өз ру, тайпасының ақымақтарының қолынан өлуі бірінші рет
емес. Сен одан да жеңіс кімнің жағында екенін айт", - дейді ыңырсып.
Абдуллаһ ибни Мәсуд мастанып:
"Аллаһ пен оның Расулы жеңді", - дейді.
Өңі қашып бозарған дұшпан ағасы күпірліктен көз ашпаған күйі:
"Мұхаммедке айта бар, бүгінге дейін жауласып келіп едім. Бүгіннен
кейін дұшпандығым тіпті артты", - деді.
Сахаба оның бұл жексұрын әрекетіне шыдай алмай басын жалаңдаған
қылышымен қағып түсіреді. Сөйтіп Әбу Жәһил соңғы демінде де күпірлікке
бойлап, тозақтың төріне озды. Хазіреті Абдуллаһ ибни Мәсуд кәпірлердің
көшбастаушысының басын Аллаһ Елшісі мен мұсылмандарға әкеліп
көрсеткен сәтте Хазіреті Мұхаммед:
"Құлынан жәрдемін аямаған, дінін биікке асқақтатқан Аллаһ барша
мақтауға лайық", - деді де, Әбу Жәһилді нұсқап: "Бұл үмметтің перғауыны -
осы", - деді.
Бірнеше сағатқа созылған қанды шайқаста мұсылмандар жеңіс
тұғырына көтерілді. Он төрт сахаба шейіттік шәрбатын ішті. Мүшріктерден
70-ке жуық адам өледі, оның 24-і қол бастағандар еді. Пайғамбардың
бұйыруымен мүшріктердің мәйіттері тобымен бір шұңқырға көміледі.
Шейіт мұсылмандардың жаназасы Бәдірде шығарылады. Жеңіс
мұсылмандардың ертеңіне деген үмітін ұштап, сенімдерін нығарлай түсті.
Күдік пен күмән біржола сейілді. Расулаллаһ Мәдинаға екі хабаршы жіберіп
жеңістің сүйіншісін жеткізді.
Достарыңызбен бөлісу: