Муғжиза мекен таңдамайды Қызыл қырғын айқас. Тас, құм, қылыш, садақ, тарс-тұрс, зу-зу, сарт-
сұрт. Екі жақ та өліспей беріспеуге бекінген сол мезетте Аллаһ Расулы
жерден бір уыс топырақ алып кәпірлер әскерлеріне қарай шашып кеп қалды
да:
"Жүздері қарайсын! Уа, Аллаһым! Жүректерін үрей билеп, аяқтары
дірілдесін!" - деп дұға етті.
Жаратқанның қолдауымен, әлгі бір уыс топырақ бүкіл мүшріктің көзіне
кіріп, олар көздерін уқалап әлекке түсті де қалды.
Құранда бұл оқиға туралы :
"Оларды сендер емес, Аллаһ өлтірді. Оны (құмды) шашқан да сен емес, Аллаһ" (Әнфал, 17) деп айтылады.
Иә, ардақты Пайғамбарымыздың - он сегіз мың ғаламның нұрының
қолына алған тас қиыршықтары зікір еткеніндей, құм түйіршіктері де
дұшпанға қарсы бомбаның қызметін атқарып, жауды қиындыққа ұшыратты.
Шайқас қызған сайын пайғамбарымыз сарбаздардың жігерін жанитын
ұрандармен әрлі-берлі жүгіріп, арасында Қағбаға қарап дұға жасап
жалбарынады... Жан-тәнімен берілгендігі соншалықты, иығына желбегей
жамылған шапанының сусып жерге түскенін де байқамайды. Мұны көрген
Хазіреті Әбу Бәкір мүбәрак жанның шапанын түскен жерінен іліп алып
иығына жауып жатып:
"Уа,
Расулаллаһ!
Раббың
сенің
мінәжатыңды
нәтижесіз
қалдырмайтындығына кәміл сенемін», - дейді.
Сүт пісірім уақыт өткенде Аллаһ Расулының қуанышты дауысы,
естіледі:
"Сүйінші, уа, Әбу Бәкір! Көрмейсің бе, Аллаһтан көмек келді. Анау
күм төбесінде қаруланып, сайланып тұрған Жебірейіл періште атының
тізгінін тартып, бұйрық күтіп тұр!".
Құран Кәрімде Али Имран сүресінің 123-124 аяттарына осы оқиға
арқау болған. Онда "Сендер (қару, сан және көлік жөнінен дұшпаннан өте) аз әрі әлсіз болғанда Аллаһ сендерге Бәдірде жеңіс сыйлады. Олай болса Аллаһқа қарсы келуден сақтаныңдар, шүкір еткен боларсыңдар.