239
Осы
жылдың тағы бір оқиғасы, муһажир мұсылман Осман ибн
Мазунның мәңгілік сапарға аттануы. Муһажирлерден
бірінші болып Бақи
зиратына қойылған осы Осман ибн Мазун.
Алғашқы Құрбан айт намазы
Зилхижжа
айының
тоғызында
Мұхаммед
(с.а.у.)
мұсылман
жамағатымен намаз алаңына жиналды. Сол жерде алғаш рет азансыз,
қаматсыз екі рәкат құрбан айт намазын қылдырады.
Намаз оқылған соң
құрбандық шалу жөнінде хұтба оқып, оның мәнін жан-жақты түсіндіреді.
Өзі бас болып семіз екі ақ қошқар сатып алып сояды. Біріншісін құрбан
еткенде былайша дұға етеді:
"Аллаһым! Бұл сенің бірлігіңді мойындап, сенен маған түскендерге
иланған бүкіл үмметімнің атынан құрбан", екіншісін бауыздап жатып : "Бұл
Мұхаммед пен оның отбасы үшін", - дейді де етін жарлы-жақыбайға таратып
беріп, өздеріне де үлес айырады.
Ислам тарихындағы тұңғыш құрбан айты - осы.