267
сендермен әлім- құрығанша айқаспасам, анам баласыз қалсын!",- деп
өзін өзі қайрай береді.
Қаһарман сахаба оғы біткенде найзаман айқасты, найзасы сынғанда,
қылышына жармасты. Бірнеше мүшрікті сұлатқан сәттегі соңғы тілегі мынау
болды:
"Уа, Аллаһым! Мен сенің хақ дініңді қорғауға тырыстым. Сен де менің
денемді мүшріктерден қорға".
Қалған сахабалар да жандәрмен шайқасып жатты. Алайда жүз адамға
он адамның қайдан әлі келсін. Ақырында жетеуі шейіт болып, үшеуі
мүшріктердің өлтірмейміз деген сертінен соң өз еріктерімен берілді. Құрбан
болғандар арасында Асым ибн Сабит те бар еді. Тірі қалғандардың қолдарын
арттарына матап байлап, Меккеге алып жүрді. Ондағы мақсаттары -
мұсылмандарға тіс қайрап жүрген құрайыштарға сату. Жолай
Абдуллаһ ибн Тарық қашады, бірақ қолға түсіп қаза болады. Зәйд ибн
Дәсинна мен Хубайб ибн Адий Меккеде сатылады.
Асым ибн Сабит Ухудта Сулафа атты мүшрік әйелдің екі ұлын оққа
ұшырған-ды... Сол қатыгез әйел қаны қарайғаны соншалық, Хазіреті
Асымның басын қолға түсірсе, оны ойып шарап ішуге серт берген-ді.
Мүшріктер Асым ибн Сабиттің басын кеспекке әуреленеді. Ғажапты
қараңыз, өлерінен аз уақыт бұрын:
"Аллаһым! Мұсылман болған сәттен бері сенің ұлы дініңді, хақ
жолыңды қорғау үшін жанымды салдым. Бүгін ақырғы күнім. Сен де менің
денеме (мәйітіме) мүшріктердің қолын тигізе көрме, қорғай көр Жаратқан!"
деген Асымның дұғасы қабыл болып, басын алуға келген мүшріктер шейіттің
маңына жолай алмайды. Қайдан пайда болғаны белгісіз, ызыңдаған арадан ол
маңға аяқ басу мүмкін емес. Ертең алармыз деген оймен жауыз мүшріктер
кете барады. Алайда сол түні Аллаһтың күдіретімен шелектеп жауған нөсер
соңы селге ұласып, Асым ибн Сабиттің денесін шайып әкетеді. Таңертең
келгендер жер сипап аь ұрады. Жаратқан жар болды деген осы!
Достарыңызбен бөлісу: