271
Аллаһ Елшісі қасындағы жолдастарына мүшріктердің қаһарман сахабаларды
қоршауға алғанын, өлтіргелі тұрғанын, жайсаң жандар үшін Аллантан
кешірім сұрауды өтінді.
Осынау опасыздық пайғамбардың қабырғасын қайыстырып, қайғыға
батырады. Кейіннен Әнес ибн Малик:
"Расулаллаһтың Мауна маңында шейіт болғандарға қайғырғанындай
ешкімге, ешнәрсеге аь ұрып қайғырғанын көрген емеспін",- деген.
Аз уақыт ішінде Рәжи' және Мауна маңындағы оқиғалар салдарынан
сексенге жуық сардар сахаба шейіт болады.
Достарыңызбен бөлісу: