Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ


Хазіреті Хубайб пен Хазіреті Зәйдтің өлім



Pdf көрінісі
бет178/273
Дата06.10.2022
өлшемі2,95 Mb.
#41583
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

Хазіреті Хубайб пен Хазіреті Зәйдтің өлім 
Меккеге әкелген соң мүшріктер Хазіреті Хубайб пен Хазіреті Зәйдті 
саудаға салады. Бәдірде жақын-жуықтарынан айырылып мұсылмандарға 
кектене ызаланып жүрген құрайыштар көктен іздегендері жерден 
табылғандай қуанып, екі сахабаны сатып алады да, қапасқа қамап тастайды. 
Біраз қинап, қамауда азаптаған соң ел-жұрттың алдында қорлап өлтіруді 
ақылдасады. Бірнеше күннен соң Тән'им деген жерде халықты жинап, дар 
ағашын құрған құрайыш басшылары екі тұтқынды сол жерге әкеледі. Ең 
ақырғы рет, екі қаһарман бір-біріне сабыр тілеп, құшақтасып қоштасады. 
Айнала ине шаншар орын жоқ, иін тірескен жұрт. Бала-шаға, кәрі-
құртаң бейне бір қызықтан құр қалар кісіше анталап түр. Бәдірдегі жеңіліс 
пен Ухудтағы жартылай жеңістердің ызасын осы екі бейкүнәдан шығаратын-
дықтарына мәз. Әсіресе, атқамінерлері қоқиланып алған. 
Шұңқыр қазылып, ағаш дайындалған. Бірінші Хубайбты дар ағашының 
жанына апарады. Көңілі иманмен толып-тасқан Хубайбтың жүзі бұрынғыдан 


268
да нұрлы. Өйткені ол Аллаһ жолында шейіт болудың әркімге бұйырмас 
бақыт екенін іштей түсінген... 
Екі рәкат намаз оқуға рұқсат сұрап, датын айтты. Рұқсат берілген 
сәттегі қуанышын көздерінен оқуға болар еді. Намазын оқып болған соң 
мүшріктерге қарап: 
"Хубайб өлімнен қорқып намазын ұзатты демейтіндеріңе сенсем біраз 
тағы да оқыр едім",- деді. 
Хазіреті Хубайб - өлім жазасына кесілерден бұрын екі рәкат намаз 
қылу әдетін бастаған тұңғыш мұсылман. Мүшріктер оған: 
"Егер Мұхаммедтің дінінен бас тартып, ата-баба жолын ұстанар 
болсаң, аман қаласың",- деп ұсыныс айтты. Ержүрек сахаба: 
"Уаллаһи, бүкіл дүниені сыйға тартса да, Исламнан бас тартпаймын",- 
деп қасқайып тұрды. Мүшріктер мысқылдап: 
"Егер сенің орныңа Мұхаммедті (с.а.у.) өлтіреміз десек келіспес пе 
едің",- деді. 
Расулаллаһқа деген сүйіспеншілікке толы сахаба жұлып алғандай: 
"Аллаһтың атымен ант етіп айтамын, пайғамбарымның аяғына тікен 
батқанша менің үй-ішім, өмірім, бала-шағам құрбан болсын",- деп жауап 
қатты. 
Мүшріктер ақиқатқа берілудің ләззатын білмегендіктен сақылдап 
күліп, оны мазақ етті. Хубайб айнала қоршағандарға көз жүгіртіп өтті. 
Нұрдан ада, тыржиған қабақтан, шірктен қарауытқан жүздерден басқа 
ештеңе көре алмады... 
Расулаллаһқа сәлем жолдағысы келген, иман жүзді тіріжан көзіне 
ілінбеген соң дар ағашында өз аузымен жанындай жақсы көретін ұлы тұлғаға 
сәлем жолдап, Аллаһқа дұға етті. 
"Уа, құдіреті күшті Жаббар Ием! Дәл қазір мені қоршаған 
дұшпанарасынан Расулыңа сәлем айтардай пенде көре алмай қиналып 
тұрмын. Сәлемімді, Оған Өзің жеткізе гөр, Аллаһым! 
Аллаһым! Сен бізге ұлы Расулыңның пайғамбарлығын білдірдің! 
Басымызға түскен оқиғаларды да Оған таң ертемен өзің білдіргейсің!" 
Осынау мүңды дұға жасалған сәтте-ақ Аллаһ Расулына білдірілді. 
Мәдинада отырған жерінен Хубайбтың сәлеміне "Уағалейкумсәлам" деп 
жауап берді де "Құрайыш мүшріктері Хубайбты шейіт қылды" деді 
қасындағыларға қарап. 
Хубайб қолынан ағашқа байланды. Қарсы алдында найзаларын безеген 
қырық жігіт, бұйрық берілгені сол-ақ екен оңды-солды түйреп, қаһарман 
сахабаны қинай бастады. Бір сәтте Хубайбтың беті Қағбаға бұрылды. 
Қиналып жатып: 
"Аллаһқа мың да бір шүкір, жүзімді өзінің, Расулының, бүкіл 
муминдердің күбыласына қарай бүрды",-деді. 
Құрайыш мүшріктері бұған да ызаланып, оның бетін Қағбадан теріс 
бүруға тырысты. Алайда хаққа шын берілген сахаба Қағбаға қараған күйі жан 
тәсілім бергенді қалап: 
Рақымды Аллаһқа жалбарына бастады: 


269
"Аллаһым! Егер сенің назарыңда қайырлы құл болсам, жүзімді 
құбылаға қарай бұра көр" 
Қағбаға бұрылған Хубайбтың жүзін мүшріктер еш өзгерте алмады. 
Сахаба Хубайб ауыр азапталған тән қиналысын сездірмеген күйі 
дауыстап айтты: 
"Уа, Аллаһым! Құрайыш мүшріктерін азаптап, қинағайсың. Аяқтарын 
аспаннан келтіріп, бәрінің жанын алғайсың!" 
Бүкіл даланы жаңғыртқан дауыстан мүшріктер қатты қорықты. 
Біреулері құлақтарын бітесе, енді біреулері жерге жата қалып асып-састы. 
Хубайб өлгеннен соң да сол қорқыныштан арыла алмай, шошымалыға 
шалдыққандар көп болды. Найзаның үшкір ұшымен аяусыз азапталған 
Хазіреті Хубайбтың денесі шұрық-тесік күйінде кеудеден жаны шыққанша 
Аллаһтың бірлігін, Расулының хақтығын айқайлаумен болды... Ол Аллаһ 
жолында дарға асылған тұңғыш мұсылман еді... 
Хазіреті Хубайбтан соң кезек Хазіреті Зәйдке келді. 
Мүшріктер оны да дарға байлап, Хубайбқа айтқан ұсыныстарын оған
да қайталады. Садық сахаба иманның ләззаты үшін жанын пида ететінін 
айтып қаһармандықтың үлгісін тағы да көрсетті. 
Әбу Суфиан таңданысын жасыра алмай: 
"Мен адамдар арасында мұндайды - асхабының Мұхаммедті (с.а.у.) 
жақсы көргеніндей махаббатты бұрын соңды көрсем, көзім шықсын",- деп 
қарғанды. 
Айтқаннан түк шықпасын сезген мүшріктер артық сөзге келместен 
Зәйдке жан-жақтан оқ атып, шейіт қылады. 
Сөйтіп екі сахаба да Аллаһ пен Расулына деген сүйіспеншіліктерінен 
айнымаған күйі хақ жолында жан тәсілім берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет