Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ



Pdf көрінісі
бет213/273
Дата06.10.2022
өлшемі2,95 Mb.
#41583
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

Кәсуаның шөгуі 
Парасат пайғамбары Кәсуа атты түйесінің үстінде. Кәсуа Меккенің 
шекарасына келген бетте шөкті. Сахабалар қанша айт - шулесе де болмай, 
жануар бір адым алға баспайды. Шөккен түйені тұрғыза алмайды. Сонда 
Пайғамбарымыз тұрып: 
"Кәсуаның мұндай әдеті жоқ еді. Бірақ бір кездері (Махмут) пілді 
шөктіріп, Меккеге кіргізбеген құдірет бүгін Кәсуаға кедергі қойды...", - деді. 
Шынында да түйе шөкпегенде мұсылмандар Меккеге кірген бойы 
құрайыштардың үстінен түсер еді. Сонан соң ұрыс басталмасына кім кепіл?! 
Ал мұсылмандардың қылыштан басқа қаруы жоқ, саны да аз. Ал құрайыштар 
жан-жақты қаруланғаны былай тұрсын, айнала тайпаларды жалдап 
қатарларын толықтырған. Соған қарамастан мұсылмандар бас тартпас еді, 
Аллаһтың көмегімен жеңуі де мүмкін. Алайда қасиетті мекенде қан төгу - 
Қағбаға деген құрметсіздік. Пайғамбарымыз да, мұсылмандар да мұндай істі 
жақтамасы айдан анық. 
Мәселенің екінші жағы, Меккеде мұсылмандығын жасырып жүрген 
бірталай адам оларды танымағандықтан өз имандастарынан жәбір көрген 
болар еді. Мұны айтпағанда, әлі де болса иман келтірмеген мүшріктер 
арасынан болашақта Алланың хақ құлдары шығып, Исламға қызмет етпесіне 
кім кепіл?! Міне, Кәсуаның қыңыр мінез танытып, шөгіп қалуында осындай 
астарлы сырлар жатты... 
Біраздан соң Пайғамбарымыздың айдауымен орнынан тұрған жануар 
маң-маңдай жөнелді. Бірақ, бұл жолы құрайыштарға қарай емес, бұрылып 
Худайбия аталатын алаңдағы суы тартылған құдықтың басына барып 
тоқтады. Пайғамбарымыз мұсылмандардың да сол жерге жайғасуын 
бұйырды. 
Муғжиза 
Худайбиядағы мұсылмандар орналасқан жер сусыз, қаңырап қалған. 
Мұсылмандар ә дегеннен шөлдің зардабын тартты. Аллаһ елшісі 
Мұхаммедтің (с.а.у.) дәрет алуға ыңғайланып құманын қолға алғанын көрген 
бірнеше сахаба пайғамбарымызға қарай өңмеңдей жүгірді. Әуелде не 
болғанын түсінбей қалған Пайғамбарымыз: 
"Не болды?" - деді. 
"Уа, Расулаллаһ! Аңқамыз кеуіп өліп барамыз, сенің құманыңдағыдан 
басқа ішерге де, дәретке де тамшы су жоқ", - деді алқынғандарын баса алмай. 
Аллаһ Елшісі қолын құманның үстіне қойып: 
"Алыңыздар, бисмиллаһ", - деді. 


318
Сахабалар аң-таң. Расулуллаһтың саусақтарының арасынан шүмектеп 
аққан суды көргенде аңырып қалған. Әлден уақытта естерін жиып қанғанша 
ішіп, дәрет алып, ыдыстарын шөпілдете толтырып алды. 
Көп жылдар өткен соң Жабир ибн Абдуллаһтан: "Сонда қанша адам 
едіңдер?" - деп сұрағанда, ол: "Егер жүз мың адам болса да 
Пайғамбарымыздың саусақтарынан аққан су жетер еді. Біз бір мың бес жүзге 
жуық әскер едік", - деп жауап берген... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет