Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ



Pdf көрінісі
бет215/273
Дата06.10.2022
өлшемі2,95 Mb.
#41583
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

Құрайыштың екінші елшісі 
Пайғамбарымыздың кері қайтпауға бел буғанын байқаған мүшріктер 
екінші рет елші жолдайды. Бұл жолғысы Ахабиш рубасы - Хулайс ибн 
Алқама... 
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Хулайсты ұзақтан таныды да, сахабаларына: 
"Анау келе жатқан адам - құрбандыққа сенетін және сыйлайтын 
қауымның өкілі. Құрбандық түйелердің бәрін соған қарай айдаңдар, көрсін", 
- деді. 
Мұсылмандар Пайғамбардың айтқанын орындап "Ләббәйк, Аллаһумә 
ләббәйк!" деп айқайлады. 
Осынау ғажайып көрініске куә болған Хулайс: 
"Субһаналлаһ! Мына керемет жамағатқа Бәйтуллаһты тауап етуге 
тосқауыл болған не деген сұмдық! 
Құрайыштар осы жаңсақ әрекеттерінің азабын тартатын болады. 
Бұлардың Умрадан басқа мақсаты жоқ екендігі көрініп-ақ тұр ғой!" - деп 
еріксіз айқайлап жылап жіберді. 
Пайғамбарымыз Хулайстың айтқандарын есітті. Хулайс қайран қалған 
көріністен есін жия алмаған күйі, Аллаһ Расулымен сөйлесуден тартынып, 
келген жолмен кері қайтты. 
Хулайс сол сәттің әсерінен айыға алмай келген бойда: 
"Мен пайғамбарға Қағбаны тауап етуге рұқсат бермеуді жөнсіз деп 
есептеймін!" - деп дауыстады. 
Құрайыштың үлкендері Хулайсты елші қылғандарына өкініп: 
"Осы шөлден қаңғып келген бейшара не түсінеді дейсің? Наданның 
нағыз өзі ғой ол! Мұндай маңызды істерге ақылы да жетпейді", - деп өздерін 
жұбатты. 


321
Хулайс бұған ашуланып: "Бәйтуллаһқа құрмет мақсатымен келген 
кісіні кіргізбегеніміз ұят емес пе? Біз сіздермен бұл жөнінде келісім жасамап 
едік қой. 
Я Мұхаммедті Меккеге кіргізесіңдер, я болмаса көмекке келген 
Ахабиш тайпасының адамдарын түгелдей ертіп әкетемін!" - деді. 
Құрайыш мүшріктері Хулайстың бұл сөзінен айылдарын да жиған жоқ. 
Айлаларын асырып, Хулайсты айтқандарына көндірді. 
Мұсылмандардық елшісі - Хазіреті Осман 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) тезірек нақты нәтижеге қол жеткізгісі келді. 
Меккеге келу мақсатын қайтадан құрайыштықтарға түсіндіру үшін Хазіреті 
Омарды жібергісі келді. Хазіреті Омар Расулаллаһтың ойын білген кезде 
былай деді: 
"Уа, Расулаллаһ! Құрайыштың басшылары мені қас дұшпаны деп 
санайды. Айтарымды тыңдамай жатып өлтіруге ұмтылулары мүмкін. 
Меккеде мені қорғайтындай руластарымнан да ешкім жоқ. Бұл іс үшін Осман 
ибн Аффанды лайық санаймын. Өйткені оның Меккеде ағайындары көп. 
Алайда міндетті түрде менің барғанымды қаласаңыз, барамын". 
Хазіреті Омар айтқандайын, Меккенің құрметті азаматтарының көбі 
Османның аталас туыстары еді. 
Мұхаммед (с.а.у.) Хазіреті Омардың ұсынысын мақұл көрді. Хазіреті 
Османды шақырып алып, нұсқау берді: 
"Құрайыштарға барып, біздің мұнда шайқасуға келмегенімізді айт. Тек 
қана Бәйтуллаһты зиярат етеміз, құрбан шалып, ғибадат жасап қайтамыз де. 
Сонан соң оларды Исламға үнде". 
Елшіні 
шығарып 
салып 
тұрып 
та 
Пайғамбарымыз 
Меккеде 
мұсылмандығын жасырып жүргендермен жүздесіп, оларды жігерлендіру 
керектігін, Меккенің жақын арада муминдер қол астына өтетінін, соған дейін 
сабыр сақтау қажеттігін ескертуді тапсырды. 
Хазіреті Осман құрайыш мүшріктерімен кездесіп, Пайғамбарымыздың 
мақсатын түсіндіруге тырысқанымен, ұғындыра алмады. Исламға шақыруы 
да нәтижесіз қалды. Мүшріктер - Хазіреті Османға да бет бақтырмай: 
"Келген жеріңе қайта бар, айта бар. Мұхаммед (с.а.у.) ешқашан 
Меккеге кірмейді. Қағбаны тауап етемін деп ойламай-ақ қойсын...", - деп 
дабырласты. Хазіреті Османмен бірге он шақты муһажир Аллаһ Елшісінің 
рұқсатымен Меккедегі туысқандарымен кездесуге келіп еді. Елшімен бірге 
олар да жүздескен жерде мұсылмандығын жасырып жүрген туыстарына 
имандарын жария ететін күннің алыс еместігін айтып, демеу берді. 
Хазіреті Османның мүшрік ағайындары өздерінше жақындық көрсетіп, 
мұсылман елшіге Қағбаны тауап етуге рұқсат береді. Бірақ Хазіреті Осман: 
"Расулаллаһ оны тауап етпейінше мен де етпеймін", - деп қарсылық білдірді. 
Құрайыштықтар Хазіреті Османның бұл әрекетіне ашуланып, оны біраз 
уақыт қамап қояды. Бұл жайт Пайғамбарға муһажирлерді мүшріктер 
өлтіріпті деп жаңсақ жетеді. Ел құлағы елу деген, дақпырт сөз әп-сәтте 
мұсылмандар арасында жайылады. 


322


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет