111
"Олай болса", - деп Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) құрайыш тайпасының
әрбір руын жеке-жеке атап шықты да:
"Мен - сендерге Аллаһтың әмірін жеткізушімін. Құдіреті күшті Аллаһ
Тағала маған ең алдымен жақын туыстарыңа ақырет азабын ескерт!" - деп
бұйырды. Сендерді "Аллаһ жалғыз, одан басқа тәңір жоқ" деп иманға келуге
шақырамын.
Мен де - оның құлымын әрі елшісімін.
Егер айтқандарымды қабылдасаңдар жұмақтың есігі сендерге айқара
ашылады. Тағы да қайталап айтамын, Лә иләһә иллаллаһ (Аллаһтан басқа
тәңір жоқ) деп мойындамасаңдар менің дүниеде де, ақыретте де пайдам
тимейді.
Аллаһтың Елшісінің сөздеріне онсыз да делқұлы Әбу Ләһабтың
зығырданы қайнады. Жерден тас алып:
"Тұқымың өспегір, бізді жинағандағы айтпағың осы ма еді?" - деп,
қолындағысын Пайғамбарымызға қарай лақтырып кеп қалды.
Одан басқа тыңдаушылар арасынан ешкім ләм-мим деместен, тек өзара
күбірлесіп тарасты...
Осы әрекетімен-ақ Әбу Ләһаб Аллаһтың қарғысына ұшырады.
Расулаллаһқа деген наразылығы, өштестігінің сазайын тартты. Аллаһ
тарапынан аян болған "Тәббат" сүресінде Әбу Ләһабтың азапты ақыры
туралы айтылады:
Достарыңызбен бөлісу: