112
Мұхаммед (с.а.у.) оларды адамгершілікке, түсіністікке, екі дүниенің
ләззатына шақырған сайын көңіл көздері байланған бейбақтар жарқанаттың
жарықтан қашқаны сияқты бақилық бақыттан бас тартты.
Екі дүниенің сұлтаны оларды адамгершілік қасиеттерге үндеген сайын
тас түнекке телміргендер кеуделерін көтеріп, айуандықтарын асыра түсті.
Әлемдердің мақтаны қапастағы
көңілдерді мәңгі әдемілікке, өшпес
әсемдікке, ғажайып өмірге тартса, олар оны кеудесінен итеріп, білгеннің
тілін алмай қатал қарғысқа ұшырады.
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) өсиет,
уағыздары арқылы қарайған
көңілдерді пенделік тірліктен періштелік биікке көтеруге ұмтылды. Бірақ
олар текетіресіп бақты. Жақсылыққа ермегендерімен қоймай кірленген
көңілдер Хазіреті Мұхаммедке сәт сайын залал келтіруден танбады,
қаскөйлік әрекеттерін жалғастыра берді.
Залымдар зұлымдық жасауда бір-бірімен сайысып,
ойларына келгенін
істей берді.
Ал Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) болса, наразылық күшейген сайын өзін-
өзі қайрап, жігерленді.
Өйткені қашанда ақ, адал жандардың, тура жолдағылардың дұшпаны
көп. Бұл мәселеде Мұхаммед (с.а.у.) өзіне дейін
өткен пайғамбарлар өмірін
өнеге тұтты.
Адамзат жаратылғалы бері адалдықтың жолы ауыр, пайғамбар атаулының
бәрі басына не күн туса да шыдамдылықпен төзе білген. Сабыр түбі - сары
алтын демекші, әрқашан аққа - Аллаһ жақ. Қара пиғылдылардың басым
түскені дүние жалғанда болмаған. Егер сенің мұратың - Аллаһ
жолына
қызмет ету болса, тартынатын тіпті ештеңе жоқ. Бір жүз жиырма төрт мың
пайғамбар Аллаһтың әмірімен өз міндеттеріне кіріскен шақта небір
сорақылықтың, дарақылықтың тақсіретін тартқан. Қорлық пен зорлыққа
кеуделерін керіп, шегініс дегенді білмеген. Қайраттары қажымаған, жігерлері
жаншылмаған, мұраттары мұқалмаған.
Өйткені олар наразылықты -
ілхамның
(Аллаһ тарапынан берілетін ерекше шабыт.)
қайрағы деп білген, пікірлер
қайшылығы, көзқарастар сәйкессіздігі ақиқатты туғызатындығына кәміл
сенген.
Достарыңызбен бөлісу: