154
Қасымын жоқтап қиналған отбасын іле-шала ұлдары Абдуллаһтың
өлімі тіпті қажытты. Аллаһтың жазмышына бас иген Хазіреті Мұхаммед
(с.а.у.) өзін-өзі "басқа түссе баспақшыл" деп жұбатқанмен бауыр еті
балаларынан айырылу оңайға соқпады.
Хадиша анамыздың: "Уа, Расулаллаһ! Ботақандарым қазір қайда?" -
деген мұңлы сауалына Хазіреті Мұхаммед:
"Олар жәннаттан жай тапты", - деп жауап берген.
Оқыс оқиғалар, қайғылы қазалардан Расулаллаһтың қабырғасы
қайысты... Мұсылмандар оның қайғысына ортақтасып, сөздерімен болса да
демеуге тырысты. Ал кәпірлердің қуанышында шек жоқ, көңіл айтпақ түгіл,
қуанысып, мәз.
Ас ибн Уаил мен Әбу Жәһил сынды жауыздар уытты тілдерін қадап:
"Мұхаммедтен ұрпақ қалмады, еркек кіндік атаулыдан айрылды.
Шежіресі шектелді, өзі өлсе, сонымен аты да, заты да өшеді, шаңырағы
шайқалып, ортасына түседі", - деді.
Сүйікті құлына жабырқағанда жұбаныш болған Жаратқаны сыпсың сөз
көбейген сәтте Кәусар сүресін түсіріп, мүшріктерге қатты соққы берді. Онда
былай делінген:
Достарыңызбен бөлісу: