155
тірісінде үкіміңді естиік. Бұдан былай сенің
бауырың біздің дінімізге
араласпасын, біз де оған тиіспейік", - деді.
Әбу Тәліп пайғамбарымызды шақыртып, құрайыштардың тілегін
жеткізеді:
"Аяулы бауырым! Мына келгендердің бәрін жақсы танисың.
Бұйымтайлары - саған қатысты. Саған берерін беріп,
аларын алмаққа - есеп
айырысуға келіпті. Кәрі қойдың жасындай өмірім қалған шақта мені үлкен
деп сыйлап, кеңесу үшін бас қосып отыр".
Пайғамбарымыз: "Айтқандарыңның бәрі орынды, көке. Менің бұларға
берерім - бір-ақ ауыз сөз. Сол сөзді құптап,
қабыл алар болса, бүткіл
арабтардан және басқа да халықтардан үстем болар", - деді.
Әбу Тәліп: "Бір ауыз сөз дейсің бе?", - деді таңырқап.
Мұхаммед (с.а.у.): "Иә, солай", - деп бас изеді.
Жиналғандар бір-біріне қарап, таңырқасты. Айтпағы не болды екен
сонда?...
Әбу Жәһил саябыр таба алмай, Мұхаммедке (с.а.у.):
"Жұмбақтамай айтар сөзіңді айтсаңшы, біз бір сөзге он сөз қосайық", -
деді.
Өзіне мұқият қадалған назарларды шолып өткен Пайғамбарымыз:
"«Лә иләһа иллаллаһ» деп Аллаһтан басқа табынған пұттарыңды өз
қолдарыңмен лақтырыңдар", - деді.
Манадан бері Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) не
айтар екен деп,
дегбірсізденіп отырғандар иман кәлимасын естігенде қозғалақтап кетті.
Сонан соң өз араларында:
"Сен осынша тәңірлердің орнына біреуі ғана қалсын дегенді айтқың
келе ме? Ойыңды түсіне алмадық", - дей келіп "Жо-жоқ, бұл адам бізге
қаламаған нәрсемізді бермекші. Салғыласып қайтеміз,
өз білгенімізді істеп,
ата-бабамыздың дінінде қалғанымыз жөн. Кейінгісін көре жатармыз", - десті.
Хақ Тағала Құранның "Саад" сүресінің 5-6-аяттарында осы оқиғаны
былайша суреттеген:
Достарыңызбен бөлісу: