84
Жігіттер:
–Қызығы өтіп алдағы жолың да асар,
Қызғалдақтай құлпырып көңіліңді ашар.
Қос ардағым қалды деп нали берме
Ата-енең бар олардың орнын басар.
Ең соңында қыздар:
– Талай ұл-қыз баурыңда өсіп-өнер,
Бір балам деп аларсың есіңе ел.
Бақыты боп, біреудің жаралған соң,
Амалым жоқ қайтейін кешіре гөр.
Бұл өлеңнің ерте кездерде айтылған жар-жарлардан ешқандай айыр-
машылығы жоқ десе де болғандай.
Үйлену тойы – үлкен қуаныш. Бірін бірі сүйіп ұғынысқан екі жас-
тың бақытты өмір туралы арманының алғашқы босағасы (орындалуы)
осы үйлену тойы емес пе!? Бұл – үлкен оқиға. Сондықтан да үйлену
тойын салтанатты, қуанышты түрде өткізу – біздің қоғамымызда қа-
лыптасқан құбылыс. Мұндай тойларда айтуға мұңлы әуендер қажет
емес. Өмірдің соны сүрлеуіне қадам басқан жастарға осындай үлкен
қуаныш үстінде ақыл-кеңестер, игі тілектер, құттықтаулар айтылса,
мұның өзінің пайдасы да мәні де зор. Қазіргі жар-жарлардың дені,
осындай мақсаттарда айтылып жүр.
Тағы бір айта кететін нәрсе – жалпы үйлену тойларына байланысты
салт өлеңдерінің баспасөз беттерінде насихатталуы өте қанағаттанды-
рарлықсыз. Айында-жылында дегендей, оқта-текте газет-журналдар-
да жылт ете қалған мұндай өлең түрлері жұртшылықты қанағаттан-
дыра алмайды.
Жуырда, ауылдың бір үйлену тойына қатысуға тура келді. Той жап-
жақсы-ақ қызықты өтті. Осы тойда «әттең» деп, көңілге ой салған бір
ыңғайсыз жағдай болды – тойда жар-жар айтылмады. Айтылмайын
деген жоқ еді-ау, айтылатын жар-жар өлеңінің мәтіні табылмады. Га-
зет-журнал беттерін ақтарыстырып тауып алудың қиын екендігі пе-
шенеден белгілі. Қапелімде өлең шығара қоятын адам да табыла қой-
маған. Болмағасын, жар-жардың орнына «Махаббат вальсін» айтуға
тура келді. Осындай қиыншылықтардың нәтижесінде кей жерлерде
өткізіліп жүрген кейбір үйлену тойларында жар-жар, тойбастар өлең-
дері айтылмай қалуы да кездесіп жүр. Халқымыздың тамаша дәстүр-
лерінің бірінен саналатын мұндай өлеңдердің жаңаша түрлерінің ел
арасына кеңінен тарамауы біз үшін қуанарлық жәйт емес.
Жар-жар, беташар, тойбастар сияқты өлеңдердің жаңаша түрлерін
көптеп жазуға көрнекті ақындарды кеңінен тарту қажет. Ол үшін жер-
жерлерде, баспасөз беттерінде, шығармашылық ұйымдарда осындай
өлеңдердің жақсы үлгілеріне конкурстар ұйымдастырған жөн. Мұн-
дай конкурстар тек қана өлеңдерге ғана емес, сол өлеңдердің көр-
кемдік, эстетикалық қасиеттерін асыра түсетін музыкалық шығарма-
ларға да жариялануы керек. Салт әндеріне деген қажеттілік біздерде
орасан зор. Бұл реттерде біз басқа республикалардан үлгі алуымыз ке-
85
рек. Латвияда конкурстарда үздік шыққан салт өлеңдерінен құрасты-
рылып жинақтар шыққан. Украинада «Социалистическая культура»
журналына қосымша ретінде ай сайын салт өлеңдерінің жинағы үзбей
шығып тұрады. Мұндай жұмыстар орыстарда, эстондарда жақсы нә-
тижелер беріп жүр. Осындай шараларды біздің елімізде де неге ұйым-
дастырмасқа? Мұны біздің заманымыздың өзі талап етіп отыр. Мұн-
дай игілікті істің іске асуына ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетіміздің
тамаша дәстүрлеріне деген ыстық ілтипат пен қамқор жандар ғана
керек.
***
Достарыңызбен бөлісу: