Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015


Ұзатылып  бара  жатқан  қыздың  ел  жұртымен,  ата-анасымен



Pdf көрінісі
бет32/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

Ұзатылып  бара  жатқан  қыздың  ел  жұртымен,  ата-анасымен 

қоштасу түрі сыңсудан басқа қоштасу өлеңдерінің бірнеше түр-

лері бар. 

Қоштасуды  көбіне  ақындар  шығарады.  Оны  халық  үйреніп  алып 

айтып жүреді. Өмірден қайтып бара жатқан қарт ата, аяулы ана бала-

ларымен бақұлдасып, артына өсиет қалдырады; өмірдің қызықтығын, 

орындалмай  бара  жатқан  арман-мұратын  баласына,  халқына  деген 

соңғы  тілегін  айтады.  Өлер  алдында  қоштасу  айту  тіпті  халқымыз-

да дәстүр боп қалыптасқан десе де болады. Халық арасында мұндай 

өлеңдердің әсіресе, «пәленше ақын» өлерінде айтыпты деген нұсқала-

ры көп. Соның бірі – Кемпірбай ақын айтыпты деген қоштасу өлеңі. 

Кемпірбай ақын ауырып, әл үстінде төсек тартып жатқанда, көңілін 

сұрай Әсет ақын келеді. Сонда Кемпірбай ақын:

–Көңілді Әсет келді көтергелі

Болмайды кеуде шіркін жөтелгелі.

Алып бер домбырамды ана тұрған,

Басымды жастықпенен көтер бері.

Артыма бір-екі ауыз сөз тастайын,

Қонғаның, өлең шіркін, бекер ме еді. 

Боз шапса, боз озбай ма бурылдан?

Мен шапсам жер шарасы қуырылған.

Жай тастап аяғымды алып жылдам

Жабының күнде озушы ем тұғырынан 

(С.Сейфуллин. 6 том. 1964.133 

бет) 

– деп, басталатын атақты қоштасуын айтқан екен. Бұл өлеңінде 

Кемпірбай көңілінде тығылып жүрген сырларын ашады. Ол ақындық 

сыры еді. Ақын оны тек ақынға ғана жайып салады. «Ер Дәуіт екі жас-




86

та иектеген» еді, кеудеме өлеңнің көк ала үйрегі келіп қонған еді. Енді 

сол «алланың аманатын берем білем, кеудемнен көк ала үйрек «қош» 

деп ұшты» деп, өзінің өлгелі жатқанын, ақындық талантын қоса ай-

тып,  образды  түрде  бейнелейді.  Ақынның  орындалмай  бара  жатқан 

үлкен арманы бар. Ол – ұлы Серкебайға ақындық  өнердің «қонбаған-

дығы». Ақын көңілі өз өмірінің жалғасы ұлының да қасиетті өнерін 

ілгері  апарушы  болғанын  қалайды.  Ақын  арманы,  шері  –  осы.  Өз 

өлеңінің соңында Кемпірбай ақын бүкіл замандас ақындарымен қош-

тасады, өзінің соңғы тілегі ретінде сол ақындардың да мұның «Семей-

дегі топырағының» басына келіп дұға оқып тұруын қалайтындығын 

айтады. Бұл өлеңнен ақынның дүние танушылық көзқарастары анық 

көрінеді. 

Арғыннан шыққан Тәті айтыпты деген өлең де қоштасудың осын-

дай түріне жатады. Тәті Қоқан хандығына келіп дауласып жүргенде, 

оны у беріп өлтірген. Тәті өлер алдындағы қоштасуында ел-жұрты-

на  арнаған  «қоштасуын»  жолдайды,  елі-жұртымен,  туған-туысымен 

бақұлдасады. Оларға деген өзінің аманатын айтады: 



–Менен тегіс сәлем де,

Ақ жолдың ұлы Арғынға!

Орта жүздің ішіне,

Атымды тұлдай байласын.

«Мен адаммын» дегендер

Елдің қамын ойласын.

. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Мың миллион кетсе де, 

Төре алдына бармасын.

Жалынғанша зәлімге,

Ата жанын қармасын 

(С.Сейфуллин.Шығармалары. 6 том, 1964,130-бет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет