Данияр Сүлейменов



Pdf көрінісі
бет2/42
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#22886
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
 

Әйелге тән сұлулық 

Әлем  –  сұлулыққа  тұнып  тұр!  Айналаңызға  зер  салып  қарасаңыз,  Ұлы  Шебердің 

шеберлігі  мен  асқан  даналығын  паш  ететін  сән  көрмесінде  жүргеніңізді  аңғару  қиын  емес! 

Көрмедегі әрбір жаратылыс өзінше сұлу! Әрбір жаратылыс бойындағы сұлулығы мен айналаға 

көрік сыйлайды. Күлім қаққан күн мен жымыңдаған жұлдыздар, ақша бұлттар мен иісі жұпар 

аңқыған түрлі-түсті гүлдер, балапанын бауырына басып, айналаны әсем-әнге бөлеген құстар 

әлемі, аспан мен таласқан асқар таулар мен жан-жануарлар, өзен-көлдер – бәрі, бәрі де сұлу! 

Солардың  ішіндегі  ең  сұлуы  –  адамзат  баласы!

4

  Ал  адамзат  ішінде  әйел  кісіге  Алла  тағала 



ерекше  сұлулық  пен  нәзіктік  сыйлаған.  Міне,  осы  екі  ұғымды  астарлап  әйел  затына  «нәзік 

жандылар» дейміз. 

4

 Расында, Біз адам баласын ең көркем, ең керемет бейнеде жараттық. («Тин» сүресі, 4-аят) 



Иә,  әйел  –  ең  сұлу  жан!  Ықылым  заманнан  бері  әйелдің  сұлулығы  ақындар  өлеңіне  арқау 

болып, ғасырдан-ғасырға ұласып келеді. Әйел сұлулығы, әйел парасаты талай ердің абыройын 

асқақтатып, мерейін үстем етті.  Әйел сұлулығы тіпті кейбір қауымдардың түбіне де жеткен 

болатын. Себебі сұлулық бар жерде оған деген қызығушылық та қатар жүреді

5

.  


5

  «Артыма  ер  адамдар  үшін  әйел  затынан  өткен  жаман  сынақ  қалдырған  емеспін»  (Бұхари, 

Никах 17) 

Әлемдегі  әрбір  жаратылыстың  өзіндік  міндеті  бар.  Байқасаңыз,  әрбір  жаратылыс  өзінің  сол 

міндетін  қалтқысыз  орындаумен  сұлу!  Мысалы,  мінезі  қоянға  ұқсаған  арыстанды  немесе 

қасқырды  көрдіңіз  бе?  Елестетіп  көріңізші,  қандай  сүйкімсіз  болар  еді.  Немесе,  қылығын 

әйелге ұқсатқан еркекке қарасаңыз, ерге тән сипатын жоғалтқан соң көзге түрпідей тиеді. Сол 

секілді  адамзат  баласының  оның  ішінде  әйел  кісінің  де  өзіне  тиесілі  Алла  алдындағы  және 

қоғам  алдындағы  міндеттері  бар.  Әйел  кісі  өзіне  жүктелген  міндетін  орындағанда  барып 

сұлулығы кемелдене түседі әрі өміршең болады.  

Асылында, әйел адамның шынайы сұлулығын ашатын бояғыш құралдар (косметика) емес  – 

оның жаратылыс міндеттері. Бояғыш құралдың да әйел өмірінде өзіндік орны бар, оны жоққа 

шығара алмаймыз, бірақ әйелдің шынайы сұлулығы бояғыш құралмен өлшенбейді.  

Сіз қыз баласына тән табиғатыңызбен сұлусыз. Сіздің сыңғырлаған күлкіңізге, назды үніңізге, 

аялы алақаныңызға әлемде еш нәрсе тең келмейді. Бірақ әр нәрсенің өзіндік мақсаты бар, соны 

естен  шығармаған  жөн.  Сізге  Алла  тарапынан  берілген  осы  артықшылықтар  белгілі  бір 

мақсатта дамып жатқанын біліңіз. Сіздің өз табиғатыңызды сақтауыңыз – болашақтағы ұлы бір 

іске дайындық. Ол – аяулы жар болу, мейірімді ана атанып, бір қолыңызбен бесік тербетсеңіз

екінші қолыңызбен әлемді тербету!  

Демек,  сіздің  Алла  алдындағы  жаратылыс  міндетіңіз  құлшылық  болса,  қоғам  алдындағы 

міндетіңіз  –  салиқалы  ана  атанып,  салиқалы  ұрпақ  тәрбиелеу!  Сіз  осы  екеуін  орындар 

болсаңыз, сұлулығыңыз өміршең болады. 




 

Расында да әйел баласы Аллаға ғибадат  жасап, күйеуіне бойсұну  арқылы аяулы жар, үлгілі 



келін атанады. Жаннаттың қалаған есігінен кіру мәртебесін иеленеді

6

. Хадистен байқасаңыз, 



Алла  елшісі  әйел  кісінің  Алласына  құлшылық  етіп,  күйеуіне  бойсұнуын  ақиреттің  мәңгілік 

бақыты  жаннатпен  байланыстырады.  Демек  әйел  кісі  салиқалы  істер  арқылы  (әйел  үшін 

салиқалы істердің ең абзалы – Аллаға ғибадат ету және күйеуі мен ата-анаға бойсұну) ақиретте 

осындай  сыйға  бөленетін  болса,  дүниеде  де  көптеген  жақсылықтарға  кенелері  сөзсіз.  Бұл 

жайлы төмендегідей Құран аяты бар:  

6

  Алла  елшісі:  «Әйел  бес  уақыт  намазын  оқып,  (Рамазанда)  оразасын  ұстаса,  ар-намысын 



сақтаса  және  күйеуіне  бағынса,  оған  жаннаттың  қалаған  есігінен  кірсін  делінеді»  –  дейді. 

(Фәйзул-қадир, 1-том, 392-бет.) 

«Мейлі  ер  болсын,  әйел  болсын,  кімде-кім  мүмін  ретінде  (Алланың  разылығына  бөлейтін) 

сауапты  да  игілікті  істер  атқарса,  Біз  оған  міндетті  түрде  пәк  әрі  жақсы  өмір  сыйлаймыз. 

Сондай-ақ  оларды  дүниеде  істеген  ең  игі,  ең  жақсы  істерін  ескере  отырып,  сый-сияпатқа 

бөлейміз»

7



7



 «Нахл» сүресі, 97-аят. 

Аяулы  ана  атану  –  әйелді  сұлу  ететін  бақыттың  бірі!  Үлгілі  ана  бола  білу  әйел  кісіні  екі 

дүниенің де бақытына жеткізеді

8

. Адамды надан емес, адам қылып өсіру үлкен жауаптылықты 



қажет етеді. «Ер бұзылса, шаңырақ шайқалады, әйел азғындаса, қоғам бұзылады» – деген сөзді 

жиі  естіп  жатамыз.  Ол  рас.  Олай  дейтініміз,  әйел  –  ана!  Ана  –  келешек  өскелең  ұрпақ 

тәрбиешісі, қоғам ұйтқысы! Ешкім аспаннан аяғы салбырап жерге түсе салған жоқ, хан да, қара 

да, батыр да, ақын да, данышпан да анадан туған. Араб халқында: «Ана – мектеп, медресе», – 

деп айтылады. Өйткені әрбір жеке тұлғаның фундаментальді тәрбиесі аналардың ықпалымен 

жүзеге асады.  

8

 Пайғамбарымыз бір хадисте: «Кімді-кімнің екі қызы болып, оларды жақсы мінез-құлықпен 



тәрбиелеп өсірсе, ол екі қызы оның жаннатқа кіруіне себепкер болады», – дейді. 

Сіздің аяулы ана атанып, салиқалы ұрпақ тәрбиелей білуіңіз  – жан сұлулығыңыздың айғағы 

мен көрінісі. Сіз тәрбиелеп өсірген ұрпақ кейінгі буынға өнеге болып, дәл өзіңіздей салиқалы 

ұрпақ  тәрбиелеп  өсіруге  ат  салысады.  Міне,  бұл  –  сіздің  сұлулығыңыздың  бұл  дүниеде 

жалғасын табуы! Ал Алла алдында маңдайыңызды сәждеге қойып, салиқалы ұрпақ жетілдіру 

арқылы сіздің ақиреттегі сұлулығыңыз тіптен керемет және мәңгілік болады деп үміттенеміз! 

Осы жайында Мұхаммед пайғамбар мен оның аяулы жары Үммі Сәләмә анамыздың арасында 

өткен әңгімеге құлай салайық. 

Мүминдердің  анасы  Үммі  Сәләмә  Алла  елшісінен:  «Осы  дүниедегі  әйелдер  абзал  ма,  хор 

қыздары  ма?»  –  деп  сұрайды.  Алла  елшісі:  «Киімнің  сыртқы  жағы  ішкі  жағына  қарағанда 

әдемірек болады, сол секілді осы дүниедегі әйелдер хор қыздарынан да әсем болады», – деп 

жауап береді. 

– Не үшін олай? 

–  Оқыған  намаздары  мен  тұтқан  оразалары  және  жасаған  мінәжаттары  үшін  Алла  тағала 

олардың жүздерін нұрға бөлеп, тәндерін жібектей етеді. Түстері аппақ, киімдері жап-жасыл, 

әшекейлері сары, асыл тастары – інжуден, тарайтын тарақтары алтыннан болады. Олар былай 

деп  айтады:  «Естеріңде  болсын!  Біз  мәңгі  боламыз,  ешқашан  өлмейміз.  Ұмытпаңдар,  біз 

әрдайым қуаныш пен шаттықтамыз, ешқашан ренжімейміз, ашуланбаймыз. Бізді алған ерлерге 

неткен қуаныш және бізге де неткен қуаныш!» 

– Уа, Алла елшісі! Кейбір әйелдер осы дүниеде екі рет, үш рет, тіпті төрт рет тұрмысқа шығып 

жатады. Олар өлгеннен кейін онымен бірге бәрі жаннатқа кірсе, олардың қайсысы оның күйеуі 

болады? 



 

–  Уа,  Үммі  Сәләмә!  Оған  таңдау  еркі  беріледі.  Арасындағы  ең  әдептісін  таңдайды  да, 



Жаратушы Иеге: «Уа, Раббым! Мына кісі өткен дүниеде ең әдептісі еді, мені соған қоса көр!» 

– деп тілейді. Уа, Үммі Сәләмә! Көркем мінез екі дүние жақсылығын алады

9



9



 Әл-Һәйсәми, Мәжмағуз Зәуәид, 7/184, №11396 хадис. 

Тақырыпқа қосымша 

«Күйеуі өзінен разы болған күйде қайтыс болған әйел жаннатқа кіреді»

10

.  



10

 Ибн Мәжә, Неке, 4 

Хадиске  түсіндірме:  Пайғамбарымыздың  заманында  ділмарлығымен,  батырлығымен  аты 

шыққан – Язид қызы Әсма есімді әйел кісі болатын. Бір күні сахаба ханымдар ақылдаса келе 

Әсманы  (р.анһа)  сұрақтарына  жауап  алу  үшін  Пайғамбарымызға  жіберуді  ұйғарады.  Әсма 

бұған келісім беріп, ардақты Пайғамбарымыздың құзырына келеді. Сөзін былай деп бастайды: 

«Ата-анам  сенің  жолыңда  құрбан  болсын  уа,  Алланың  елшісі!  Әйелдер  мені  сізге  сұрақпен 

жіберді. Алла тағала сізді қияметке дейінгі ер мен әйел қауымына пайғамбар етіп жібергенінде 

еш күмән жоқ. Біз, әйелдер қауымы да, Алла мен елшісіне иман келтірдік. Уа, Алланың елшісі! 

Ерлер қауымы түздің адамы боса, біз әйелдер қауымы көбіне үй шаруасымен шұғылданамыз. 

Тоғыз ай, он күн толғатып дүниеге бала әкелеміз, бала тәрбиелеп, отағасының да көңілін табуға 

тырысамыз. Сіздер алыс сапарға шыққан кезде үйдегі бала-шаға мен мал-дүниеңізге бас-көз 

болатын  да  біз.  Сіздер  болсаңыз,  жамағатпен  жұма  намазын  оқып,  жаназаға  қатысасыз, 

науқасты зиярат етіп, ешбір кедергісіз бірнеше мәрте қажылық та  

жасайсыз,  ел  басына  күн  туғанда  жағдайда  Алла  жолында  майданға  аттанасыз,  осылайша 

көптеген  игі  істер  жасау  арқылы  сауапқа  кенелуде  бізден  озып  жатқан  жағдайыңыз  бар. 

Ендеше, біз де сіздер секілді осындай мол сауапқа кенелгіміз келеді. Оның қандай жолы бар?!» 

– дейді. 

Әзірет Әсманың сөзін мұқият тыңдаған Пайғамбарымыз жанындағы сахабаларына бұрылып: 

«Діни  бір  мәселеге  қатысты  өзінің  сұрағын  дәл  осылай  жеткізе  білген  басқа  бір  әйелді 

көрдіңдер  ме?»  –  дейді.  Сахабалар  да  таңданысын  жасыра  алмай  таңдай  қағады. 

Пайғамбарымыз Әсмаға былай дейді: 

«Сені осы жерге жіберген әйел кісілерге айта бар, әйелдің күйеуімен жақсы қарым-қатынас 

жасап, оған бойсұну арқылы разылығын алуға тырысуы сауап тұрғысынан жаңағы айтқан игі 

істердің бәріне тең».  

Мұндай  жауапты  естіген  Әсма  қуанышы  қойнына  сыймай:  «Лә  иләһа  иллаллаһ»  яғни, 

«Алладан басқа тәңір жоқ» – деп Алланы ұлықтаған күйі әйел сахабалар отырған жаққа қарай 

асыға жөнеледі

11



11



 Ибнул Әсир «Усдул Ғабә», 7/19, Мухаммад Зиһни «Мәшәһирун Нисә», 1/36 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет