Данияр Сүлейменов



Pdf көрінісі
бет14/42
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#22886
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42
Сөзді дұрыс таңдай білу 

Расында, сөздің өзіне тән сиқыры бар. Сөз дұрыс қолданылған жағдайда, сөйлеуші тыңдаушы 

тарапынан  құрметке  бөленеді.  «Жылы-жылы  сөйлесең,  жылан  да  інінен  шығады»  демекші, 

ерлі-зайыптылар  арасында  сөз  сөйлеу,  оны  қолдану  мәдениеті  үлкен  рөл  ойнайды.  Ер  мен 

әйелдің бір-біріне жылы сөз айтуы көптеген проблеманың алдын алады. Соның ішінде әйелдің 

еріне «сіз» деп сөйлеуі – ер үшін үлкен мәртебе. Арада бір кикілжің болған күннің өзінде әйел 

кісінің  еріне  айтқан  «кешіріңіз,  сізді  ренжітіп  алдым-ау»  деген  бір  ғана  сөзі  арадағы 

салқындықты сейілтіп жібереді.  

Сөзді дұрыс қолдануда, мәселен, балаңыз сізден: «Анашым, теледидар қарасам рұқсат па?» – 

деп сұраған кезде, «Жоқ, одан да барып сабағыңды оқы» – деген жауабыңыз баланың көңіліне 

қаяу түсіруі мүмкін. Оның үстіне мұндай қатқыл жауаптан кейін баланың сабақ оқуға деген 

ықыласының  да  кеми  түсері  анық.  Сіз  балаңыздың  бұл  сұрағына:  «Әрине,  балам,  тек  әуелі 

сабағыңды оқып алғаның абзал болады, жарай ма!» – деп байсалды жауап беруіңіз бар мәселені 

оңай шешеді. Сол секілді ер мен әйел де осындай мәселеде сөзді дұрыс таңдай білгені жөн. 

Әйел кісінің еріне:  «Мына қоңыр көйлек сізге мүлде жараспайды»  – дегенінен гөрі  «Маған 

сізді көк көйлекте көрген ұнайды, сізге қоңыр көйлекке қарағанда осы көк көйлегіңіз қаттырақ 

жарасады» – деуі әлдеқайда абзалырақ. 

Есте сақтаңыз: 

– Сөзді дұрыс әрі орнымен қолдана біліңіз және мынаны ұмытпаңыз: сөз дұрыс болғанмен, кез 

келген жерде айтыла бермейді, әр сөздің өзінің қолданылатын орны бар. 

–  Ойына  келген  немесе  қалаған  сөзді  сөйлей  беретін  адам  қаламаған  сөзді  естуге  дайын 

болсын.  

– Жұмсақ, көркем мінезді болуға тырысыңыз. Себебі сөзді дұрыс қолдана білу бір өнер, көркем 

мінезбен қарым-қатынас жасау одан да артық ерекшелік.  

– «Сөз сүйектені өтеді» дейді дана халқымыз. Кейде сөздің салған жарасы оңайлықпен емделе 

қоймайды.  

Тыңдай білу  

Әйел  –  естіген  мағлұматты  немесе  іштегі  шерін  сыртқа  ақтаруға  бейім.  Сол  себепті 

тыңдалғанды  қалайды.  Ал  ер  кісіге  жоғарыда  айтқанымыздай  құрметке  лайық  болу  мен 

басқалар тарапынан өзіне деген сенім қажет. Осы айтылған қажеттіктер орнымен жүзеге асқан 

жағдайда отбасында өзара сенім мен жақсы қарым-қатынас құрылады. 

Әйел кісі сезімге көп берілгендіктен, қандай да бір мәселені сезім тұрғысынан қолға алады. 

Яғни,  әуелі  эмоцияналды  түрде  қабылдап,  ақылға  салуы  эмоция  басылған  соң  барып  іске 

асады. Ер адам бірден ақылға салып, мәселенің шешімін қарастыра бастайды. Мысалға ер мен 

әйел  көлікке  отырғанда  ер  кісі  бара  жатқан жағына  тезірек  жетуді  көздейді,  ал  әйел  адамға 

ерінің қасында бірге отыру, оның жылы сөздерін тыңдау маңыздырақ, яғни әйел ерінің қасында 

отырған кездегі атмосфераның әсерінде болады. 

Осы себепті кейбір ер кісілер әйелінің осы ерекшелігін білмегендіктен, оны түсіне алмай қалса, 

әйел де ерінің кейбір мінезін қаталдыққа балап ренжіп қалады. Проблеманың неден туындап 

жатқанын  түсіне  алмай  жатады.  Мұндағы  сыр  бар  болғаны  табиғи  айырмашылықта  ғана. 

Соның үдесінен шығу керек. 

Ер кісі әйелінің сезіміне құрметпен қарайтынын білдірумен қатар ынта қойып тыңдай білгені 

жөн. Психологтардың айтуынша, ер адамның жіберетін ең үлкен қателігі – әйелі бір мәселенің 

шетін шығара бастағаннан-ақ аяғына дейін тыңдамай, «бүйте салмадың ба, былай істеуің керек 

еді»  деген  сияқты  бірден  сол  проблеманы  шешуге  ұмтылған  адамның  рөліне  енуі.  Әйтпесе 

әйелге ол жерде қажет болған негізгі нәрсе – мәселемен бөлісіп, өзін күйеуіне жақын сезіне 

түсу.  Бұл  жерде  ер  кісіге  әйелінің  сезімін  түсіне  алмаса  да  ынта  қойып  тыңдауының  өзі-ақ 

жеткілікті. Осыған мұқият болған ер кісі әйелінің өзін қалай құрметтей бастағанын аңғарады.  




37 

 

Бұл жағдай әйелге де қатысты. Әйел кісі күйеуіне айтқысы келген мәселе мен ішкі сезімін ақыл 



айтқыш  немесе  сынға  алу  кейіпінде  емес  ерінің  қамқорлығы  мен  жылуына  мұқтаж  екенін 

білдірген кейіпте түсіндіргені жөн. Сол кезде күйеуінен өзінің қалаған қажетін де ала алады.  

Тақырыпқа қосымша 

Сауал: Тұрмыстамын. Неге екенін білмеймін күйеуіме еш жылулығым жоқ. Кейде «осы маған 

психолог керек шығар» деп ойлаймын. Бірақ психологқа барып проблемамды айтуға ұяламын. 

Мені түсіне білетін, қиналған сәттерде қасымнан табылатын, ақыл-кеңес беретін адамым жоқ. 

Ақыл  сұрар  жан  анам  да  бұл  күнде  қасымда  жоқ.  Не  істеймін?  Кейде  өмірден  түңіліп  те 

кетемін. Күйеуім нашар адам деп айта алмаймын. Мінезі де жақсы, жуас! Айтар шағымым да 

жоқ.  Тек  қана  одан  жылулық  сезіне  алмай  жүрмін.  Ішімдегі  бар  сырымды  айтып,  ақтарғым 

келеді. Ал күйеуім болса оны түсінбейді. Негізі сұрағым келген нәрсе өте көп, жазып түсіндіре 

алар емеспін... (Аноним) 

Жауап:  Кей  кездері  ең  жақын  деп  санаған  жарың  мен  өзіңнің  іштен  шыққан  балаң  (кейбір 

әрекеттері себепті) бейне бір дұшпан тәрізді сезіліп жатады. Осындайда, олардан безгің келеді. 

Бірақ  араға  уақыт  салып  ойлана  келе  әлгі  сүйкімсіз  әрекеттерін  пенделікке,  балалыққа 

жатқызып, кешірім етсек, бірте-бірте бәрі де өз орнына келеді. Құранда Алла тағала: «Ендеше, 

бір-біріңе мәрттік танытып, жақсылық жасауды ұмытпаңдар. Расында, Алла сендердің не істеп, 

не қойып жүргендеріңнің бәрін көруде» – дейді

114


114


 «Бақара» сүресі, 237-аят. 

Еріңізбен  әрдайым  шер  тарқасып,  сырласа  алмауыңыз  мүмкін.  Оған  ренжудің  қажеті  жоқ. 

Барлық нәрсе Алланың қолында. Аллаға тәуекел етіп, Аллаға тапсырып, еріңіздің ризалығын 

алуға  тырысыңыз.  «Күйеуі  риза  болған  әйел  –  пейіштік»  делінген  хадисте.  Алда-жалда 

көңіліңізді  өкініш  билеп:  «Әттеген-ай, олай емес, бұлай  істегенімде мүмкін дұрыс болар ма 

еді» деген ой мазалай бастаса, Пайғамбарымыздың мына кеңесін еске алғаныңыз жөн: «Қуатты 

мүмин  әлсіз  мүминге  қарағанда  анағұрлым  Аллаға  сүйкімді  әрі  ардақты.  Дегенмен 

әрқайсысына  да  (немесе  әрқайсысында)  жақсылық  бар.  Сен  өзіңе  пайдалы  нәрсеге  ұмтыл. 

Алладан жәрдем сұра. Әлсіздік танытпа. Қиындыққа тап болған сәтте: «Әттеген-ай, (басқаша) 

істегенімде,  бұлай  болмас  еді»,  –  деп  өкініш  білдірме.  Ондай  жағдайда:  «Алланың  жазғаны 

осы, Ол не қаласа, сол болады», – де (сабырлық таныт)! Өйткені «әттеген-ай» шайтанға жол 

ашады»


115

.  


Осы  орайда  ер  кісінің  де  өзіндік  міндеті  жоқ  емес.  Жаратушымыздың:  «(Әйелді  нәпақамен 

қамтамасыз  ету,  қорғау  және  тәрбиелеу  ер  адамның  міндеті  болғандықтан)  нағыз  ерлер 

әйелдерге  басшы  һәм  қорған»

116


  деген  аятына  сай,  отағасы  өзінің  Құдай  қосқан  қосағы 

қиналғанда жанынан табыла білуге тырысып бағуы ләзім. Бір өкініштісі, көпшілігіміз аталмыш 

аяттағы  қағиданы  ескермей,  селқостық  танытып  жатамыз.  Соның  салдарынан,  реніш, 

қынжылыс, түсініспеушіліктер пайда болып жатады. Алла баршамызды есіркесін! 

116

 «Ниса» сүресі, 34-аят. 



Сөзімді бір дұғамен аяқтағым келіп отыр. Ол дұғаны көңіл-күй жоқ кезде немесе қысылып, 

кеудеңізді  қайғы-мұң  кернеп  тұрған  сәттерде  іштей,  бірнеше  рет  зейін  салып  оқысаңыз, 

көңіліңізге  қуаныш,  жүрегіңізге  тыныштық  орнайды.  Дұға  төмендегінше:  «Хасбуналлаһу, 

сайуғтиналлаһу мин фадлиһи, иннә илаллаһи рағибун!» Мағынасы: «Бізге Алланың өзі жетіп 

асады. Бізге Алла өзінің нығметінен береді. Күмәнсіз, біз Аллаға жалбарынамыз, Алладан ғана 

көмек тілейміз!» 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет