ДАсан қайғы жырау елге ұйтқы, ақылгөй атанған, дуалы ауызды дала философы


Ол халықтың қамын ойлап, ханның өзіне сөзін өткізді, теріс қылығын бетіне басты



бет7/8
Дата03.12.2023
өлшемі178,41 Kb.
#133112
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Ол халықтың қамын ойлап, ханның өзіне сөзін өткізді, теріс қылығын бетіне басты. Асан қайғының өзіндік азаматтық ұстанымын жүзеге асыруға тырысып, Қазақ мемлекеттігінің қалыптасуы үшін қызмет етуі жəне сөйтіп өзінің интеллигенция, элита өкілі ретіндегі міндеті оның жеке бас мүддесін ойламай, басты орынға халықты қоюынан анық көрініс тапқан. Ханның кеңесшісі болған Асан Ата ен даланы елсіз қалдырмау үшін, көшпелі елден мемлекет, біртұтас держава құру үшін, хан мен халық арасындағы мəмілегер, саясаткер ретінде жаңа мемлекетті өз қолымен құруға атсалысты. Желмаясымен жер шолып, қазақ елінің мемлекеттік шекарасын айқындап, даланың əрбір түкпіріне географиялық сипаттама берді. Оның «Жерұйық» идеясы – тұтас бір стратегиялық бағдарлама, əлеуметтік саясат, үйлесімді, тұрақты дамудың баламасы, əділетті заң үстемдік құрған кемел елдің бейнесі.
Асан қайғы экологиялық мақсатта да жақсы ойлар туындатты. Ол сөз əлеміне де өз өрнегін салды. Ұлы жырау шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мəселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады. Асан қайғының шығармаларын жинап, зерттеумен Ш. Уəлиханов, Г.П. Потанин, М.Ж. Көпеев, С. Сейфуллин, М. Əуезов, тағы басқалар айналысты. Жыраудың ақындық мұрасын бастыру ХІХ ғасырдың соңында басталды.
Асан Ата халық қамын ойлаған ақылгөй, көреген ғана емес, сонымен бірге дəулескер күйші де болған. Көптеген күйлердің аты мен аңыз əңгімесі де əлі күнге дейін айтылады. Өкініштісі, бүгінгі күнге дейін «Ел айрылған», «Асан қайғы», «Желмаяның жүрісі», «Зар» сияқты санаулы күйлері ғана жеткен.
Қорыта айтқанда, Асан Атаның Қазақ хандығы тұсындағы барлық іс-əрекеті, қабілеті, кемеңгерлігі оны қазақтың алғашқы интеллигенттерінің бірі, рухани элита өкілі деп санауға негіз береді. Сондықтан да Қазақ халқы ғасырлар бойы тарихи сатыларында Асан қайғы есімін үстемдікке, озбырлыққа, əділетсіздікке қарсы ұстанған ізгілік символына айналдырды.
Əдебиеттер тізімі

  1. Сүйіншəлиев Х. Қазақ əдебиетінің тарихы: оқулық. — Алматы: Санат, — 928 б.

  2. Нысаналин А. Асан қайғы: ақиқат пен аңыз // Түркістан. — 2014. — 1 мамыр. — 10-б.

  3. Қазақ халқының тарихи тұлғалары: Қысқаша анықтамалық. — 1-кіт. — Алматы: Өнер, — 304 б.

  4. Əбілқайырқызы Ə. Дала данышпаны // Қазақ. — 2012. — № 43 (609). — 26 қазан. — 8-б.

  5. Кішібеков Д. Кесене кімдікі? // Егемен Қазақстан. — 2007. — 29 тамыз. — 5 б.

  6. Сарай Ə. Ноғайлының рухани өмірі // Егемен Қазақстан. — 2010 ж. — 17 ақп. — 5 б.

  7. Тоқмырзина Г. Қорғанша – Асан қайғы мекені // Қазақ тарихы. — 2006. — № 6. — 121,122-б.

  8. Мағауин М. Қазақ хандығы дəуіріндегі əдебиет: Оқулық. — Алматы: Ана тілі, 1992. — 176 б.

  9. Қазақстан тарихы: энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: Аруна , 2006. — 768 б.

  10. Бес ғасыр жырлайды: ХV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. —Үш томдық. І-т. / Құраст. М. Мағауин, М. Байділдаев. — Алматы: Жазушы, 1984. — 256 б.

  11. Боранбай Ж. Ұлттық идеяның ұйтқысы — Асан қайғы // Ақиқат. — 2012. — № 12. — 55–61-б.

  12. Баян Б. Асан қайғы толғауларындағы Жəнібек хан бейнесі // Жұлдыз. — — № 10. — 193–200-б.

  13. Мырзахметов М. Отаршылдық дəуірдегі əдебиет. (Қазақ əдебиеті тарихын дəуірлеу мəселесі) // Жұлдыз. — 1993. —№ 7. — 181–192-б.

  14. Ақыпбекұлы Ө. Ұлы даладағы низамдық бастаулар // Егемен Қазақстан. — — 7 шілде. — 4 б.

  15. Мамиева Б. О. Асан қайғы туралы аңыздар: оқу құралы. — Қостанай: «ШАПАҚ» ЖШС, 2009. — 118 б. 16 Асан би // Айқап. — 2013. — № 2 (93). — 108–112-б.

  16. Кенжалы Т. Асан қайғы. — Алматы: Дайк-Пресс, 2006. — 284 б.

  17. Қасенов М. Асан қайғы – Дала философы // Қазақ тарихы. — 2007. — № 1. — 33–39-б.



  18. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет