ДАсан қайғы жырау елге ұйтқы, ақылгөй атанған, дуалы ауызды дала философы



бет5/8
Дата03.12.2023
өлшемі178,41 Kb.
#133112
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Айсылдың ұлы Əмет тұрғанда Мығалы байдың ұлына, Бұқасын баққан құлына, Тастемірдей жаманға, Қарындасын беруге ұсар ма? 
Асан қайғының Жəнібек ханға осы келуі екі тұлғаның арасындағы соңғы кездесу болғандығын аңғару қиын емес.
Асан Атаның ақындық ойы мен жыраулық философиясы
Асан қайғының философиялық дүниетанымы үш бағытқа бөлінеді [21; 95].
Біріншіден, этикалық дүниетаным – ұлы жыраудың философиялық ойларының өзегін құрайды. Адам, адамшылықтың басты қасиеттері, олардың мəні мен сипаты жоғары имандылық деңгейінде қарастырылған. Поэтикалық формамен берілген этикалық ұғымдар, түсініктер, қағидалар Шығыс өркениетіне тəн ерекшеліктермен сабақтастық тауып, адамгершіліктің алуан қырлы болмысын айқындайды.
Екіншіден, поэтикалық зерде мен философияның қазақ дүниетанымында егіз ұғым екенін жырау өз толғаулары арқылы толық дəлелдеп берді. Адам өмірінің мəні, мақсаты, өлімнің растығы, қоршаған дүниені тану мəселелері Асан қайғы философиясының басты бағыттары.
Үшіншіден, Асан жыраудың гуманизмі, адамға деген сүйіспеншілігі тарихи сана арқылы түркі халықтарының жадында сақталған. Ноғай, өзбек, түркімен, қырғыз, қарақалпақ халықтары арасында Асан қайғы есімі ерекше ілтипатпен аталып, құрмет тұтылады.
Асан айтқан нақыл сөз, Асан айтқан толғаулар, жырлар өте көп болған. Бізге соның кейбір жұқаналары ғана жеткен. Аздығына қарамай данагөй ақынның жырлары мен толғаулары мынадай танымдық құдіреттілігімен ерекшеленеді:

  1. Ел мүдддесі мен жұрт қамын өз міндетім деп санаған жыраулар қашанда өмір шындығынан ой түюге, жинақтаулар жасауға бейім. Мұнда қоғамдық мəні бар ірі мəселелермен қатар, адамдар арасындағы əр алуан қарым-қатынастар мен солар туралы сын-бағалары да қоса айтылады. Мəселен, адамгершілік пен зұлымдық, байлық пен кедейлік, достық пен жаулық, адалдық пен опасыздық, əділдік пен жауыздық, білімділік пен надандық, ізеттілік пен əдепсіздік секілді аса күрделі мəселелер жан-жақты сөз болып сарапталады.

Бұл мəселелерге кезінде Асан қайғы үлкен мəн берген. Жыраудың бұл топтағы жырлары мəселені көбіне-көп тұжырымды пікірлермен нақтылай отырып, мақал-мəтел іспеттес етіп құрады. Сондықтан бұл тұжырымдар дəлелдеуді көп қажет етпейді. Айталық, оның «Əділдіктің белгісі» деп аталатын мына бір жырына назар салып көрелік [22; 272]:
Əділдіктің белгісі — Біле тұра бұрмаса. Ақылдының белгісі — Өткен істі қумаса. Жамандардың белгісі — Жауға қарсы тұрмаса. Зұлымдардың белгісі — Бейбіттің малын ұрласа. Надандардың белгісі — Білгеннің тілін алмаса.
Шамаңша шалқып көре бер, Қабірге əзір қоймаса.
Артыңда қалған атақ жоқ, Тіріде даңқың болмаса.

  1. Асан Қайғы — қазақ дербес əдебиетінің алғашқы қалаушысы. Ол өз толғауларында адам табиғатын, мінез ерекшеліктерін, моральдық, этикалық қағидаларды аңғартады [10; 27, 28]:

Есті көрсең кем деме, Бəрі тұйғын табылмас. Қарындасың жамандап, Өзіңе туған табылмас. Адам əзіз айтар деп Көңіліңді салмағыл.
Нəпсі алдаушы дұшпанның Насихатын алмағыл.
Бақыты оянған ерлердің Əрбір ісі оң болар.
Дəулеті күнге артылып, Не қылса да, мол болар.

  1. Ел қамын көп ойлаған Асан қайғы өзінің толғау-жырауларында не жақсы, не жаман, не ғарып деген мəселелер төңірегінде ой толғап, замана жайында философиялық пікірлерін сарапқа салған. Жырау халық мақалдарында айтылатын біраз ой-пікірлерді термелей келе [10; 27]:

Бұл заманда не ғаріп? Ақ қалалы боз ғаріп, Жақсыларға айтпаған Асыл шырын сөз ғаріп; Замандасы болмаса,
Қариялар болар тез ғаріп; Қадірін жеңге білмесе, Бойға жеткен қыз ғаріп; Ел жағалай қонбаса, Бетегелі бел ғаріп,
Қаз-үйрегі болмаса, Айдын-шалқар көл ғаріп; Мүритін тауып алмаса, Азғын болса пір ғаріп.
Ата жұрты бұқара Өз қолында болмаса, Қанша жақсы болса да, Қайратты туған ер ғаріп, — деп ел басқарар көсемнің əділ болуын, қол бастаған батырдың соңынан ертер сарбазы – қалың қолы –халқы болуын қалаған.

  1. Асан қайғының толғаулары Отанды сүюге, ізгі амал жасауға, жамандықтан сақтанып, бақытты өмір сүруге үндейді. Мəселен, мына бір толғауында жырау бабамыз өткінші дүниелік істерге бола ұрысып, таласпауға шақырады [10; 29]:

Өлетұғын тай үшін, Көшетұғын сай үшін, Желке терің құрысып, Əркімменен ұрыспа. 
Ашу-дұспан, артынан Түсіп кетсең қайтесің Түбі терең қуысқа!..
Расында да, кейде болмашы нəрсе үшін адам баласы пенделікке ұрынады, дүниелік істерге таласып, абыройсыздыққа душар болады. Ал Асан қайғы бəріне парасат биігінен қарауға үндейді.

  1. Асан сөздері өсиет, нақыл түрінде көп кездеседі. Мəселен [10; 29]:

Ақың болса біреуде Айыбын тап та ала бер, Ерегесіп ұрыспа.
Сенікі жөн болса да Атың шықпас дұрысқа. Мінезі жаман адамға Енді қайтіп жуыспа, Тəуір көрер кісіңмен Жалған айтып суыспа...
«Ашуға ақылды жеңгіз, көпшіл бол» деген өнегелі өсиеттің бүгінгі күнге дейін жастар үшін мəн- мағынасы жойылмаған дидактикалық қасиеті күшті кеңес екені даусыз.

  1. Ел қорғаушы азаматтың бойында қандай адамгершілік қасиеттің болуын қалаған Асан қайғы

[10; 28–29]:
Еділ бол да, Жайық бол, Ешкімменен ұрыспа, Жолдасыңа жау тисе, Жаныңды аяп тұрыспа. Ердің құны болса да, Алдыңа келіп қалған соң, Қол қусырып барған соң, Аса кеш те қоя бер, Бұрынғыны қуыспа, —
деп, көпшіл бол, кешірімді бол, достықты бағалай біл деген үгіт-насихат айтады.

  1. Асан қайғы толғауларында үлгі-өсиеттік, насихаттық, тағылымдық ойларға ерекше мəн беріледі. Мұның бəрі айтылар ойдың ұтымдығы мен əсерлігіне орай қайталаулар (рефрен) мен дыбыс үндестігіне (ассонанс) құрылып отырады. Мəселен [10; 28]:

Көлде жүрген қоңыр қаз Қыр қадірін не білсін, Қырда жүрге дуадақ
Су қадірін не білсін! Ауылдағы жамандар Ел қадірін не білсін! Көшіп-қонып көрмеген Жер қадірін не білсін! Көшсе, қона білмеген, Қонса, көше білмеген, Ақылыңа көнбеген Жұрт қадірін не білсін!

  1. Жырау сөздерінің дені [10; 26]:

Құйрығы жоқ, жалы жоқ —
Құлан қайтіп күн көрер?! Аяғы жоқ, қолы жоқ — Жылан қайтіп күн көрер?! Шыбын шықса жаз болып, Таздар қайтіп күн көрер?! Жалаң аяқ балапан,
Қаздар қайтіп күн көрер?!» — іспеттес нақыл, толғау түрінде келсе керек. Бұл жолдардан адам тағдыры ғана емес, жан иесі мақұлықтардың бəрінің тіршілігі толғантқан, көне заманда өмір сүрген көне философ-гуманистердің типіндегі ойшыл Асан танылады.

  1. Белгілі əдебиетші-ғалым Х. Сүйіншəлиев жазғандай [1; 255], Асанның нысапсыз дүниеқорлар мен қорқақ-ездер туралы айтқан сөзі деген бір ұзақ толғауды 1940 ж. Толыбаев Мұқамбетəлі тапсырыпты. Бұл толғауда Асанға лайық жолдар бар [10; 28]:

Арғымаққа міндім деп Артқы топтан адаспа, Күнінде өзім болдым деп, Кең пейілге таласпа, Артық үшін айтысып Достарыңмен санаспа.
Ғылымым жұрттан асты деп, Кеңессіз сөз бастама.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет