Дастандар


жыл. МАРИЯМ ЖАГОР ҚЫЗЫ



бет5/41
Дата27.11.2022
өлшемі1,43 Mb.
#52906
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
1940 жыл.


МАРИЯМ ЖАГОР ҚЫЗЫ


Махаббат пен достықтың бұл дастанына каламымды козғаушы,
Қазақ ССР-нің искусствоға еңбегі сіңген қайраткері – Мария
Егоровна Рекинаға.


АРНАУ

Өзіңнің өрен жырың бұл тағы да,


Ыршыған бұлт астында бұрқануға,
Бұл жырым жүрегіңдей таза сенің,
Ешкімнің бұрылмаған бұлтаңына.

Бұл сенен қызықты боп қалған аңыз,


Сазына сол жырыңның таң қаламыз.
Тебіренсе даламызда «Дударайың»,
Бар қазақ тербелеміз, толғанамыз.

Жырлаймын сен сақтаған махаббатты,


(Ежелден ғашық жыры маған тәтті).
Достықтың таңда соққан самалындай,
Жырла деп «Дударайың» дабыл қақты.

Жүруші ем, жастан сол бір қалап үнді,


Қозғадым құштарланып қаламымды.
Сүйікті сенің атың, наз даусықа,
Мүлгиді тербетіліп дала күллі!

Осы жыр жалындаған жас жаныңнан,


Орыстың жұлдыз болып аспанынан,
Шек бар ма достық пенен махаббатқа,
Кім соны іздеп жүрген дастанымнан?

Әніңе түнді жарып бізге жеткен


Қосылдым сырыңды ұққан қыз, жігітпен.
Мұң сазы жалындатқан жас қазақты,
Кем бе екен Марияшым Қыз Жібектен?

Мәңгі жас махаббаттың жыр лебінде,


Құмар ем, қалды даусың жүрегімде.
Жыршынның кім ауызын қақпалаған,
Ғашықтың қажетсіз деп жыры өмірге?
Жырлап ем, дос жүректің сырын аңсап,
Жазылса жырларымның жолы жаңсақ,
Өзің кеш, Марияшым, өзің түзе,
Ақ ниет бұл жырымды көтер ән сап!
Жырымның сенікі ғой шын атағы,
Елеме бос күбірді, шырқа тағы,
Сыншым да сырлас болды саған бүгін,
Өзінше «Дударайды» шырқатады...

«Мариям Жагор деген орыс қызы,


Он жеті – он сегізге келген кезі,
Қазаққа Дудар деген ғашық болып,
Сондағы Мариямның айтқан сөзі...

Дударари-дудым,


Сенің үшін тудым,
Шіркін-ай,
Дударари-дудым!..»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет