Республикалық білім мекемелері оқушыларының арасында Ж. Жабаевқа арналған “Жыр алыбы – Жамбыл” тақырыбындағы республикалық жас ақындар айтысын өткізудің



Pdf көрінісі
Дата11.01.2017
өлшемі94,24 Kb.
#1635

                                                                                    

Республикалық білім мекемелері оқушыларының арасында 

Ж.Жабаевқа арналған “Жыр алыбы – Жамбыл” тақырыбындағы 

республикалық жас ақындар айтысын өткізудің 

 

ЕРЕЖЕСІ 

 

1. Жалпы ережелер 

1.1. 2014 жылдың 26-28 ақпан күндері Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы Мәдениет 

үйінде  облыстың білім мекемелері оқушыларының арасында өтетін Ж.Жабаевқа арналған 

«Жыр  алыбы  –  Жамбыл»  тақырыбындағы  республикалық    ақындар  айтысының 

құрылтайшылары  облыстық  білім  басқармасы,  аудандық,  қалалық  білім  бөлімдері  мен 

басқармалары,  жергілікті  жерлердегі  білім  мекемелері  болып  табылады.  Сонымен  қатар, 

бұл шараны бірлесіп өткізу үшін мәдениет басқармасы тартылады. 

1.2.Осы  ережелер  республикалық  білім  мекемелері  оқушыларының  арасында  өтетін 

Ж.Жабаевқа  арналған  «Жыр  алыбы  –  Жамбыл»  тақырыбындағы  республикалық  жас 

ақындар айтысының мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды. 

1.3.Республикалық  білім  мекемелері  оқушыларының  арасында  өтетін  Ж.Жабаевқа 

арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» тақырыбындағы  жас ақындар айтысының мақсаттары 

мен міндеттері: 

-

 



республикалық  оқу орындары оқушылары арасында Ж.Жабаевтың шығармаларын 

насихаттау; 

-

 

республикалық  жалпы  білім  беретін  оқу  орындарының  оқушыларының  суырып 



салмалық қабілеттерін, тума талант, табиғи дарындарын анықтау; 

-

 



оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, ауыз әдебиетінің рөлін, өлең 

сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету; 

-

 

айтыскер  жас  ақындарға  әлеуметтік-рухани  қолдау  көрсетіп,  олармен 



шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру. 

-

 



осы байқауға сәйкес жыр-терме айту үрдісін жаңғырту; 

-

 



онда тек Жетісу өңірінің ән-мақалалары болуы шарт. 

 

II. Айтыстың шарттары 

2.1.Айтысқа  қатысатын  оқушы  поэзияны  сүйетін,  оны  тақырыбына  сай  талдай  білетін, 

“өлең  –  сөздің  патшасы”  екендігін  жанымен  түсіне  білетін,  өз  ойын  жан-жақты  жеткізе 

алатын суырып салмалық қабілеті бар болуы шарт. 

2.2. Республикалық айтысқа қатысушы облыстық айтыстың жеңімпаздары болуы керек. 

2.3.


 

Айтысқа қатысушы жыр дүлдүлі Ж.Жабаев туралы 2 шумақтан 5 шумаққа дейін өзі 

шығарған өлеңді, тапсырыспен қоса ұйымдастыру комитетіне алдын алу өткізуі шарт. 

2.4.


 

Айтысқа қатысушы үміткер ел-жер тарихы, қоғам қайраткерлері, тіл мәселесі, ауыл 

проблемасы,  оқу  мен  тәрбие  жайы,  жастар  болашағы,  қоғамдағы  қазіргі  жағдайлар 

туралы,  сондай-ақ,  Жамбыл  Жабаевтың  шығармашылығынан  және  оның  айналасындағы 

ақын-жыраулар  поэзиясынан  хабардар  болып,  қарсыласына  қолма-қол  жауап  бере 

алатындай болуы шарт. Әр жұптың айтысы 20 минуттан аспауы керек. 

 

Айтысқа  13-17  жас  аралығындағы  талапкерлер  қатыса  алады.



 

Әрбір  аудандық 

(қалалық), облыстық білім мекемелері  жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасынан 

республикалық айтысқа 1(бір) кандидатурадан ұсынады. Ал таланттылар шығып жатса, 

ұйымдастыру комитетінің рұқсатымен қатысушылардың санын анықтауға болады.  

 

Қатысушының  аты-  жөні,  облысы,  ауданы  (қаласы),  мектебі,  сыныбы,  бүркеншік  аты, 



жетекшісінің аты- жөні, телефоны туралы толық мәліметі бар тапсырысты облыстық білім 

басқармасына  (  байланыс  телефоны  т/ф    (87282)  27-38-45,  27-10-63)  жіберулері  керек. 



Алдыңғы «Жыр алыбы- Жамбыл» айтысының жеңімпаздары бұл байқауға қатыса 

алмайды.  

2.5.


 

Айтыстың  бірінші  кезеңін  өткізудің  нақты  мерзімін  тиісті  білім  бөлімдері  мен 

мекеме басшылары белгілейді. 

2.6.


 

Айтыстың екінші – республикалық кезеңі 2014 жылдың 26-28 ақпан күндері  



Жамбыл  ауданы  Ұзынағаш  ауылындағы  Мәдениет  үйінде  өтеді.  Айтысқа 

қатысатындар  Жамбыл  ауданы  Ұзынағаш  ауылындағы  Рысқұлов  атындағы  орта  мектеп 

жанындағы    мектеп-  интернатқа  орналасады.  Мекен-жайы:  Сүйінбай  көшесі,  27  –  үй.

 

Айтысқа  қатысатын  оқушылардың  дәрігерлік  (эпидокружение)  анықтамасы  міндетті 



түрде болуы керек. 

III. Қаржыландыру 

 

3.1.  Айтыстың  бастапқы  кезеңі  –  іріктеу  турын  өткізуді  қаржыландыруды  тиісті  білім 

органдары жүзеге асырады. 

3.2.  Айтысқа  қатысушылардың  жолда  жүруге  байланысты  шығындарын,  орналастыруын 

жіберіп отырған мекеме көтереді. 

3.3.  Айтысқа  қатысушыларды  тамақтандыру,  марапаттауға  және  жүлделері  мен  кеңсе 

заттарын  сатып  алуға,  залды  безендіруге  байланысты  шығындарды  облыстық  білім 

басқармасы көтереді. 

 

IV. Жұмыс органдары 

 

4.1.  Республикалық    білім  мекемелері  оқушыларының  арасында  өтетін  Ж.Жабаевқа 

арналған “Жыр алыбы – Жамбыл” тақырыбындағы  жас ақындар айтысын дайындау және 

өткізу  жөніндегі  ұйымдастыру  жұмыстарын  жүзеге  асыру  және  үйлестіру  мақсатында 

облыстық білім басқармасының бұйрығымен ұйымдастыру комитеті құрылады. 

4.2.  Ұйымдастыру  комитетінің  құрамына  облыстық  білім  басқармасы  мен  облыстық 

мекемелердің қызметкерлері, жергілікті басқару органдары, тиісті қалалық білім бөлімінің 

жетекшілері енгізіледі. 

    4.3.  Республикалық  білім  мекемелері  оқушыларының  арасында  өтетін  Ж.Жабаевқа 

арналған  “Жыр  алыбы  –  Жамбыл”  тақырыбындағы    жас  ақындар  айтысын  өткізудің 

ұйымдастыру комитеті: 

-

 



Республикалық  мектеп  оқушыларының  арасындағы  жас  ақындар  айтысын  өткізудің 

жалпы тәртібін белгілейді

-

 

тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады; 



-

 

Республикалық  мектеп  оқушыларының  арасындағы  жас  ақындар  айтысының 



қорытындысына талдау жасайды және жинақтап қорытады; 

-

 



Республикалық    мектеп  оқушыларының  арасындағы  жас  ақындар  айтысының 

қорытындысы туралы баспасөзге жариялайды. 

4.4. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы – облыстық білім басқармасының бастығы. 

 

V. Қазылар алқасы 

 

5.1.  Республикалық    білім  мекемелері  оқушыларының  арасында  өтетін  Ж.Жабаевқа 



арналған  “Жыр  алыбы  –  Жамбыл”  тақырыбындағы    жас  ақындар  айтысының  қазылар 

алқасының құрамы төрағадан, хатшыдан және 3-5 алқа мүшелерінен тұрады. 

5.2. Қазылар алқасының құрамын  ұйымдастыру комитетінің ұсынуы бойынша облыстық 

білім басқармасының бастығы бекітеді. 

5.3. Қазылар алқасы: 

- айтыскердің өлеңді ұйқастыру қабілетіне, суырып салмалық қасиетіне және тақырыптан 

ауытқымай айтысуына, сахнада өзін- өзі ұстау шеберлігіне, киім киісіне талдау жасайды. 

Әр айтыскерді 10 баллдық жүйемен бағалайды; 



- қатысушылардың өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және қажет болған 

жағдайда тиісті түзетулер енгізеді

-     жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі; 

-  республикалық мектеп оқушылары арасындағы жас ақындар айтысының қорытындысы 

бойынша облыстық білім басқармасына  есеп береді. 

 

VI. Жүлдегерлерді  марапаттау 

 

 6.1.  Республикалық    білім  мекемелері  оқушыларының  арасында  өтетін  Ж.Жабаевқа 

арналған  “Жыр  алыбы  –  Жамбыл”  тақырыбындағы    жас  ақындар  айтысының  ашылуы 

және қорытындылап жабылуы, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтеді. 

6.2.  1-кезеңдегі  жас  ақындар  айтысының  жеңімпаздары  тиісті  білім  мекемелерінің 

дипломдарымен,  ынталандыру  грамоталарымен  және  ескерткіш  сыйлықтармен 

марапатталады. 

6.3.  Республикалық  айтыстың  жүлдегерлері  қазылар  алқасының  шешімі  бойынша 

облыстық  білім  басқармасының  I,  II,  III  дәрежелі  дипломдарымен,  ынталандыру 

грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. 

6.4. Республикалық айтыста 9 жүлделі орын белгіленеді: Бір – бас жүлде, екі - I орын, үш 

– I I орын, үш –  ІII орын.       

                                                                       

 

 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет