Деңгей Коллоидты химияны ғылым ретінде сипаттап жазыңыз


Адсорбция процесінің термодинамикасын сипаттап жазыңыз



бет11/30
Дата12.05.2023
өлшемі111,42 Kb.
#92628
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30
20.Адсорбция процесінің термодинамикасын сипаттап жазыңыз.
Термодинамиканың екiншi заңына сәйкес бос энергия қоры бар системалар сияқты заттардың жанасу шегiнде де бос энергия қоры болғандықтан, ол өздiгiнен осы энергияны азайтуға ұмтылады. Бұл адсорбция және басқа да физикалық құбылыстардың жүруiне тiкелей не жанама ықпал етедi екен. Адсорбция дегенiмiз eкi фазаның жанасу шегiндегi заттар концентрациясының өздiгiнен өзгеруi немесе әдетте бiреуi қатты зат болып келетiн eкi фазаның жанасу шегiндегi беткi қабатта бiр фаза концентрациясының жоғарылауы. Қалыптасқан терминологияға сәйкес бетiне басқа зат жинақталатынды - адсорбент, жинақталушыны – адсорбтив немесе адсорбат дейдi.
Адсорбция құбылысын түсіндіруге арналған бірнеше теория бар. Олардың бірі – физикалық теория. Бұл теорияға орай, адсорбция күш табиғаты молекулааралық күштердің пайда болуына сәйкес келеді. Ал енді химиялық теорияға жүгінсек, адсорбция жүретін беттегі орналасқан молекулаларда болатын қанықпаған, яғни бос валенттілік есебінен химиялық күш туындайды және ол күш салдарынан байланыс құралып, адсобция жүреді. Молекула қозғалмалы фазамен жылжи отырып, тұрақты фазаға сорбцияланады, сөйтіп, бөліну бірнеше рет жүреді.
Бөліну бетінің мәні неғұрлым үлкен болса, бөлінудің эффективтілігі согұрлым жоғары болады. 


21.Капиллярлық конденсация туралы жазыңыз.
Капилляр (жiңiшке түтiкше) конденсациялы сорбциялық процестер деп аталатын құбылыстың негiзгi мәні тек сiңiруде ғана емес, мысалы, активтi көмiрдiң өз бойына газдар мен буларды сiңiретiнi сияқты, жеңiлдетiлген қатты қуыс сорбенттердiң өз бойына конденсациялануымен де ерекше мәнде болады. Капиллярлы конденсация ең әуелi оңай да жеңiл қысылатын (сығылатын) газдарда жиi кездеседi.
Капиллярлық конденсация дегенiмiз қатты дене (сорбент) қуысында бу сияқты заттардың (сорбтивтердiң) конденсациялануы. Конденсация құбылысы температураға, бу серпiмдiлiгiне, капилляр диаметрiне, қатты сорбенттiң беткi қабатынын. өзiне сұйық күйдегi сорбтивтi жұқтыру қабiлетiне байланысты. Ондағы капилляр түтігі жiңiшке болған сайын жане олардың қабырғасы сұйық күйдегi сорбтивтi өзiне жақсы жұқтырғанда да конденса­циялану тезiрек жүредi.


2-деңгей
1.Коллоидты мицелланың құрылысын түсіндіріңіз.
Коллоидты БАЗ ерітінділері өз бетінше түзіледі, аз ғана концентрацияда олар молекулярлы болады, яғни жеке молекулаларға ажырау арқылы шын ерітінділер түзіледі. Бірақ концентрацияның өсуімен бұндай дифильді заттардың молекулаларының екі жақты қасиеті олардың ерітіндіде өздігінен ассоциациялануына әкеп соғады, осының нәтижесінде мицелла түзіледі.Мицеллалар агрегация санымен (мицелладағы молекула санымен ) және мицелла массасымен (мицелла түзетін молекуланың молекулалық массасының қосындысымен) сипатталады.Мицеллалардың түзілуі тар аумақтан асатын концентрацияда мономерлердің өзара бірлесу байланысынан болады. Бұл концентрация мицеллотүзілудің критикалық концентрациясы деп аталады (МТКК). МТКК-бұл БАЗ концентрациясы, бұл концентрацияда БАЗ ерітіндісінде молекулалармен термодинамикалық тепе-теңдікте болатын мицеллалардың көп мөлшері пайда болады және ерітінділердің қасиеттерін күрт өзгертеді.Бұл күрт өзгеру МТКК аймағындағы иілгіш тізбектегі жүйелер үшін ұсақ бөлшектерге қарағанда тұрақты көп мономерлерден тұратын агрегат жасайтын өзіндік ассоциация процесінің бірігуімен айқындалады. Мицелла түзілуінің термодинамикалық қозғаушы күші болып гидрофобты өзара әрекеттесу табылады: дифильді молекуланың көмірсутектік бөлігі тізбектің сумен байланысын (әрекеттесуін) мүмкіндігінше болдырмау үшін сулы ортадан итеріліп шығады. Мицелла түзілу процесі қайтымды: МТКК-сынан аз концентрацияға дейін сұйылту коллоидты ерітіндіні шын ерітінді күйге айналдырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет