Дегеніміз шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге айналу үрдісіне бағытталған жеке еңбек үрдістерінің жиынтығын көрсетеді



бет11/18
Дата06.12.2022
өлшемі57,32 Kb.
#55164
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
2.2. Кәсіпорын және бәсекелестік орта
Нарықтық экономиканың басты факторы болып бәсеке саналады және оның айқын көрінісіне бәсекелестік жатады. Ол-бұл нарықтағы бірдей тауар өндірушілерді жоғары табыс табу үшін тұтынушылардың неғұрлым көп санын тартудағы экономикалық бақталас сайысы.
Бәсекелестік-нарықтық жүйедегі бақылаудың басты әдісі. Сұраныс пен ұсыныстың нарықтық механизм ретінде тұтынушылар қалауын өндіруші-кәсіпорындарға, ал ол арқылы ресурстармен жабдықтаушыларға жеткізеді.
Бәсекелестік өндірістің кеңеюіне және бағаның өндіріс шығындарына сәйкес деңгейге дейін төмендеуіне себеп болады. Бәсекелестіктің экономика
мен оның тиімділігіне әсері мұнымен шектеле қоймайды. Бәсекелестік кәсіпорындарды ғылыми-техникалық жетістіктермен толығуына, инновациялық техника және технология, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін қолдануға итермелейді.
Бәсекелестікке кері ұғым – монополия. Монополия жағдайында нарықта тек бір сатушы және көптеген тұтынушылар қалыптасып, берілген тауардың тек жалғыз өндірушісі болуынан тауарға монополды жоғары баға тағайындау мүмкіндігіне ие болады. Соның нәтижесінде тауарларды сатып алатындар саны салыстьырмалы түрде азаяды да, мұндай тауар үшін көбірек төлеу қажеттілігі туады.
Классикалық экономикада (Адам Смит теориясында) «көрінбейтін қол» термині бар. Оның мазмұнына бұл өз табысын көбейтуді көздейтін және шиеленіскен бәсекелестік ортада қызмет ететін өндіруші кәсіпорындар және ресурстармен жабдықтаушыларды «көрінбейтін қолмен» бағыттап, сонымен қатар мемлекет және қоғамның мүдделерін де қатар қорғап отырады. Бәселекелтік ортада кәсіпорындар берілген өнім көлемін өндіру үшін ресурстардың ең тиімдісін пайдалануға тырысады. Нәтижесінде «көрінбейтін қол» тұжырымдамасы кәсіпорындардың табысын арттыруға, өнім көлемін көбейтуге ықпалын тигізеді.
2.3. Кәсіпорынның маркетингтік қызметін ұйымдастыру
Маркетинг теориясы нарықтың тауарлармен толысуынан және өнім өткізуде болған әр түрлі қарама-қайшылықтарға байланысты пайда болды және дами бастайды. Сондықтан да бұл пәнді АҚШ-тың көптеген университеттерінде оқыта бастайды. Ал 50-ші жылдың басында маркетинг жұмыстарының тәжірибелік нәтижелерінің негізінде алғашқы маркетингтің қағидалары анықталды да осы уақыттан бастап, «маркетинг дәуірі» басталды. Дүниежүзілік әдебиеттерде 200-ден астам маркетингтің анықтамалары берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет